Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №167-р өкімімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82-ші тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарлаймыз.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2022 жылдың маусым-қазан айлары.
Конкурсқа мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатыса алады. Кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне де қатысуға жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған ( https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/documents/details/313994?lang=kk ).
Конкурс кұжаттарын a.uralsk@bko.gov.kz эл.поштасына жолдауларыңыз сұралады.
Конкурсқа байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8(7112)-50-46-38,8771-217-92-38 нөміріне хабарласуға болады.