ЖТ С.А. Губайдуллиннің «Өнімділігі тәулігіне 116 тонн сүт өңдеу зауытының құрылысы» белгіленіп отырған қызметі туралы 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № KZ30RYS00159493 өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

Хаттама

 

Жиынтық кесте жасалған күні: 21.10.2021 г.             

Жиынтық кесте жасалған орын: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 23.09.2021 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 23.09-20.10.2021  г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

 

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту мен ұсыныстар

1

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (24.09.2021ж. № №5-3/1837 хаты)

2

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (24.09.2021ж. № №2-17/2009 хаты)

3

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы

Ұсыныстар мен ескертулер (27.09.2021ж. №18-13-01-03/1559):

1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125 және 126-баптарының талаптарына сәйкес тиісті облыстардың әкімдіктері белгілеген кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар орналастырылған, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізілген жағдайда, белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті келісімдер, оның ішінде бассейндік инспекциямен келісу болған кезде іске асырылуға тиіс;

2. Су объектілерінде орнатылған су қорғау аймақтары мен белдеулері болмаған жағдайда, су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында баяндалғанды ескере отырып, көзделіп отырған қызметті іске асыру туралы тиісті шешім қабылдау;

3. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде судағы көзделіп отырған қызметті қанағаттандыру үшін тікелей су объектісінен алып қойыла отырып немесе алып қоймай, жер үсті және (немесе) жер асты су ресурстарын пайдалануды бастамашы жүзеге асырсын.

4

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (23.09.2021ж. № 01-04/841 хаты)

5

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Ұсыныстар мен ескертулер (18.10.2021ж. №22-15-4-12/973)

        Саяхат Ахметұлы Губайдуллиннің2021 жылдың 22 қыркүйектегі № KZ30RYS00159493белгіленіп отырған қызметі туралы ұсынылған өтінішінде  8-тармақтың 6-тармақшасында сүт өндіру технологиясына сәйкес бу генерациясы үшін арналған 2000кг/сағ.өндірісі бар  бу қазанының ықтимал пайдалануы көрсетілген.

ҚР «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі 188-V Заңының 1-бабы 32-1 тармақшасына сәйкес(бұдан әрі-Заң) қауіпті техникалық құрылғылар:

-қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар;

-          мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер;

Заңның 78 - бабы 1- тармағына сәйкесекi және одан да көп облыстың шегiнде орналастырылатын қауiптi өндiрiстiк объектiнi, сондай-ақ стратегиялық объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.

      Өзге де қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келiсiледi.

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторымен келiсiледi.

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңындағы ұғымға сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым – елді мекеннің қалыпты тыныс-тіршілігін функционалдық қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың жиынтығы, оларға: әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйелерінің ұйымдары; демалуға және бос уақытты өткізуге байланысты ұйымдар; бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласы, спорттық-сауықтыру мекемелері; халыққа коммуналдық қызметтерді өндіретін және ұсынатын ұйымдар жатады;

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сүтті қайта  өндеу зауытының құрылысы жобасы (сүт өндіру технологиясына сәйкес бу генерациясы үшін  арналған өндірісі 2000кг/сағ болатын бу қазандары бар қазандықтың құрылысы жағынан) келісу процедурасынан өтуі тиіс. Сондай-ақ, жобада құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізген кезде жүккөтергіш механизмдерінің қауіпсіз пайдалануы бойынша іс-шараларды ескеру қажет.

6

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті

Ұсыныстар мен ескертулер (08.10.2021ж. №24-30-8-12/2883-И) Құрылыс объектілерін салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және іске қосудың, пайдаланудың жұмыс жобаларын жасау кезінде пайдаланылатын негізгі құжаттар:

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №ҚР ДСМ-49 бұйрығымен бекітілген "Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

3.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары.

4.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

5. "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ -36 бұйрығы. 

 

7

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (01.10.2021ж. № 2-16/574 хаты)

 

8

Батыс Қазақстан облысының  құрылыс басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (04.10.2021ж. № №08-2/1925хаты)

 

9

 «Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (29.09.2021ж. № №1.1-6/885хаты)

 

10

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемес

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (12.10.2021ж. № №3-1/5790 хаты)

 

11

Батыс Қазақстан облысының  энергетика және тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемес

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (29.09.2021ж. № №2-3-/2134 хаты)

 

 

 

Дата публикации
05 ноября 2021