Орал қаласының 2022 жылғы ҚАҢТАР- МАУСЫМ айларына әлеуметтік-экономикалық даму

 

 

Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ

 

ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ

 

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

 

АНЫҚТАМАЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар-маусым

2022 жыл

 

 

 

 

 

 

ӨНЕРКӘСІП

Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

 млрд. теңге

 

 

Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің  құрылымы

 

 

 

 

 

                                                       ӨНЕРКӘСІП

 

2022 жылдың қаңтар-маусым айына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 11508,4 млн.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 108,5% құрады, оның ішінде:

тау-кен өндірісі – 1190,7 млн.теңге, индекс 3013,9%;

өңдеу саласында-75271,5 млн.тенге, 111,6%;

электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында - 31203,9 млн.теңге, 97,9%;

 сумен қамту,кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 3842,2 млн.теңге, 116,1%.

Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі 66%.

Былтырғы жылмен салыстырғанда, келесі салаларда өндіріс көлемінің өсуі байқалады: металлургия өнеркәсібінде 51%-ке, машина жасау 31%, резеңке және пластмасса бұйымдарды өндіру -12%, жиһаз-91%, жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту-14%, киім өндіру 2,5 есе.

Ал келесі салаларда төмендеген: сусындар өндіру- 12%, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру-10,2% және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру-26,8%-ке.

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі  31204 млн.теңгені құрап, ол былтырғы жылдың индексінен 97,9% жоғары.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 3842,2 млн.теңге құрады, ол былтырғы жылдың индексінен салыстырғанда 116,1% құрап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

                                                                                                                бас

                                                                                        

     

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

Қаланың  аграрлық секторында 56 ауыл шаруашылық  құрылымдар  бар, соның ішінде–1 мемлекеттік кәсіпорын (сорт сынау бойынша инспектура), 15 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 33 шаруа қожалығы, 2 ауылшаруашылығы кооперативі. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы  қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

2022 жылдың қаңтар-маусым айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3336,7 млн. теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 100,7%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 486,1 млн. теңгені құрайды, мал шаруашылығы – 2848,2 млн.теңге құрады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, 2022 жылы сүт өндіру–94,5

% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің негізгі үлесін «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

2022 жылдың қаңтар-маусым айында былтырғы 2021 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда  сиыр 3950 бас немесе 85%-ға, қой 6231 бас немесе 20%-ға, жылқы798 бас немесе 43%-ға өскені байқалып отыр.

Сондай-ақ, есепті кезеңге ет өндірісі -91,7%, сүт өндірісі 100,1%, жұмыртқа өндірісі 104,4% құрап отыр.

Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 145,8 мың шаршы метр болатын 5 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӨЛІК

 

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық  тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын  автомобиль көлігі алады.

Орал қаласының қоғамдық көлігі 27 қалалық, 10 саяжай және 6 қала маңындағы бағыттағы маршруттармен қамтылған. Қазіргі таңда  күн сайын тұрғындарға қызмет көрсету үшін 280 ге жуық бірлік техника, яғни автобус желіге шығады.

2021 жылы алынған субсидия негізінде қалалық тасымалдаушылар отандық құрастырылған автобустарды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қозғалыс құрамын жаңарту мақсатында алғашқы жарналарын төлеп жаңадан автобустар сатып алынды.

«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы «Yutong» маркалы отандық құрастырылған үлкен класты 30 жайлы автобусты №22 маршрутқа сатып алды.

«Оралавтотранс» ЖШС – і, отандық құрастырылған 25 автобусты сатып алды: орта класты «Некст вектор» маркалы 15 автобус, №43 қоғамдық көлігіне тұрғындарға қызмет көрсету үшін желіде жүр, сонымен бірге үлкен класты «ЛиАЗ» маркалы 10 автобусты №5 қоғамдық көлігіне сатып алғандығын мәлімдейміз.

«Ақжол-авто» ЖШС-і 2021 жылдың желтоқсан айында отандық құрастырылған 11 орта класты «Вектор Некст» маркалы автобусты №7 маршрутқа сатып алды.

Сонымен қатар, 2022 жылы ақпан айында отандық құрастырылған 13 орта класты «Вектор Некст» маркалы автобусты «Батыс Дилижанс» ЖШС-і сатып алды.

Жалпы қалаішілік жолаушыларды тасымалдайтын автобус құрамы 79 жаңа автобуспен толықтырылды.

Орал қаласының әкімдігі Жол картасы "Smart City" тұжырымдамасы  іске асыруда.

  1. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін автобустарға GPS-треккерлерді енгізу;
  2. Маршруттарды бақылау үшін "INFOBUS" қосымшасын әзірлеу;
  3. SMS BUS электронды билеттеуді енгізу-төлем.

Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде жолаушылар көлігі жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімдерін алу мақсатында, «Аvtobys» бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, көрсетілген жолаушылар тасымалы қызметтерінің санын бақылауды күшейту мақсатында, сондай-ақ жолаушылар тарапынан қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу тәсіліне тартымдылықты арттыру үшін Орал қаласында билеттеудің электрондық жүйесі енгізілуде.

