Орал қаласының әкімі мен қаланың селолық округі мен кенттер
әкімдерінің 2021 жылғы халыққа онлайн есеп беру барысында
айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі
ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР: 88
|
№ |
АЙТЫЛҒАН ЕСКЕРТУЛЕР/ ҰСЫНЫСТАР |
ЖАҒДАЙ/ЕСКЕРТПЕ |
|
1. |
Деркөл кенті, Молодежная көшесінде қоқыс салатын жәшік орнату мәселесі. |
Молодежная көшесі бойынша 1 контейнер алаңы қойылып, 4 қоқыс контейнерлері орнатылды. |
|
2. |
Деркөл кенті, Өскен және Маштакова ауылдарына 7 маршрут автобустарын жүргізу мәселесі |
«Балауса ш\а – Ураллес-Үміт ш\а» бағытындағы №7 маршрутқа «Ақжол авто» ЖШС қызмет көрсетеді. Аталған маршруттың 1 рейс ұзақтығы 68 км құрады. Осыған орай уақыт аралығы ұлғайғандықтан және қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен тасымалдауда үлкен қолайсыздық тудыратындықтан №7 маршрутты ұзарту мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар Өскен және Маштакова ауылына дейін «Ақжол-авто» ЖШС –і қызмет көрсететін №16 маршрут келісілген келісімшартқа сәйкес 2 орта класты автобуспен (2 сағат сайын) қызмет көрсетеді. |
|
3. |
Деркөл кенті, Сарыарқа және Көкжиек шағын аудандарына балалар ойнайтын ойын алаңын, сонымен қатар Ветелки, Новостройка, Өскен ауылдарынада қарастыру мәселесі |
Сарыарқа, Көкжиек шағынаудандарында, Өскен, Ветелки, Новостройка ауылдарында кешенді спорт және балалар ойын алаңын орнату жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Сараптаманың оң қорытындысын алу 2022 жылдың ақпан айына жоспарлануда. Деркөл кенті аумағындағы Тихая, Строителей, Трудовая көшелеріне және Маштаков ауылына балалар ойын алаңдарын дайындау және орнату жұмыстары жүргізілді. |
|
4. |
Деркөл кент, Сарыарка шағын ауданына аялдама орнату мәселесі |
2021жылы Деркөл кентінің аумағында жаңа 23 аялдама павильоны орнатылды. Қазір таңда Сарыарқа шағынаудан бойынша 2 аялдама орнатылды, қалған 8 аялдама ішкі орам жолдарының, оның ішінде қоғамдық көлік жүретін көше жолдарының құрылысы аяқталғаннан кейін орнатылады. |
|
5. |
Деркөл кенті, Гаврилов және Сүйенбай жырау (Литейная) көшелеріне жол салу мәселесі |
Орал қаласы, Деркөл кенті Литейная, Гаврилов, Первомай көшелерінің автомобиль жолдарын қайта құру» бойынша жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылады. |
|
6. |
Деркөл кентіне қарасты елді-мекендерге интернет желісін тарту мәселесі |
Деркөл кентіне қарасты шағынаудандар мен елдімекендерде интернет жылдамдығының төмендігіне байланысты шалғай орналасқан Ветелки ауылында орналасқан су жинау станцияларының мұнараларына радиотолқынды Kcell,Tele2 интернет желісі орнатылды. Сонымен қатар Новостройка ауылына да интернет желісін тарту жұмыстары жоспарланған болатын. Бірақ орындалмағаны үшін Beeline және Kcell ұялы операторларына байланыс сапасының нашарлығын жоюға бірнеше рет ұйғарым берілді. Сот шешімі бойынша тиісті сапаны орындамағаны үшін ұялы оператоларына айыппұл саланды. |
|
7. |
Деркөл кенті аумағындағы орталық саябақты абаттандыру мәселесі |
Деркөл кентінің орталық саябағын абаттандыру бойынша қалалық урбанистермен кездесу ұйымдастырылды және кездесу қорытындысы бойынша паркі "Жасыл ел" Республикалық штабына сенімгерлік басқаруға берілді. Көрсетілген келісім шартта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары, балалар ойын алаңдары мен шағын сәулет нысандарын, спорттық тренажерлер мен абаттандырудың басқа элементтерін күтіп-ұстау және қызмет көрсету жұмыстары енгізілген. Қазіргі таңда "Жасыл ел" штаты саябақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. |
|
8. |
Деркөл кенті, Көкжиек шағын ауданы, Гумилев көшесіне жарықдиодты шамдарды орнату |
