Бұйрығымен бекітілген
Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта рәсімдеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта рәсімдеу тәртібі
2.Кодекстің 33-бабының 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеуді ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)жүзеге асырады.
Уәкілетті орган хабарламаны қарау нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу (бұдан әрі – оң шешім) туралы немесеосы Қағидалардың 12-тармағында көзделген негіздер бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беру шартын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта рәсімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінде жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған жер пайдаланушыға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта рәсімдеуден бас тартудың себептерін негіздейтін уәжді бас тарту жолдайды.
9.Уәкілетті орган оң шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы №41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18267 болып тіркелген) немесе «Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19437 болып тіркелген) сәйкес жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беру шартының жобасын дайындайды.
Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шарты бойынша жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына ие болған жер пайдаланушы жалға беруші алдында жауапты болып табылады.
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жер пайдалану құқығын иелiктен шығарған жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта рәсiмдеу үшiн ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәлiметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) жер пайдаланушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және Кодекстің 23-бабының 4-тармағында, 24-бабының 1 және 6-тармақтарында, 33-бабының1-тармағының алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында, 96-1-бабының 4-тармағыбелгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта рәсімдеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
____________________________(ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ____________________________
жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының атауы)
басшысы
____________________________
(аты,әкесінің аты (бар болса), тегі)
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тіркелген мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта рәсімдеу туралы хабарлама
Жер пайдаланушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
________жылғы «___»____________№____ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану шарттын қайта рәсімдеуді сұрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығы __________________________________________________
____________________________________________________________________
(азаматтық-құқықтық мәміленің атауы, нөмірі және жасалған күні)
азаматтық-құқықтық мәміле негізінде иеліктен шығарылды.
Жер учаскесінің орналасқан жері және оның деректері:
Кадастрлық нөмірі ________ (код). Алаңы ____ гектар (бұдан әрі – га), оның ішінде: ауыл шаруашылығы алқаптары _____ га (көп жылдық екпелер _____ га, шабындықтар ______ га, жайылымдар _____ га, егiстiк ______ га, оның ішінде суармалы _____ га, басқалары _____ га)
Нысаналы мақсаты: _______________________________________________
Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер және (немесе) ауыртпалықтар: ______________________________________________________________________________________________________________________________________
Бөлінетіндігі/бөлінбейтіндігі: ________________________________________
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығын алғантұлға туралы мәліметтер
заңды тұлға үшін:
атауы ____________________________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмері_________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________
__________________________________________________________________
мекенжайы: ______________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________
жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі_____________________________________
жеке сәйкестендіру нөмері___________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі_____________________________________________________________
берген мекеме______________________________________________________
берілген күні_______________________________________________________
мекенжайы: ______________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________
Осы хабарламада көрсетілген, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинақтауға, өңдеуге келісемін.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жер пайдалану құқығына ие болған жер пайдаланушы:
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған жер пайдаланушы:
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20___ жылғы «___» _____________
Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта рәсімдеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу туралыхабарлама
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, немесе не заңды тұлғаның толық атауы)
Сізге,ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға алу) беру туралы шарт жасасу үшін:
___________________________________________
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________мекен-жай бойынша
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайы)
осы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарласуыңыз қажет
Басшы___________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20___ жылғы «___» _____________