Қазіргі уақытта барлық 27 қалалық маршрутта «Smart Qala» ЖШС компаниясы ұсынған жол жүру төлемін және бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Сондай-ақ, барлық қалалық маршруттарда QR-кодпен төлем енгізілді.

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

 

2022 жылдың 1 шілдесіне қаладағы есепті деректер бойынша 32 476 шағын және орта кәсіпкерлік (әрі қарай-ШОК) субъектісі тіркелген, (соның ішінде 6 977 заңды тұлға, 25 499 жеке кәсіпкерлер). Тіркелген ШОК субъектілері ішінде  28 127(5 075 заңды тұлға, 23 052 жеке кәсіпкер) қолданыста, яғни тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 86,6% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өскен.

2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны  72 054 адамды  құрайды, 2021 жылдың 1 сәуіріне  2,9%-ға өскен.

ШОК субъектілерімен 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында  99 049 млн.теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2021 жылдың осы кезеңіне 116,1% құрайды.

2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ШОК субъектілерінен республикалық бюджетке төленген салық көлемі 23 429,5 млн.теңге, жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 12 844,5 (соның ішінде: қ/б-5124 тыс.теңге; обл/б-7721  тыс.теңге) млн.теңге.

2022 жылдың қаңтар-маусым айында ШОК субъектілеріне 183(30,9га) жер учаскелері  бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 46(6,2га).

Сонымен қатар 197 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сонын ішінде: 1 сауда залы, 4 бала бақша, 8 дүкен, 1 супермаркет, 1 ателье, 1 СҮ, 1 стоматология, 1 дәріхана, 1 кір жуу орны және 1 медициналық орталық бар.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                

САУДА                                           млн. теңге

 

 

 

САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ

 

2022 жылдың қаңтар-маусым айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 148 708,4  млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақты көлем индексі 101,0%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі  37,3% немесе 55 424,7 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 62,7%  немесе 93 283,7 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 159 934,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 88%-ды құрады.

2022 жылдың 1 шілдесіне тауар қорларының көлемі: көтерме саудада –  33 223,7 млн.теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 24 649,3 млн.теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2022 жылдың 1 шілдесіне қалада 66 ірі сауда үйлері, 1806 дүкендер мен дүңгіршектер, 18 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 538 объект, 259 шаштараз,  киім тігу мен жөндеу бойынша 71 ателье, 272 авто шеберхана, 163 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 41 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАР

 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика  бюросының  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің  жалпы   тұтыну   құн индексі 2022 жылдың маусым айында өткен аймен салыстарғанда 101,8%, 2021 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 110,1% құрады,  оның   ішінде  азық-түлік   тауарларына тұтыну құн индексі  102,5% сәйкесінше 115,4% құрап отыр.                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

2022 жылдың сәуірінде облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 10,1%-ға өсті.

2022 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының баға индексі 102,5% құрады. Ет және тауық еті бағасы - 0,6%, май және тоңмай - 1,4%, сүт өнімдері - 1,7%, алкогольді ішімдіктер - 2,7%, алкогольсіз сусындар - 2,9%, балық және теңіз өнімдері - 3,9%, макарон өнімдері - 4,1%, нан өнімдері мен жармалар - 4,2%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 6%,  қант 18,7% өсті. Жұмыртқа бағасы 4% арзандады.

2022 жылғы маусымда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 2% өсті. Фармацевтикалық өнімдері бағалары - 0,6%, жуғыш және тазалағыш құралдары, жеке пайдалануға арналған басқа тауарлар - 1,7%, тұрмыстық бұйымдар, киім және аяқ киім - 1,8%, үй тұрмысына қажетті заттар 5,7% қымбаттады. Бензин бағасы - 0,7%, дизель отыны 0,9% арзандады.

2022 жылғы маусымда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,5% өсті, бұл ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер бағасының - 0,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері - 1,8%, санаторий қызметтері - 2,7%, кабельді теледидар қызметтері - на 4%, сақтандыру - 6,8%, аяқ киім жөндеу 7,1% өсуімен байланысты болды. Әуе жолаушылар көлігі қызметтері 29,3% қымбаттады.

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ

                                                                                                                 млн. теңге

9

 

 

 

ИНВЕСТИЦИЯ

Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 36009,4 млн. теңгені құрап, былтырғы жылға 96,6% құрап отыр.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 2149,9 млн. теңге (2021 жыл-851,1 млн теңге).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 1744,7 млн. теңге              (2021 жыл-3513,2 млн теңге).

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 83% тиесілі немесе 30181,8 млн. теңге(2021 жыл-26863,5 млн теңге).

Банктердің кредиттері мен займдары есебінен инвестициялар 1339,2 млн. теңге құрады(2021 жыл-2349,9 млн теңге).

Қаланың негізгі капиталға тартылған инвестицияның құрамы келесідей:

ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары -77% немесе 27692,2 млн. теңге;

машиналар, жабдықтар, құралдар-22% немесе 8029,3 млн теңге;

өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар-1% немесе 287,9 млн теңге;

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі –25991,9 млн.теңге құрады, былтырғы жылға 116,8% құрап отыр.