Деркөл кентінде ұзындығы 6,8 км құрайтын жарықтандырылмаған көшелеріне жарықдиодты шамдар орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Жобада Гумилев көше бойына 47 бағана мен жарықшам қою қарастырылған. |
|
9. |
Деркөл кенті, Үміт шағын ауданына кіреберіс жерге және Набережный көшесімен негізгі жол (Окружное шоссе) қиылысына бағдаршам орнату мәселесі |
2021жылы Набережный көшесі мен негізгі тас жол (Окружное шоссе) қиылысына бағдаршам нысаны орнатылды. Сонымен қатар, Үміт шағын ауданына кіреберіс жолына бағдаршам нысанын орнату үшін сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
|
10. |
Деркөл кенті, Сарыарқа шағын ауданы көшелерінің жол жөндеу жұмыстарын жалғастыру |
«Деркөл ауылындағы ТЖЖ (2-кезек) ішкі орам жолдарының және еріген суларды әкету құрылысы (түзету 2)»жұмысы жобасы 3 жылға жоспарлап, 2020 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, Б.Майлин көшесінің 1,3 км жолы жөнделді. 2021 жылы 5 көше (Абылай хан, Тақсай, Саржайлау, Б.Майлин) бойынша 6,9 км жолға 2 қабат және 1,9 км болатын Ғ.Мүсірепов көшесіне 2 қабат асфальт төселді. А.Өмірзақова көшесінің 0,35 км жолына 1 қабат асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізілді. |
|
11. |
Деркөл кенті, Райымбек батыр көшесімен Новостройка ауылының ішкі орам жолдарына жол салу мәселесі |
Новостройка ауылының ішкі орам жолдарын және Райымбек батыр көшелерін жөндеу 2021жылы жоспарда жоқ. Қаржыландыру сұрағы оң шешімін тапқан жағдайда аталған көшелерді жобалық сметалық құжаттама жасақтау жоспарына қосу қарастырылатын болады. |
|
12. |
Желаев округінде қоғамдық көліктерді үлкен автобустарға ауыстыру мәселесі |
Жолаушы тасмалы қызметін №14 және №38 маршруттары бойынша «Алый Парус» ЖШС жүзеге асырады. №14 қоғамдық көлігі 4 шағын автобус және №38 қоғамдық көлігі бойынша 1 шағын автобус жүзеге асырды. 2021 жылдың ақпан айында №14 маршруты бойынша 1 шағын автобус үлкен класты автобусқа ауыстырылды. №38 қоғамдық көлігі бойынша жолаушы тасымалын 1 шағын автобус жүзеге асырады. Қозғалыс уақытының қарбалас кезінде тағы 1 шағын автобус желіге шығады. |
|
13. |
Желаев округының Құныскерей (Чкалов көшесі) көшесінде жаяу жүргінші жолын салу мәселесі |
Құныскерей (Чкалов көшесі) көшесінде жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары толығымен аяқталды. |
|
14. |
Желаев округіне балаларға арналған спорттық ойын алаңын салу мәселесі |
2021 жылы 6 шілде күні Самұрық көшесінде балалар және спорт алаңы пайдалануға берілді. |
|
15. |
Желаев округі көше шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру мәселесі |
Желаев округі аумағында 251 көше шамдары жарықдиодты шамдарға толықтай ауыстырылды. |
|
16. |
Желаев округ аумағындағы «Желаевский элеватор» АҚ маңында бос жерлерге әлеуметтік және бизнес нысандары салу мәселесі |
Желаев селолық округінің жасақталған егжей-тегжейлі жоспары бар. Жоспарға сәйкес, әлеуметтік және бизнес нысандарын салуға аукцион арқылы Орал қаласының жер қатынастары бөліміммен берілетін болады. |
|
17. |
Круглоозерный кенті, Отан көшесінің жолын жөндеу мәселесі |
Круглоозерный кентінің Отан, Еңбекші, Гагарин, Бақыт, Жастар көшелерінің жолына құмды-қиыршықтас қоспасын төсеу жұмыстары аяқталады. Жалпы ұзындығы - 2450 м. |
|
18. |
Круглоозерный кенті, Серебряков ауылының ішкі жол мәселесі |
Серебряково ауылының Жеңіс, Көшім, Жаңа арқа көшелеріне қиыршық-құмтас қоспасымен жолдардың профилін түзеу жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы - 2400 м. |
|
19. |
Круглоозерный кентінде балабақша ашу мәселесі |
2021 жылы 15 қыркүйек күні 100 орындық мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді. |
|
20. |
Круглоозерный кенті, Серпер көшесіне жарық нүктелерін орнату мәселесі |
Круглоозерный кенті, Серпер көшесіне 5 жарық нүктелері орнатылды.
