Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты
қалыптастыру, іске асыру
мониторингі және осы тапсырыстың
нәтижелерін бағалау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебі
«Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау»
(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыты)
«Орал қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған шаралар өткізу»
(әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама атауы)
|
№ |
Бағалау өлшемшарты |
Сарапшылар кеңесінің бағалауы
|
Сарапшылар кеңесінің қорытындысы |
|
1. |
Өзектілігі |
5 |
Жобаның өзектілігі - Орал қаласының жастары арасында еріктілер қозғалысын насихаттап, еріктілер жұмысын қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіріп, қалада еріктілер қатарын көбейту болып табылады.
|
|
2. |
Жоспардың орындалуы |
5 |
Барлық шаралар техникалық ерекшелікке сәйкес тапсырыс берушімен келісіп жасалды.
|
|
3. |
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі |
5 |
Техникалық ерекшелікке және іс-шаралар жоспарына сәйкес, жоспарланған іс-шаралар толықтай орындалды. Жоба аясында еріктілер базасы жасақталып, еріктілерді дамыту бағытында семинар тренингтер, еріктілердің қатысуымен акциялар, мерекеге арналған шаралар т.б. ұйымдастырылды. Жоба «Ерікті-2019» еріктілерді салтанатты марапаттау шарасымен өз мәресіне жетті.
|
|
4. |
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы |
5 |
Еріктілердің басын қосу, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасу, жастарды еріктілік қызметіне тарту бойынша жұмыстарды алдағы уақытта үнемі жалғастырып отыру қажет. Себебі мұндай еріктілерге арналған жобалар жастардың өзін-өзі дамытуына, қоғамға пайдасын тигізуіне үлкен септігін тигізеді.
|
|
5 |
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы |
5 |
Болашақта еріктілерге арналған мотивациялық кездесулер, пайдалы іс-шаралар, өткізу жастардың волонтерлікпен айналысуына оң ықпалын тигізеді. Себебі жыл сайын өткізілетін аталмыш жобаның өткізілу ауқымы жыл сайын ұлғайып, волонтерлік қызметке деген жастардың көбірек тартылуы ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы, жұмыстың нәтижесі деп айтуға негізі бар.
|
|
Барлығы (балдардың есебі) |
25 |
||