Жалпы облыстық құрылыс жұмыстарының көлемінде қаланың үлесі 72,3% құрап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 215692 шаршы метр құрайтын 1153 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға 115,9% құрап отыр.

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 14249,8 млн.теңге бағытталды (былтырғы жылға-68,1%) соның ішінде:  жұртшылық есебінен-3537,3 млн.теңге.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 95,1  мың теңге құрады,былтырғы жылға- 111,8%.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ                           млн.теңге

 

БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ

 

2022 жылдың қаңтар-маусым айындағы есеп бойынша мемлекеттік бюджетке қала контингентінен – 69605 млн. теңге түсті, оның ішінде қалалық бюджетке - 10915,3 млн.теңге түсті, бұл жалпы салық базасының 15,7% – ын құрайды.   

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджет кірістерінің өсу қарқыны контингентте – 107,6%, оның ішінде республикалық салықтар бойынша-104% құрады.

          Ағымдағы 2022 жылдың қаңтар-маусым  айындағы есеп бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық 110,3% орындалды немесе жоспар бойынша – 15192,8 млн.теңге, нақты түскені – 16752 млн. теңге.

          Жеке салықтар мен алымдардан (азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен қаражат түсімдерін есептемегенде) түскен кірістер бойынша жоспар 115,2% – ға орындалды немесе жоспар бойынша - 7181,4 млн.теңге, іс жүзінде қала қазынасына – 8272,2 млн. теңге түсті.

          Реттелетін салықтар бойынша жоспар 113,7% – ға орындалды немесе жоспар - 4300,7 млн.теңге, нақты түскені – 4890,5 млн. теңге, оның ішінде корпоративтік салық бойынша жоспар – 107,8%, жеке табыс салығы бойынша- 119,3% , әлеуметтік салық бойынша орындалу-105,3%  құрады.

          Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша жоспар 105,3% орындалды немесе жоспар бойынша - 2393,8 млн.теңге, іс жүзінде қалалық бюджетке-2519,5 млн. теңге түсті.

          2022 жылғы 01.07. жағдай бойынша реттелетін салықтар бойынша түсімдер - 4890,5 млн.теңгені құрады немесе аударымдардың белгіленген нормативтерін ескере отырып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 1626  млн. теңгеге өсті (2021 жылғы қаңтар-маусым - 3264,5 млн. теңге түсті).

2022 жылға реттелетін салықтар бойынша аударымдар нормативі мынадай мөлшерлерде бекітілді, атап айтқанда корпоративтік салық бойынша – 14%, ЖТС бойынша (101201 және 101205) – 17,5%, ЖТС бойынша (101202) – 100% және әлеуметтік салық бойынша - 17,5%, бұрын жұмыс істеп тұрғандарының орнына – 14%, 100% және тиісінше14%.

          Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша 2022 жылғы қаңтар-маусым айындағы түсімдердің өсу қарқыны өткен 2021 жылдың осы кезеңіне қарағанда – 102,3%  құрады.

          01.07.2022 жылғы жағдай бойынша салық берешегінің жалпы сомасы контингентте (республикалық салықтарды ескере отырып) – 2,3 млрд.теңге мөлшерінде қалыптасты, оның ішінде қалалық бюджет бойынша, аударымдарда белгіленген есептеу нормативтері кезінде берешек сомасы – 619 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты.

 

 

 

БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ

 

Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 100% орындалды немесе жоспарланған 12444,1 млн. теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 12442,7 млн. теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 700,9 млн. теңге жоспарланса, одан 700,6 млн. теңге немесе 100 игерілді;

- қорғаныс саласына 31,0 млн теңге жоспарланып, 31,0 млн. теңге немесе 100% орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 73,8 млн теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 73,8 млн.теңге немесе 100% орындалды;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 1994,2 млн. теңге жоспарланып, одан 1993,9 млн. теңге атқарылды, немесе 100%;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 5708 млн. теңгеден 5707,8 млн. теңге орындалды немесе 100%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған
814,6 млн. теңгеден 814,4 млн. теңге орындалды немесе 100%;

-  ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер 20,1 млн. теңге  құрады немесе 100%;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған               43,5 млн. теңгеден 99,3% игеріліп, атқарылған сома 43,2 млн. теңге құрады;

- көлік және коммуникация саласына жоспарланған  1983,4 млн. теңгеден 1983,4 млн. теңге немесе 100%  орындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

                                                   ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 324697 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 47% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,3% өскені байқалады.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарымен және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕҢБЕК РЫНОГЫ

                                                                                               адам

 

 

 

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ

 

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 4758 адам өтініш жасаған, 21 пайызға былтырғы жылдан азайып отыр.

Тіркелген жұмыссыздар саны 2807 адамды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17% азайды.

Есепті мерзімде 1389 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 60% құрап отыр.

Қоғамдық жұмыстарға – 317 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 71% төмендеді.

Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы  қаңтар-маусым айына 40607 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 17% өскені байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Дата публикации
22 июля 2022