|
|
21. |
Круглоозерный ауылында Атамекен шағын ауданының жолын жөңдеу мәселесі |
Атамекен шағын ауданың Бөгенбай батыр көшесінің жолына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда. |
|
22. |
Круглоозерный кентінде кешкі уақытта жастарға мектептің спортзалында волейбол ойындарын ұйымдастыру мәселесі |
Круглоозерный кентінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектептің спортзалы және спорт аландарында спорттық ойындар (футбол, волейбол) өткізілуде. |
|
23. |
Круглоозерный кенті, Серебряков ауылындағы футбол алаңының тозығы жеткен жабының алмастыру мәселесі |
Круглоозерный кенті, Серебряково ауылындағы спорт алаңы төсенішін ауыстыру, қалыпқа келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. |
|
24. |
Круглоозерный кенті, Еңбекші көшесінің жолын жөндеу мәселесі |
Круглоозерный кенті, Еңбекші көшесінің жолын құмды-қиыршықтас қоспасын төсеу жұмыстары аяқталады. |
|
25. |
Круглоозерный кенті Атамекен шағын ауданында балалар ойын алаңын орнату мәселесі |
Круглоозерный кентіне – 2 (Атамекен ш/а, Шаған көшесі), Серебряково ауылына-1 (Жаңа өмір көшесі) балалар ойын алаңдары орнатылды. |
|
26. |
Зачаган кенті, Талғат Бигельдинов, Баян Сұлу және Жерұйық көшелерінде жарықдиодты шамдарды орнату |
Т.Бигельдинов көше бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, қажетті қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар басталатын болады. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 3726 м құрайды, 103 бағанамен 206 жарықшам қаралған. Баян Сұлу көшесіне 11 дана және Жерұйық көшесіне 7 жарықдиодты шамдарды қою жұмыстары толығымен аяқталды. |
|
27. |
Зачаган кенті, Мед.колледж аумағында балаларға арналған спорт және ойын алаңын салу мәселесі |
Медколледж аумағында орналасқан Жәңгір хан көшесі № 69,71 үйлер аумағына кешенді спорт және балалар ойын алаңы 2021 жылдың 20 қыркүйек күні қолданысқа берілді. |
|
28. |
Зачаган кенті, М.Мөңкеұлы көшесінде көпқабатты тұрғын үйлерінің абаттандыру жұмыстары
|
Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан М. Мөңкеұлы көшесіндегі аяқталмай қалған жаяу жүргіншілер жолын салу, екінші қабатты асфальт төсемі жоқ жолдарын қалпына келтіру, жылыту трассасы, арықтар және жарықтандыру жұмыстары 2022 жылдың жоспарында қарастырылған. Тапсырыс беруші мекеме «Карачаганак Петролиум Оперейтинг» АҚ. Мердігер мекеме «Наурыз» ЖШС. Қазіргі таңда арық жүйесін орнату жұмыстары басталды. Сондай-ақ М.Мөңкеұлы көшесіндегі салынатын 2 қабат асфальт жабындысын салу жұмыстарының жобасына қазіргі танда мемлекеттік сараптама жүргізілуде. |
|
29. |
Зачаган кенті, Бірлік 7, 7/1 Саратов тас жолына жаяу жүргінші жолын салу мәселесі |
Саратов тас жолына жаяу жүргіншілер жолын салу толығымен аяқталды, сонымен қатар 6 жаңа аялдама орнатылды. |
|
30. |
Зачаган кенті, С.Сейітов 23 үй ауласына балалар ойын алаңы орнату мәселесі |
Зачаган кенті, С.Сейтов 23 тұрғын үй аумағына 2021жылы балаларға арналған ойын алаңы және воркаут элементтерін орнату жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. |
|
31. |
Зачаган кенті, М. Мөңкеұлы көшесі № 79, 81/1 көп қабатты тұрғын үйлері ауласын абаттандыру мәселесі. |
Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан М. Мөңкеұлы көшесіндегі аяқталмай қалған жаяу жүргіншілер жолын салу, екінші қабатты асфальт төсемі жоқ жолдарын қалпына келтіру, жылыту трассасы, арықтар және жарықтандыру жұмыстары 2022 жылдың жоспарында қарастырылған. Тапсырыс беруші мекеме «Карачаганак Петролиум Оперейтинг» АҚ. Мердігер мекеме «Наурыз» ЖШС. Қазіргі таңда арық жүйесін орнату жұмыстары басталды. Сондай-ақ М.Мөңкеұлы көшесіндегі салынатын 2 қабат асфальт жабындысын салу жұмыстарының жобасына қазіргі танда мемлекеттік сараптама жүргізілуде. |
|
32. |
Зачаган кенті, Широкая көшесі № 4 және № 6 тұрғын үй аулаларын абаттандыру мәселесі. |
Қазіргі таңда Широкая 4,6 үй аулаларын абаттандыру жұмыстары (спорт алаңдары, бейнебақылау камералары, жарықтандыру және көлік тұрағы) толығымен аяқталды. |
|
33. |
Зачаган кенті, Балауса шағын ауданында мектеп салу мәселесі |
Балауса ш/а №53 ЖОББМ жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мектеп салынатын орны және жеке инвестор анықталды. |
|
34. |
Зачаган кенті, 18 мектеп құрылысы мәселесі |
Меловые горки ш/а №18 ЖОББМ жаңа 300 орынды мектеп құрылысының негізгі жұмыстары аяқталып, қазіргі танда жобаға қайтадан түзетулер (корректировка) жұмыстары жасалуда. |
|
35. |
Зачаган кенті, Жаксы ауыл шағын ауданының жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Зачаган кенті, Жақсы ауыл шағын ауданының жолын жөндеу жұмыстары бойынша 5 көшеге (Мұсағалиева, Дауқара батыр, Буйрин, Дауылбаева, Аққозы батыр) 3 жоба жасалды. Қазіргі таңда Мұсағалиева және Дауқара батыр көшелерінің жол жөндеу жұмыстарына бойынша мердігер мекеме анықталды. Нысан 2022 жылы толығымен аяқталатын болады. |
|
36. |
Зачаган кенті, Қошқарбаев көшесінің жол жөндеу мәселесі |
Балауса ш/а орналасқан Қошқарбаев көшесінің жалпы ұзындығы 810 м құрайды. Қазіргі таңда аталмыш көше бойынша жобалық-сметалық құжаттама жоқ. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда қарастырылатын болады. |
|
37. |
Зачаган кенті, № 6 маршруттағы қоғамдық көліктерді жаңарту |
№6 қоғамдық көлігін жаңарту мақсатында кәсіпорын тарапынан «ISUZU» маркалы 9 автобус сатып алынды. Қазіргі таңда №6 қоғамдық көлігінде 17 дана (жүру арасы 8-10 мин) автокөлік жұмыс жасайды. |
|
38. |
Зачаган кенті, Бөкейхан көшесінің жол жөндеу құрылысын толықтай аяқтау |
Бөкейхан көшесінің (ұзындығы 922 м) жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. |
|
39. |
Зачаган кенті, Болашақ ш/а Өзтүрік және Баласағұн көшелерінің жол құрылысы мәселесі
|
Болашақ ш/а жалпы ұзындығын қоса алғанда 1605 м құрайтын Өзтүрік және Баласығұн көшелеріне 2 жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар басталатын болады. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолымен арық жүйесі қарастырылған. |
|
40. |
Зачаган кентіне мешіт құрылысын салу мәселесі |
Қазіргі таңда «Орал қаласы, Жәңгір хан көшесіндегі 1500-2000 орындық мешіт» нысаны бойынша эскиздік жобасы анықталды. Қазақстан Мұсылмандар Діни бірлестігімен жұмыс жобасына тапсырыс беру қаражат қарастырылуда. |
|
41. |
Зачаган кенті, Саратовская көшесі № 26 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру |
Саратовская көшесі № 22,24,26 және Сейітов 1/3 үйлерінің аббаттандыру жұмыстары (бейнебақылау камералары, жарықтандыру және көлік тұрағы) толығымен аяқталды. |
|
42. |
