Орал қаласы әкімдігі қала аумағындағы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізуді жариялайды

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшінуақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі

 

 

№

п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № )

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалпы аудаңы, га

Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

Өзгеде

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Егістік

Жайылым-дық

Шабын-дық

Басқа алқаптар

 

 

 

1

Круглоозерное кенті, Серебряков ауылы ауданында

 

*

 

*

 

210,0 га, жалға беру мерзім 10 жыл

210,0

-

-

-

-

 

 

қашық

 

 

 

Орал қаласы аумағындағы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2021 жылғы 31 тамыз күні сағат 11.00 де келесі мекен-жай бойынша өтеді:Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1, кіші мәжіліс залы

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысу құжаттары 2021 жылғы 12 тамыздан  27 тамызға дейінгі аралықта қабылданады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес мына мекен-жай бойынша: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1, 22-каб., сағат 9.00 ден 18.30- ге дейін (түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін).

 Телефон 8 (7112) 50-08-75 қабылданады.

 

 

Дата публикации
29 июля 2021