Архив блог акимата 2021

05.01.2021

Ибрашева Шолпан

Аким мырза Жана жыл дан кейн дукендерде тамак багасы катты котерилип кетти кетти. Соны неге кадагалап натежиечин корсет песке? Биз Абай дангылында турамыз осы коше бойнша барлык дукенде тамак оте тез катты кымбат тап кети. 10 шт жумыртка Жана жылга дейн 280 болса Жана жыл дан кейн 430 болып кетти карапайм халыктын бара бара кара нан алуга жагдайы детпей калады гой. Соны кадагалап натежиесин томенде ген багамен коргимиз келеди!!

Ответ:

Құрметті Шолпан !

Орал қаласының әкімдігі (бұдан әрі -Әкімдік), Сіздің өтінішіңізді өз құзіреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.Орал қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі апта сайын қаламыздың 2 базары «Мирлан», «Алтын-Алма» және 4 супермаркеті «Алтындар», «Анвар», «Лидер»; және «Дина» супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді.

Бүгінгі күнге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсімі байқалады. ӘМАТ бағаларының қымбаттауы шикізат бағасы мен өндіруге кететін шығындардың өсімі себеп болып отыр.Бағаларды тұрақтандыру мақсатында келесідей жұмыстар жүргізілуде. «Вега» сауда желісі «Пик сағаты» акциясын іске қосты. «Вега» супермаркетінде ағымдағы жылдың 26 қарашасынан бастап акция шеңберінде 6 азық-түлік тауарлары (жоғары сұрыпты ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы, жұмыртқа, картоп, пияз) сатылуда. Көрсетілген азық-түлікке бөлшек сауда бағасы тауарды сатып алу құны деңгейінде белгіленген (үстемесіз).Сонымен қатар, қаланың әр түрлі аудандарында орналасқан «Ел Ырысы», шағын-маркеттерінде С1; категориялы жұмыртқа, секер, қарақұмық, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы, бірінші және жоғарғы сұрыпты ұн көтерме бағамен сатылуда. Мысалы: С1 жұмыртқасының 10 данасы 300 теңгеден сатылуда.Бұдан басқа, жергілікті нан өндірушілерідің дүңгіршектерінде 1, 2 және жоғары сұрыпты нан тұрғындарға көтерме бағамен (1 сұр. нан; 80-90 теңге, жоғары сұрыпты нан; 130-135 теңге) ұсынылуда.Бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, шаруа қожалықтарының және азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда.2020 жылы қала аумағында 33 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, өнім нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы; заңның 12, 14 баптарына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары лауазымға немесе сотқа жүгіне аласыз.

 

22.01.2021

Кушекенова Салтанат

Саламатсызба. Мен көп балалы анамын. Жатақханадан пәтер жалдап тұрамын. егов арқылы үй алуға кезекке тұрсам, отказ келіп тұр. Мені кезекке тұрғызып беруіңізді сұраймын. Өзім жұмыстамын балдарымды асырау үшін таннан кешке дейін жұмыс жасаймын. мектепте хатшы болып. сұрағымды қанағаттандыруыңызды сұраймын.

 

Ответ:

Құрметті Салтанат!

Орал қаласының әкімдігі (бұдан әрі -Әкімдік), Сіздің өтінішіңізді өз құзіреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.Сіз Салтанат Кушекенова 2021 жылғы 22 қаңтарда Көп балалы отбасылардың санаты бойынша кезекке алынғансыз. Қазіргі таңда кезектегі нөміріңіз - 1252.Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1,3,4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.  Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.  Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде кезек бойынша берілетін болады.Ескертпе, Сізге азаматша Салтанат Кушекенова 2021 жылғы 08 қаңтарда «Көп балалы отбасылардың» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тапсырған болатынсыз, бірақ өтініш берген уақытта жолдасыңыздың тұрақты тіркелімі Тасқала ауданында болғандықтан, кезекке алуға бас тартылғандығын хабарлаймыз. Екінші қайтара жіберген өтінішіңіз бүгінгі таңда қаралып, кезекке тұрғызылған болатынсыз. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  заңның 12, 14 баптарына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары лауазымға немесе сотқа жүгіне аласыз.

