Нысан
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебі
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау
(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыты)
«Орал қаласында КТК фестивалін ұйымдастыру және өткізу»
(әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы)
|
№ |
Бағалау өлшемшарты |
Сарапшылар кеңесінің бағалауы
|
Сарапшылар кеңесінің қорытындысы |
|
|
Өзектілігі |
5 |
Жобаның өзектілігі - жастардың ұлттық санасын, патриоттық және ұлтаралық сезімдерін қалыптастыру. Бұл жоба жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге, олардың жан-жақты болуына мүмкіндік туғызады.
|
|
|
Жоспардың орындалуы |
5 |
Барлық шаралар техникалық ерекшелікке сәйкес келеді.
|
|
|
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі |
5 |
Техникалық ерекшелікке және іс-шаралар жоспарына сәйкес, іс-шаралар толықтай орындалды. Жоба барысындағы үйлестіру-ұйымдастыру жұмыстары бойынша, ойынға келген командаларға қаламыздың көрнекті жерлерін таныстырылып, экскурсия жұмысы ұйымдастырылды. Ойынға қатысқан барлық командалар ойын соңында ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, шараның жоғары деңгейде оздырылғанын атап өтті. Барлық нәтижелер ауытқусыз орындалды.
|
|
|
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы |
5 |
Жобаны одан әрі қарай ауқымын кеңейтіп, шекаралас елдерден командалар шақыртып, қала күні қарсанында халықаралық деңгейде өткізу.
|
|
|
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы |
5 |
Мұндай шараларға қатысу арқылы жастардың ой-өрісі кеңейе түседі, сонымен қатар, талпыну, көпшілік алдында өнер көрсету, сөз сөйлеу мәдениеті және тағы да басқа жақсы қасиеттерді бойларына сіңіреді. Бұл жоба жақсы пікірлер алды.
|
|
Барлығы (балдардың есебі) |
25 |
||