Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

  • Мұқият болыңыздар!Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
  • Қырағы болыңыздар!Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
  • Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер:кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық – жабықтығын тексеріңіздер.
  • Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар!Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.
  • Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
  • Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын заттытауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
  • Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларынбілетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
  • Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл – өмірлеріңізге өте қауіпті.
  • Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

 

Дата публикации
18 июля 2022