 

25.01.2021

Кубашева Раушан

"Тұрғын үй жинақ банкі" қазіргі таңда "Отбасыбанкі" арқылы "Шаңырақ" бағдарламасымен тұрғын үй алуға құжаттарым банк тарапынан толықтай өтіп тұр. Ендігі кезекте әкімдік арқылы бастапқы жарнаның 50% алуға арналған сертификатты рәсімдеуге келгенде 2020 жылға бөлінген қаржының толықтай игеріліп кетуіне байланысты 2021 жылға құжаттар қабылдау уақытша тоқталып, тек наурыз айында қабылдануы мүмкін екендігін білдім.
"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша құжаттар рәсімдеп, тұрғын үй табуға берілетін уақыт шектеулі (наурыз айында үлгермей қалуым мүмкін) екенін ескере отырып, жергілікті әкімдік тарапынан сертификат беру уақытын мүмкіндігінше тездетуге бола ма екен? Түсіністік танытып, оң шешімді жауап береді деп үміттенемін. Жауаптарыңыз үшін алдын-ала рахмет

Ответ:

Құрметті Раушан!

Орал қаласының әкімдігі (бұдан әрі -Әкімдік), Сіздің өтінішіңізді өз құзіреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды. Сіз 2014 жылы 19 желтоқсанда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің. Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» санаты бойынша 6241-ші нөмірмен кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-3940. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1, 3, 4- тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жасақты пәтер кезекте тұрған азаматтарға, заң жүзіндекезектері бойынша берілетін болады. Сонымен қатар, Орал қаласы бойынша 2020 жылға тұрғын үй сертификаттарын беру үшін бөлінген қаржы толық игерілуіне байланысты бүгінгі таңда тұрғын үй сертификатын беру тоқтатылды. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ағымдағы жылдың наурыз айындаболатын сессиясында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындалып, шешім шығарылатын болады. Осыған орай, қазіргі уақытта тұрғын үй сертификатын беруге мүмкіндік жоқ екенін мәлімдейміз. 2021 жылға тұрғын үй сертификатын беруге қаржы бөлінгеннен кейін, хабарландыру әлеуметтік желілерге; instagram, uralskakimat, jkh_uralsk ресми парақшаларында жарияланатын болады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңның 12, 14 баптарына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары лауазымға немесе сотқа жүгіне аласыз.

 

25.01.2021

Сундетова Айжанат

Мен 2гр инвалиди.д/з.хронический обструктивный деформирующий  бронхит.3степени тяжести дыхательная недостаточность.бронхиальная астма.смешанная форма итд.озим квартирада 2кызым мен журмин.бар акшам сол квартирге кетеди.осы Орал каласнда арендный уйде очередью турмын. Или программаларга катысу керек па. осыдан ары карай акиматка" заявка" тапсрамын ба комек беруинизди сураймын.жолын корсетуинизди сураймын.

Ответ:

Құрметті Айжанат !Орал қаласының әкімдігі (бұдан әрі - Әкімдік), Сіздің өтінішіңізді өз құзіреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.

Сіз 2018 жылы 11 шілдеде ;тұрғын үйге мұқтаждар кезегінің ;1 және 2 топтағы мүгедектер; санаты бойынша;кезекке алынғансыз. Бүгінгі таңда кезектегі нөміріңіз-5503.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 74-бабының 1, 3, 4- тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай нақты елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын, табысы аз, мұқтаж топтарына жататын азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініші тапсырылған кезден тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі; Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жасақты пәтер Сізге заң жүзінде; кезектері  бойынша берілетін болад. Сонымен қатар, Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі «Шаңырақ» 5-10-20 жобасы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-ы Батыс Қазақстан облыстық филиалы арқылы жүзеге асырылады.

Аталған жоба аясында жеңілдетілген несиені бірінші кезеңде, баспанаға мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде есепте тұрған азаматтар ала алады.Бағдарламаға қатысу үшін www.hcsbk.kz банк сайтындағы Шаңырақ пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беруге болатынын назарыңызға саламыз және толық ақпаратты «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ -ы Батыс Қазақстан облыстық филиалынан алуға болады (мекенжайы: Орал қаласы, С.Датов көшесі, 28-үй). Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңның 12, 14 баптарына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары лауазымға немесе сотқа жүгіне аласыз.