Зачаган кентіндегі Облыстық балалар ауруханасы аумағындағы тынымбақты абаттандыруды жүзеге асыру мәселесі |
Зачаган кентіндегі Облыстық балалар ауруханасы аумағындағы тынымбақты абаттандыруды бойынша жасақталған ЖСҚ-ның мерзімі аяқталуына байланысты жүзеге асырылмады. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда 2022 жылы қосымша аталған жобаға түзету енгізілетін болады. |
|
43. |
Зачаган кенті, Меловые горки ауылының ішкі орам жолдарына жол салу мәселесі |
Меловые горки елді мекенінде 4,3 шақырымды құрайтын ішкі орам жолдарына жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. |
|
44. |
Орал қаласында 100 сауда орындарын ашу бағдарламасын жүзеге асыру |
Жергілікті «Көше саудасына 100 орын» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды. - 2019 жылы қала әкімдігімен «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-на 30 жер учаскесі берілді. - 2020 жылы қосымша 20 жер учаскесі беріліп, 2019-2020 жылдарға жалпы саны 50 құрады. - 2021 жылы қала әкімдігімен «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-на 90 жер учаскесі берілді. 20 жер учаскесі қаралу үстінде. Аталған сауда жерлерінде тазартылған су сату, шұжық өнімдері, гүл сату, жеміс-жидек және көкөністер сату, фастфуд қызметтерін жүргізетін дүңгіршектер орнатылады. Қазіргі таңда «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-на берілген жер учаскелерінде 43 жер учаскелерінде дүңгіршіктер орнатылған. |
|
45. |
Орал қаласы, Ет комбинаты ауданына жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары мәселесі |
Ет комбинаты ауданындағы ескі жарық шамдары 480 жарықдиодты шамдарға толықтай ауыстырылды. |
|
46. |
Деркөл кентінің мәдени – демалыс орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
«Деркөл» мәдени-демалыс орталығын жөндеуден өткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. |
|
47. |
Орал қаласы, Сдықов көшесі 64 тұрғын үй ауласын абаттандыру мәселесі |
Сдықов көшесі 64 тұрғын үй ауласын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда тұрғын үй ауласы абаттандырылады. |
|
48. |
Орал қаласы аумағындағы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары |
Орал қаласы бойынша бұралқы иттер мен мысықтарды аулау және биозарарсыздандырудан өткізу шаралары аясында 3 021 бұралқы ит ауланып, 2 208-і биозарарсыздандырудан өтіп, мекендеу ортасына кері жіберілді. Оған қоса, «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» Қағидасының 12 тармағына сәйкес адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіріп, агрессиялық мінез-құлық танытқан 813 бұралқы ит жойылды. |
|
49. |
Қала бойынша таксопарк желісін қалыптастыру |
Қала бойынша таксопарк желісін қалыптастыру мақсатында «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-ы арқылы «Жайык» такси таксопаргі ашылды. Жеке инвестор жаңа көліктерді паритеттік негізінде сатып алады және комфорт класты такси қызметін ұсынады. Қазіргі таңда 26 комфорт класты автокөліктермен қызмет көрсетеді. |
|
50. |
Қала бойынша жазғы уақытта ауыз суды сапалы және үздіксіз беру үшін жер асты және жер үсті көздерін жаңғырту бойынша жұмыстарын жүргізу |
Қазіргі уақытта 18 ұңғыманы қалпына келтіру жұмыстары толықтай аяқталды. Қосымша 6 жаңа ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде қазіргі таңда 3 ұңғыманы бұрғылау аяқталды.
