Перевалочный тоғайы аумағын орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы қоғамдық тыңдау

2021 жылы 18 тамыз күні сағат 11:00-де Орал қаласы, Карбышев көшесі, 60 үй (Жастар мәдениет үйі) мекенжайы бойынша Перевалочный тоғайы аумағын орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланған.

Аталған мәселеге қатысты ұсыныс-пікірлеріңізбен Орал қаласының жер қатынастары бөліміне хабарласуға болады.

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қоғамдық тыңдауға қатысуға ниетті тұрғындар алдын ала жазылуы қажет (ТАЖ, ЖСН).

Байланыс телефоны: 8 (7112) 51-31-11, 8 (7112) 51-74-35

Электрондық мекенжай: zemelni.otdel@bko.gov.kz

 

Дата публикации
14 июля 2021