 

26.01.2021

Казбекова Мархабат

Саламатсызба! Нурлы жер программамаен алган куймизге сабыр берсин! Магнат 4:00 болды али жылыган емес.  Жинап терип келген акшама ,балдарымды татти патилрнен айырп, акша жинап батарея салып, тагаттана умитпен,енди жылитын4н шгар деп берген батеринизге, Аллам сабыр берсин! Оданда бухара халыктын басын катырмай, умит бермей коя бермнизбе?

Ответ:

Құрметті Мархабат!

Орал қаласының әкімдігі (бұдан әрі - Әкімдік), Сіздің өтінішіңізді өз құзіреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.

Сіз Орал қаласы бойынша мемлекет» Нұрлы Жер» бағдарламасымен тұрғын үй алмағаныңыз белгілі болды.Өзіңіздің берген ақпаратыңыз бойынша, Сіз аталған бағдарламамен БҚО, Тасқала ауданынан тұрғын үй иесі атаныпсыз. Жеке тұрғын үйіңіздің жылуына қатысты сауалыңыз бойынша БҚО Тасқала ауданы әкімі аппаратына жолығуыңыз сұралады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңның 12, 14 баптарына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары лауазымға немесе сотқа жүгіне аласыз.

 

01.03.2021

Мурзагалиева Динара

Здравствуйте! Меня интересует каким образом курируется строительство многоквартирных жилых домов а именно застройщики. Какой государственный орган может повлиять на процесс сдачи(продажи) квартир и условия продажи квартир в черновом варианте. Дело в том, что застройщики на сегодняшний день осуществляя продажу черновых квартир (в нашем случае с автономным отоплением) взымая полную плату длительное время не осуществляют подключение газа. К кому можно обращаться чтобы повлиять на ускорение подключение газа? Застройщик ссылается на АО КазТрансГаз Аймак который в свою очередь ссылается на то что необходимо чтобы 70% собственников квартир приобрели отопительные котлы, но в доме имеются квартиры, которые были приобретены для перепродажи и собственники не торопятся покупкой котлов и соответственно не заинтересованы в скорейшем подключении газа. Почему по этому поводу должны страдать люди которые для покупки новой квартиры и улучшения своих жилищных условий продают квартиры, берут ипотеки и т.д. и вынуждены сидеть в холодных квартирах, не могут начать ремонт. Должны же быть какие то способы повлиять на Застройщиков которые по крайней мере должны прописывать в Договорах обязательство со стороны Покупателей в течение 1 или 2 мес обеспечить приобретение котла для подключения жизненноважных коммуникаций (данная процедура практикуется в г.Астана, г.Алматы). Прошу Вас сообщить 1) Государственный орган курирующий строительные организации 2) Уполномоченный орган компетентный повлиять или обязать Строительные организации сдавать квартиры на определенных условиях

 Ответ:

Уважаемая Динара!

Акимат города, рассмотрев Ваш вопрос, поступивший на сайт акимата города Уральск, сообщает следующее. Для разрешения данного вопроса Вам необходимо обратиться в ГУ Управление государственного архитектурно-строительного контроля ЗКО.В соответствии со ст.12, 14 Закона Республики Казахстан О порядке рассмотрения обращении физических и юридических лиц, Вы вправе обжаловать данное решение в вышестоящий орган или обратится в суд.

 

09.03.2021

ҚайнарСаматович

Құрметті Әкім мырза, айта айта Алтайды, Жамал апа қартайды демекші, Птицефабрика дачный участок әкімшілікке қарамайды деп жол салмай бас бұрмай отыра бересіздер ме? Ең болмаса бир жылға бір екі көшені асфальттап берсеңіздерші. Тым құрыса қаладан ескі асфальт қалдығын берсеніздерші. Ең басты Мед.коледж жақтан тіке кіргендегі екі сайды кесіп өтетін Атамұра көшесін жөндеп берсениз, көктем мен күзде сайдан аққан су жылда ми балшық жүруге жоқ.

Ответ:

Құрметті Қайнар!

