А.ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойды.

А.ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойды.

9 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы»  атты семинар-кеңес өткізді.

Семинар жұмысына аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ,төраға орынбасарлары , хатшылары ,учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары ,аудан әкімдерінің орынбасарлары ,аппарат басшылары , аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары , сәйкесті мемлекеттік мекемелердің ,саяси партиялардың ,бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты.Барлығы жүзден астам адам қатысты .

Семинар-кеңесте әкімдердің тікелей сайлауын өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, науқанды қаржыландыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды. Мәселелер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып қаралды.

Іс-шара барысында  сайлау процессіне қатысушыларға  –    сайлау рәсімдерін мүлтіксіз сақтап, сайлауды қолданыстағы сайлау заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету туралы атап өтілді, ал бұл өз кезегінде барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерінен құзыреттілікті, жұмыстарының үйлесімділігін ерекше талап етеді.

Семинар белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес өткізілді.

Дата публикации
15 июня 2021