Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет болып табылады.
Бюджет процесi – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттiк органдардың бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.
Жергілікті бюджет Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2014 жылдың 31 қазандағы №470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-бабына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қаланың ) бюджеті ауданның (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Негізгі әлеуметтік көрсеткіштер
|
Көрсеткіштер |
2021 жыл |
|
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы |
34 302 |
|
Ең төменгі зейнетақы мөлшері |
43 272 |
|
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері |
18 524 |
|
Ең төменгі жалақы мөлшері |
42 500 |
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш |
2 917 |
|
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы |
251 508 |
|
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері |
26 186 |
|
Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері |
21 787 |
Орал қаласының үш жылдық кезеңге (2021-2023 жылдарға) арналған бюджеті Батыс Қазақстан облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылды, Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №56-3 «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімімен бекітілді және Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №2984 «Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №56-3 «2021-2023 жылдарға арналған Орал қалалық бюджет туралы» қаулысымен жүзеге асырылады.
Орал қаласының 2021 жылға бекітілген бюджетінің жалпы көлемі 43 906,6 млн.теңгені құрады, 2020 жылы бекітілген бюджетке 19 425,1 млн.теңгеге немесе 31% азайған (бекітілген бюджет – 63 331,7 млн.теңге). Білім саласы бюджетінің облыстық деңгейге берілуі себебінен азайып отыр.
2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеттің негізгі параметрлері
млн.теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Нақтыланған бюджет |
Бекітлеген бюджет |
Бекітлеген бюджет |
|
|
Түсімдер, оның ішінде: |
39 396,1 |
9 022,3 |
9 683,1 |
|
Кірістер, оның ішінде: |
29 368,2 |
9 022,3 |
9 683,1 |
|
салықтық түсімдер |
11 598,7 |
7 894,5 |
8 517,5 |
|
салықтық емес түсімдер |
339,0 |
270,7 |
282,3 |
|
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
7 524,7 |
857,1 |
883,4 |
|
Трансферттер түсімі |
9 905,6 |
0 |
0 |
|
Қарыздар түсімі |
9 886,2 |
0 |
0 |
|
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары |
4 510,5 |
0 |
0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
141,7 |
0 |
0 |
|
Шығыстар |
35 816,9 |
9 022,3 |
9 683,1 |
|
Тапшылық |
6 783,8 |
0 |
0 |
Түсімдер
Болжамдық деректер салық салу базасы бойынша салық және уәкілетті органдардың мәліметтерін ескере отырып және Қазақстан Республикасының нақты түсімдері мен макроэкономикалық көрсеткіштерінің серпініне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 21.01.2015 жылғы №34 Бұйрығымен (және Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 23.05.2013 жылғы №149 бұйрығымен) бекітілген бюджет кірістерін болжау әдістемесін қолдана отырып есептелген.
2021 жылға арналған меншікті кірістер (салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер) 19 462,4 млн.теңге сомасында нақтыланды.
Трансферттер түсімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кірістер құрамына трансферттер кіреді. 2021 жылға жоғары тұрған бюджет деңгейлерінен 9 905,6 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттер және су бұру жүйелерін, коммуналдық шаруашылықты реконструкциялауға, сондай–ақ тұрғын үй құрылысына бөлінген кредиттер қарастырылған.
Осылайша, кезекті үш жылдық кезеңге арналған болжамды параметрлер мынадай көлемдерде айқындалған, атап айтқанда:
– 2021 жылға – 43 906,6 млн.теңге, 2022 жылға – 9 022,3 млн.теңге, 2023 жылға - 9 683,1 млн.теңге.
Кенттер мен ауылдық округтерге берілетін субвенциялар (жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қалалық бюджеттен берілетін бюджеттік қаражат) 2020-2022 жылдарға тиісінше 634,7 млн.теңгені, 818,8 млн.теңгені және 706,5 млн.теңгені құрады.
Даму бюджеті
Даму бюджеті негізінен инвестициялық жобаларды іске асыруға, қала үшін қажетті инфрақұрылымды, сондай-ақ әлеуметтік объектілерді салуға бағытталған. 2021 жылға арналған шығыстардың жалпы көлемінде даму бюджетінің көлемі 14 775,5 млн.теңгені немесе бюджеттің жалпы көлемінің 33,6%-ын құрайды.
Шығыстар
Нақтыланған бюджеттің жалпы көлемі 43 906,6 млн.теңгені құрайды.
2021-2023 жылдарға арналған Орал қаласының бекітілген бюджетінің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын іс-шараларды және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттің басқа да басым міндеттерін іске асыруға бағытталған.
2021 жылға арналған шығыстардың жалпы көлемінде даму бюджетінің көлемі 14 775,5 млн.теңгені немесе 33,6%–ды құрайды.
Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды, мәселен, әлеуметтік салаға 7 630,2 млн.теңге сомасында шығыстар жоспарланған немесе ағымдағы бюджеттің 19%.
Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блок шығыстары 2 функционалдық топты қамтиды: әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.
Тұтастай алғанда, әлеуметтік салаға арналған қалалық бюджеттің шығыстары 2021 жылғы шығыстардың жалпы көлемінің 17%-ын немесе абсолюттік мәнде – 7 630,2 млн.теңгені, 2022 жылғы – жалпы шығыстардың 36%-ын немесе 3 297,4 млн.теңгені, 2023 жылғы-жалпы шығыстардың 34%-ын немесе 3 381,1 млн.теңгені құрайды.
Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.
** Осы кестеде әлеуметтік салаға арналған шығындар 100%- ға алынып, әлеуметтік блокқа кіретін салалардың үлесі көрсетілді.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
Бюджеттің ағымдағы шығындары 2021 жылға 4 789,6 млн.теңге сомасында көзделген (2022 жылға – 2 125,4 млн.теңге, 2023 жылға – 1 192,3 млн.теңге).
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстары
млн.теңге
|
Атауы |
2021 |
2022 |
2023 |
|
Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша |
|||
|
Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
149,4 |
97,1 |
98,1 |
|
Жұмыспен қамту бағдарламасы |
614,4 |
152,2 |
158,3 |
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек |
1 010,7 |
48,6 |
50,6 |
|
Тұрғын үйге көмек көрсету |
30,0 |
31,2 |
32,4 |
|
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек |
567,2 |
491,6 |
511,3 |
|
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету |
27,8 |
28,9 |
30,1 |
|
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу |
7,8 |
8,1 |
8,4 |
|
Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу |
124,7 |
91,4 |
92,9 |
|
Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығы |
411,0 |
225,9 |
226,7 |
|
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну |
1 267,2 |
670,5 |
697,3 |
|
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету |
144,3 |
103,4 |
104,0 |
|
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту |
103,6 |
107,8 |
112,1 |
|
Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру |
96,7 |
20,9 |
21,7 |
|
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары |
6,4 |
- |
- |
|
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша |
|||
|
Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру |
150,0 |
- |
- |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
2021 жылға арналған бюджет шығындары 2 840,6 млн.теңге сомасында болжануда (2022 жылға – 1 172,0 млн.теңге, 2023 жылға – 1 188,9 млн.теңге).
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке шығыстар
млн. теңге
|
Атауы |
2021 |
2022 |
2023 |
|
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша |
|||
|
Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
23,5 |
16,4 |
16,6 |
|
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
748,5 |
569,4 |
574,9 |
|
Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi |
188,4 |
154,4 |
155,6 |
|
Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту |
3,4 |
3,5 |
3,6 |
|
Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша |
|||
|
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
16,9 |
10,8 |
10,8 |
|
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту |
260,9 |
192,6 |
195,0 |
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу |
42,5 |
41,1 |
42,7 |
|
Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы |
25,7 |
22,6 |
23,5 |
|
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары |
60,0 |
- |
- |
|
Орал қаласының ішкі саясат бөлімі бойынша |
|||
|
Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
73,4 |
53,9 |
55,4 |
|
Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер |
78,7 |
68,3 |
71,1 |
|
Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру |
44,8 |
38,9 |
39,6 |
|
Орал қаласының құрылыс бөлімі бойынша |
|||
|
Cпорт объектілерін дамыту |
496,8 |
- |
- |
Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық
2021 жылға арналған қалалық бюджетте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 19 688,0 млн.теңге қарастырылған (2022 жылға – 3 053,0 млн.теңге, 2023 жылға – 3 697,4 млн.теңге).
Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық шығыстар
млн.теңге
|
Атауы |
2021 |
2022 |
2023 |
|
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша |
|||
|
Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру |
113,7 |
116,0 |
117,7 |
|
Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау |
25,0 |
- |
- |
|
Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету |
1 996,3 |
2 038,5 |
2 334,9 |
|
Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту |
454,8 |
- |
- |
|
Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру |
787,3 |
447,8 |
665,9 |
|
Коммуналдық шаруашылықты дамыту |
215,0 |
- |
- |
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту |
1 839,4 |
- |
- |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
1 508,3 |
448,5 |
576,4 |
|
Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу |
5,0 |
2,1 |
2,1 |
|
Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру |
- |
- |
- |
|
Орал қаласының құрылыс бөлімі бойынша |
|||
|
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау |
7 672,9 |
- |
- |
|
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру |
4 593,6 |
- |
- |
|
Коммуналдық шаруашылығын дамыту |
18,7 |
- |
- |
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту |
40,9 |
- |
- |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау , жер қатынастары
2021 жылға арналған бюджет шығындары 51,6 млн.теңге сомасында нақтыланды (2022 жылға – 33,4 млн.теңге, 2023 жылға – 33,9 млн.теңге).
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау , жер қатынастары шығыстары
млн.теңге
|
Атауы |
2021 |
2022 |
2023 |
|
Орал қаласының жер қатынастары бөлімі бойынша |
|||
|
Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
44,6 |
33,4 |
33,9 |
|
Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру |
7,0 |
|
|
Көлік және коммуникация
2021 жылға арналған шығындар 5 157,6 млн.теңге сомасында жоспарланып отыр (2022 жылға – 771,8 млн.теңге, 2023 жылға – 613,4 млн.теңге).
Көлік және коммуникация
млн. теңге
|
Атауы |
2021 |
2022 |
2023 |
|
Көлік инфрақұрылымын дамыту |
1 817,6 |
- |
- |
|
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
509,8 |
350,0 |
350,0 |
|
Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру |
5,6 |
5,8 |
6,1 |
|
Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау |
2 210,0 |
416,0 |
432,6 |
|
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу |
614,6 |
- |
- |
Орал қаласының жергілікті атқарушы органының 2021-2023 жылдарға арналған резерві
млн.теңге
|
Атауы |
2021 |
2022 |
2023 |
|
Қаланың жергілікті атқарушы органының резерві |
236,9 |
182,8 |
198,5 |