Орал қаласының әкімдігі (бұдан әрі -Әкімдік), Сіздің өтінішіңізді өз құзіреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.2020 жылы Құс фабрикасы ауданы №3 қоғамдық көлік жүретін Сарыарқа көшесінің 2 шақырымға жуық бөлігіне ескі асфальт қалдықтары төселген болатын. Ағымдағы жылы Әкімдікпен Сарыарқа көшесінің қалған 0,5 шақырым бөлігіне ескі асфальт қалдығын төсеу жоспарлануда.Қазақстан Республикасының жер кодексінің 102 бабы 4 тармағына сәйкес Жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандықпен айналысуға және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерiнiң меншiк иелерi болып табылатын азаматтар ортақ мүдделерiне қарай құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жай серiктестiктерге, бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтерiне бiрiгуге құқылы екендігін хабарлаймыз.Баугерлік серіктестіктері бау-бақша егумен айналысатын мүшелерінің қызмет етуіне тиісті жағдай жасау (суару, электрқуатымен қамтамасыз ету, кіру жолдарын жасау) үшін құрылған кооператив болып табылады.Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес Мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге жол берiлмейдi. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңның 12, 14 баптарына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары лауазымға немесе сотқа жүгіне аласыз.

 

12.03.2021

Нигметуллин Талап

Ассалаумағалейкум ,мен Нигметуллин ТК жертелімін алуға өтініш бергенмін 2011ж, кезек номерін білгім келеді, кезек тізімін қай сайттан қарап отыруға болады.

Ответ:

Құрметті Талап!Орал қаласының әкімдігі (бұдан әрі-Әкімдік), Сіздің өтінішіңізді өз құзіреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды. Сіздің жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз 2012 жылғы 27 тамыздағы №Н-10265 болып арнайы есепке алынды. Қазіргі уақытта жалпы тізімдегі кезек нөміріңіз-60 535.Жер учаскесіне кезегіңізді тоқсан сайын жаңартылатын қалалық әкімдіктің www.gov.kz сайтынан қарай аласыз. Сонымен қатар, мына мекенжай бойынша: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1-үй, ашық әкімдік, 9-үстелден білуіңізге болады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңның 12, 14 баптарына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары лауазымға немесе сотқа жүгіне аласыз.

 

13.03.2021

Тулегенова Бибигуль

Қайырлы күн! Мен 07.12.2011ж. жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру жөніндегі тіркеу №Т-12509 өтінішімді Орал қаласының әкімінің атына беріп едім. 09.12.2011ж. ҚР БҚО "Орал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (№11488, 09.12.2011ж.) ҚР Жер Кодексінің 44-бабының 8-тармағына сәйкес жер қатынастары бөлімінде арнайы есепке алынғандығым жөнінде мәлімдеме алдым. Кезекті egov.kz-тен тексерсем, ол жерде менің тегім жоқ. Бұл қалай болғаны?

Ответ:

Құрметті Бибигуль!

Орал қаласының әкімдігі (бұдан әрі-Әкімдік), Сіздің өтінішіңізді өз құзіреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды. Сіздің жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін тапсырған өтінішіңіз 2011 жылғы 07 желтоқсандағы №Т-12509 болып арнайы есепке алынды. Қазіргі уақытта жалпы тізімдегі кезек нөміріңіз-54 715.Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандар тізімі қалалық әкімдіктің www.gov.kzсайтында тоқсан сайын жаңартылатынын хабарлайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңның 12, 14 баптарына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары лауазымға немесе сотқа жүгіне аласыз.

 

17.03.2021

Кузьмина Татьяна

Пишу Вам от имени жителей дома 20 по улице Акотау, как я нашла на сайте маслихата именно вы курируете   наш       округ.
Пишу вам в надежде, что вы сможете решить проблему нашего района. Наш дом был построен в 2018 году застройщиком Ирменовым после сноса ветхой 2э-этажки. Все было сделано с участием акимата и после сдачи дома акимат взял на себя ответственность по благоустройству двора, а именно детской площадки. Уже 2021 год, но двор даже не входит в список по благоустройству.
Дом из 6 этажей и 6 подъездов, слева от дома общежитие из 5 этажей по адресу Акотау 24.

Дата публикации
02 марта 2022