|
|
51. |
Орал қаласы, Н.Савичев көшесіне толықтай ескі жарық шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру және қосымша бағаналар орнатып, жарықдиодты шамдар орнату мәселесі |
Н.Савичев көшесіне толықтай ескі жарық шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстырылды және қосымша жарықдиодты шамдардар орнатылды. |
|
52. |
Орал қаласы, Зачаган кенті, Бірлік 25 (пятно 50) тұрғын үйінің қолданысқа беру мәселесі |
Бірлік 25 (№50 Дақ) тұрғын үйі 2021 жылдың 15 наурызында қолданысқа берілді. |
|
53. |
Зачаган кенті, Арман ш/а, Жумалиев көшесіндегі асфальт жабынын және жаяу жүргінші жол құрылысын толықтай аяқтау |
Зачаган кентіндегі Қ.Жұмалиев көшесі Жақыпов көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі толықтай 1,1 км жолының құрылысы аяқталды. |
|
54. |
Орал қаласы, 4 шағын ауданның 4, 4А, 5 тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру |
4 шағын ауданның 4, 4А, 5 аула аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда 4 шағын ауданның 4, 4А, 5 аула аумағы абаттандырылады. |
|
55. |
Қала тазалығында үш жылдық қаржыландыру, қала аумағын аумақтарға бөлу, тазалық жұмыстары сапасын бақылауды цифрландыру |
Қала аумағындағы автомобиль жолдарын, жол өтпелерін (көпірлерді), алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа да орындарды санитарлық нормаларға сәйкес, жазда және қыста тұрақты жинау сапасын арттыру мақсатында бүгінгі таңда қала аумағы 5 аумаққа бөлінді. Сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, әр аумақ 2021-2023 жылдарға арналған "Жол және көпір құрылыстарын күтіп ұстау" бойынша комуналдық мекемелермен 3 жылдық келісімшарт жасалды. Олар: 1. Зашаған кенті бойынша -«ЖайықТазақала»ЖШС; 2. Деркул кенті бойынша –-«ЖайықТазақала»ЖШС; 3. Круглозерный кенті бойынша -«ЖайықТазақала»ЖШС; 4. Желаев аулы бойынша-«ГРАНД АЗИЯ»ЖШС ; 5. Орал каласы бойынша – «ЖайықТазақала»ЖШС.
2021 жылы «Жайық Таза Қала» ЖШС мекемесімен 5 бірлік МТЗ трактор 80, 4 бірлік КАМАЗ, 3 бірлік құм мен тұздың қоспасын тротуарға шашатын, 4 бірлік ВТЗ сатып және 2 бірлік луноход алынды және қосымша 6 бірлік КДМ; 2 бірлік қар тиегіш (снегопогрузчик 3 ручной снегоочиститель КО -206), 3 бірлік құм мен тұздың қоспасын тротуарға шашатын, 4 бірлік ВТЗ тротуар сыпыруға арналған, 3 бірлік жаяу жүргінші жолдарына құммен тұзды себуге арналған тіркемелер сатып алынды және ағымдағы жылы 15 техника сатып алу жоспарланып отыр. 2021 жылы жаңа 900 евроконтейнер (300 евроконтейнер түс ерекшелігімен бөлініп, қалдықтар бөлек жинауға арналған) және 100 металл контейнер алынды. Ағымдағы жылы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 70 контейнер алаңдарын салу, 1050 евро және темір контейнерлер алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 60 қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер алаңдарына 110 бейне-бақылау камерасын орнату жоспарлануда. Қала бойынша қоқыс шығаратын мердігер «Орал Таза Сервис» ЖШС мекемесімен 2021 жылы 2 техника сатып алынды және ағымдағы жылы қосымша 1 техника алу жоспарланып отыр. |
|
56. |
Орал қаласы, Неусыпов көшесі бойындағы ескі шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру мәселесі |
Неусыпов көшесі бойындағы ескі шамдар толықтай жарықдиодты шамдарға ағымдағы жыл ауыстырылады. |
|
57. |
Орал қаласы, Есенжанов көшесі 221/1 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңын салу |
Есенжанов көшесі №221/1 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңы қолданысқа берілді. |
|
58. |
Орал қаласы, №31 мектеп құрылысының мәселесі |
Жеке инвестор қаражатынан № 31 ЖОББ мектеп ғимаратының құрылысы 2021жылы басталды. Мектеп қолданысқа 2023 жылдың І жартыжылдығында аяқталатын болады. |
|
59. |
Орал қаласы, Ларина көшесі 5 тұрғын үйдің абаттандыру мәселесі |
Ларина көшесі 5 тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда Ларина көшесі 5 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылады. |
|
60. |
Орал қаласы, Қ.Аманжолов және Айтқұлов көшелерін жарықтандыру |
Қ.Аманжолов көшесін толықтай жарықтандыру жұмыстары 2022 жылдың І жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. |
|
61. |
Орал қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 153, 155/1 тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңын салу мәселесі |
