ХАБАРЛАНДЫРУ

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Орал қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды. Сандық құрамы – 21 адам, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері – 5 адам және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері - 16 адам болуы тиіс. Кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Орал қаласында  тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

          Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

          1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

          2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

          3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

          1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

          2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

          3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

          4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

           «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа жіберілмейді.

          Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға жолдау қажет: Орал қалалық мәслихаты, Орал қаласы Н.Назарбаев данғылы 182/1 №306 кабинет, телефон 510444, электрондық пошта: zko_ugm@mail.ru

 


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобы.

 

Дата публикации
04 февраля 2022