2022жылдың 1 тоқсан бойынша Орал қаласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы талдау

  • 2022жылдың 1 тоқсан бойынша Орал қаласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы талдау

 

Орал қаласы әкімі аппаратына, оның құрылымдық бөлімдеріне және округ және кент әкімдіктеріне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен  өтініштер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

2022 жылдың 1 тоқсанында Орал қаласы бойынша 4 028 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды, соның ішінде 3 232 өтініш, 98 шағым, 76 ұсыныс және 622 басқалары  (хабарлама, сұрату, үн қосу).

Келіп түскен өтініштер:

  • 1 508 - қала әкімі аппаратына;
  • 2 403 – құрылымдық бөлімдеріне;
  • 117 – округ және кент әкімдіктеріне.

Құрылымдық бөлімдер мен округ және кент әкімдіктерімен  2 520 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. 2021 жылы 3 475, яғни 28% – ға немесе 955 өтінішке азайды.

 

Кесте (әкімі аппаратына, бөлімдерге, округ және кент әкімдіктеріне келіп түскен өтініштер)

 

 

 

Түскен арыз-шағымдардың бөлінісі:

Жерді пайдалану, жерді жалға алу – 932 (23%)

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, халық тұрмыс қажетін өтеу- 726 (18%)

Сәулет және қала құрылысы – 412 (10%)

 

2) Орал қаласы әкімі аппаратына түскен өтініштер туралы ақпарат

 

          Аппаратпен 1 508 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. 2021 жылы 1 834, яғни 18% – ға немесе 326– ға азайды.

Соның ішінде 1 265 өтініш, 50 шағым, 40 ұсыныс, 153 хабар, үн қосу және сұраныс.

1 508 өтініштің қарау нәтижесіне тоқталатын болсақ, Аппаратпен 225 өтініш қаралды, нәтижесінде: авторға жауап берілді – 27, қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 155, ауырпалықты әкімшілік акт қабылданды – 25, қараусыз есептен шығарылды – 9, тоқтатылды – 4, басқасы - 0, ал 1 255 –сі құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды.

 

3) 2022 жылдың 1 тоқсан бойынша құрылымдық бөлімдер мен округ және кент әкімдіктеріне келіп түскен өтініштер туралы ақпарат

 

Құрылымдық бөлімдер мен округ және кент әкімдіктерімен  2 520 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. 2021 жылы 3 475, яғни 28% – ға немесе 955 өтінішке азайды.

2 520 өтініштің қарау нәтижесіне тоқталатын болсақ, құрылымдық бөлімдер, округ және кент әкімдіктерімен 2 130 өтініші қаралды, нәтижесінде: авторға жауап берілді – 343, қолайлы әкімшілік акт  қабылданды – 1 477, ауырпалықты әкімшілік акт қабылданды – 209, қараусыз есептен шығарылды – 11, тоқтатылды – 22, назарға алынды – 9, басқасы - 59, ал 274 –сі құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды.

         

Дата публикации
04 апреля 2022