2021жылдың 1 маусым күні Орал қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 153,155 тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. |
|
62. |
Орал қаласы, Гагарин көшесі 113 мекен жайға спорт алаңын салу мәселесі
|
Орал қаласының Гагарин көшесі №113 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы» нысанының құрылысына тұрғындардың қарсы болу себебіне байланысты жүзеге асырылмады. |
|
63. |
Орал қаласы, Ә.Кердері көшесі 139, 141 үйлердің аула аумағын абаттандыру |
Ә.Кердері көшесі 139, 141 аула аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда Ә.Кердері көшесі 139, 141 аула аумағы абаттандырылады. |
|
64. |
Орал қаласы №17 мектеп ғимаратының жөндеу жұмысы |
№ 17 ЖОББ мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Қаражат бөлінген жағдайда мектепке күрделі жөндеу жұмысы басталатын болады. |
|
65. |
Орал қаласы, Д. Кунаев ш/а 16 тұрғын үйі ауласына балалар ойын алаңын салу мәселесі |
2021 жылы 1 маусым күні Орал қаласы, Д.Кунаева ш/а 16,17,18,19,20 тұрғын үйлер аумағына балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. |
|
66. |
Орал қаласы, 2 ші жұмысшылар ауданына жол салу мәселесі |
2018-2020 жылдары аралығында 2-ші жұмысшылар ауданында Махамбет ақын,Көкшетау,Штыбы,Чуйков,Гастелло,Оренбургская,Ватутина, Ашхабадская көшелерінің жолы асфальтталды. Сонымен қатар Миханова, Матросова, Шевцова көшелерінің жолының құрылыс монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Исатай батыр және Мусин көшелерінің жолдарын асфальттау үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. |
|
67. |
Орал қаласының жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерінің тізімінің жаңарту және беру жұмыстары |
Қазіргі кезде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандар саны – 71 925 адам. Круглоозерное кентінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін арнайы есепке тұрған азаматтарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасақталып бекітілген. Барлық жер учаскелер азаматтарға кезек тәртібімен беріледі. Аталған жер телімдеріне газ, электр, су желілерін тарту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. 2022 жылы жер учаскелерін беру жұмыстары басталады. Сонымен қатар Жұлдыз ш/а 140 жер учаскісі әзірленуде. |
|
68. |
Орал қаласы, Әбілқайыр хан даңғылының жол жөндеу мәселесі |
«БҚО, Орал қаласы Карбышев көшесінен С.Датова көшесіне дейінгі Әбілхайыр хан даңғылының автомобиль жолын орташа жөңдеу» бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылады. |
|
69. |
Орал қаласы, Абай даңғылы 119 мекен жайына балаларға арналған ойын алаңын салу мәселесі |
2021 жылы 1 маусым күні Орал қаласы, Абай даңғылы 119 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. |
|
70. |
Орал қаласы, Жуков көшесі 2 тұрғын үй ауласын абаттандыру мәселесі |
Жуков көшесі 2 аула аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда Жуков көшесі 2 тұрғын үй ауласы абаттандырылады. |
|
71. |
Қаланың санитарлық қар тазалау жұмыстары, соның ішінде жаяу жүргінші жолын тазалау мәселесі |
Қаламызды санитарлық тазалау мақсатында «ЖайықТазақала» ЖШС мердігер мекемесімен келісім-шарт жасалып, қала аумағын санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бүгінгі таңда қысқы кезеңге ЖЖМ Дизель отыны (қысқы) – 300 т Дизель отыны (жазғы) – 17 т., Инертті материалдар: ПСС – 14 000 т дайындалды. "Жайық Таза Қала" ЖШС қызметкерлерінің саны 750 адамды құрайды. Қолмен жинау бойынша 30 бригада бар. Бүгінгі таңда шығарылған қардың жалпы көлемі – 186 900 м3. |
|
72. |
Орал қаласы, Х.Доспанова көшесі 46 тұғын үй ауласын абаттандыру |
Х.Доспанова көшесі 46 аула аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда Х.Доспанова көшесі 46 тұрғын үйі абаттандырылады. |
|
73. |
Орал қаласының Самара-Орал, Атырау – Орал және Орал-Подстепное тас жолы бағыттарының кіреберіс жолдарын абаттандыру, архитектуралық безендіру мәселесі |
Орал қаласының Самара-Орал, Атырау – Орал және Орал-Подстепное тас жолына салтанатты аркалар салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды, алайда аталған жобаға қаржыландыру болмағандықтан жүзеге асырылмады. |
|
74. |
Орал қаласы бойынша апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына үй кезегінің берілу мәселесі |
Орал қаласы бойынша «Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар» санаты бойынша–216 адам. 2021 жылдың 30 желтоқсан күні Самал көшесі, 64-пәтерлік (32-бір бөлме, 32 екі бөлме) №102 тұрғын үй жалғыз үйлері аппатты деп танылған азаматтарға берілді. Сонымен қатар, Орал қаласында 9- қабатты, көп пәтерлі ДАҚ № 9 «б» үйінің құрылысы жүргізілуде. Тұғын үйдің құрылысы тапсырылғаннан кейін, тұрғын үй кезегінде есепте тұрған «Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар» санатында кезек тәртібмен бөлу жоспарлануда. |
|
75. |
Орал қаласы, Әйтиев көшесі 70 тұрғын үй ауласына спорт алаңын салу мәселесі |
«БҚО, Орал қаласының Әйтиев көшесі №70,70/1,102 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешені және балалар ойын алаңдарының құрылысы» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. |
|
76. |
Орал қаласы, Жамбыл көшесі 75 және 77 үйлердің аула аумағын абаттандыру |
Жамбыл көшесі 75/77 аула аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда Жамбыл көшесі 75/77 аула аумағы абаттандырылады. |
|
77. |
Орал қаласы, Алмазов көшесі 69 тұрғын үй ауласына спорт алаңын салу |
2021 жылы 13 тамыз күні Орал қаласы, Алмазов көшесі 69 мекен жайына балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. |
|
78. |
Орал қаласы, Ә.Кекілбаев көшесінің жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Ә.Кекілбаев көшесінің жол жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылатын болады. |
|
79. |
Орал қаласы, Тоқсанов көшесінің жол жөндеу және жарықтандыру жұмыстары |
Тоқсанов көшесі толықтай жарықтандырылды. Аталған көшенің жолын жөндеу бойынша қаражат бөлінген жағдайда 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталады. |
|
80. |
Орал қаласы, Жүнісов көшесіндегі 178, 180 және Абай даңғылы 49, 196/1 тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру мәселесі |
Абай даңғылы 196/1, Жүнісов көшесіндегі 178, 180 және Абай даңғылы 49 аула аумақтарын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. |
|
81. |
Орал қаласы, Ескі аэропорт ш/а Қажымұқан және К.Малин көшелерінің жолын жөндеу мәселесі |
Яблоневая көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейінгі Қажымұқан көшесінің автомобиль жолын қайта құру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылады. |
|
82. |
Орал қаласы, Есқалиев көшесі 182 тұрғын үйінің абаттандарылу мәселесі |
Есқалиев көшесі 182 аула аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылады. |
|
83. |
Орал қаласы, Жақсығұлов көшесінің жолы жөндеу мәселесі |
«Жақсығұлов көшесі бойынша Ашхабадская көшесінен Құрманалиев көшесіне дейін автомобиль жолдарын күрделі жөңдеу» жобасы бойынша 2020 жылы құрылыс монтаж жұмыстары басталды. Мердігер мекемені мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануына байланысты, құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылды. Аталған жұмыстар жаңа мердігер анықталғасын 2022 жылы жалғасатын болады. |
|
84. |
Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 196/1 және 244/1 тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру мәселесі |
Н.Назарбаев даңғылы 196/1 және 244/1 аула аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда Н.Назарбаев даңғылы 196/1 және 244/1 тұрғын үйлерінің ауласы абаттандырылады. |
|
85. |
Орал қаласы, Шолохов көшесінің 2021жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Шолохов көшесі бойынша жалпы ауданы 2000 м2 астам жолды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Шолохов көшесінің жолын күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылады. |
|
86. |
Орал қаласы, Ғ.Қараш көшесіне жарықдиодты шамдарын орнату |
Ғ.Қараш көшесі 61 жаңа жарықдиодты шамдармен жарықтандырылды. |
|
87. |
Қала орталығы мен Зачаган кентінде бассейн ашу мәселесі |
Қаланы дамыту жоспары бойынша Зачаганск кентінде 50 метрлік бассейннің құрылысы 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Инвестор тарту көзделуде. |
|
88. |
Орал қаласы, Согласия көшесінің жарықтандыру мәселі |
Согласия көшесін жарықтандыру бойынша 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталады. |