ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР: 88
|
№ |
АЙТЫЛҒАН ЕСКЕРТУЛЕР/ ҰСЫНЫСТАР |
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ/ЕСКЕРТЕ |
|
1. |
Деркөл кенті, Молодежная көшесінде қоқыс салатын жәшік орнату мәселесі. |
Молодежная көшесі бойынша контейнер алаңы қойылып, қоқыс контейнерлері орнатылды. |
|
2. |
Деркөл кенті, Өскен және Маштакова ауылдарына 7 маршрут автобустарын жүргізу мәселесі |
«Балауса ш\а – Ураллес-Үміт ш\а» бағытындағы №7 маршрутқа «Ақжол авто» ЖШС қызмет көрсетеді. Аталған маршруттың 1 рейс ұзақтығы 68 км құрайтындықтан, сізбен аталған орынға ұзартқан жағдайда, уақыт аралығы ұлғайатындықтан, сонымен қатар, қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен тасымалдауда үлкен қолайсыздық тудыратындықтан №7 маршрутты ұзарту мүмкіндігі жоқ екендігін мәлімдейді. Сонымен қатар Өскен және Маштакова ауылына дейін «Ақжол-авто» ЖШС –і қызмет көрсететін №16 маршрутқа Бөліммен келісілген келісімшартқа сәйкес 2 орта класты автобус қызмет көрсететіндігін назарыңызға саламыз. |
|
3. |
Деркөл кенті, Сарыарқа және Көкжиек шағын аудандарына балалар ойнайтын ойын алаңын, сонымен қатар Ветелки, Новостройка, Өскен ауылдарынада қарастыру мәселесі |
Өткен жылы Деркөл кенті әкімі аппаратымен Деркөл кенті аумағында 3 балалар ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілді, ағымдағы жылы да аталған жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес, Сарыарқа, Көкжиек шағынаудандарында, Өскен, Ветелки, Новостройка ауылдарында кешенді спорт және балалар ойын алаңын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға бюджеттік өтінім жолданды. |
|
4. |
Деркөл кент, Сарыарка шағын ауданына аялдама орнату мәселесі |
2020 жылы Деркөл кенті аумағында жаңадан 3 аялдама павильоны орнатылды, ағымдағы жылы 19 аялдама орнату жоспарланған. Жаңа аялдама орнату жұмыстары жүргізілген сәтте Сарыарқа шағынауданына да орнату мүмкіндігі қарастырылатын болады. Қазіргі таңда аялдама павильондарын жасау мен орнатуға конкурстық рәсімдер жарияланды. |
|
5. |
Деркөл кенті, Гаврилов және Сүйенбай жырау (Литейная) көшелеріне жол салу мәселесі |
Бүгінгі күні,Орал қаласы, Деркөл кенті Литейная, Гаврилов, Первомай көшелерінің автомобиль жолдарын қайта құру» жұмыс жобасы жасақталуда. Жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысын алу мамыр айының соңына жоспарлануда. Мақсатты қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылатындығын мәлімдейміз. |
|
6. |
Деркөл кентіне қарасты елді-мекендерге интернет желісін тарту мәселесі |
Деркөл кентіне қарасты шағынаудандар мен елдімекендерде интернет жылдамдығының төмендігіне байланысты, Деркөл кенті әкімі аппаратының мамандары «Транстелеком» АҚ-ның өкілдерімен бірлесе отырып, Деркөл кенті аумағындағы шағынаудандар мен елдімекендерге интернет желісін орнатудың техникалық мүмкіндіктері қаралды. Деркөл кентінен шалғай орналасқан Ветелки және Новостройки ауылдарында орналасқан сужинау станцияларының мұнараларына радиотолқынды интернет желісін орнатуға мүмкіндік бар екендігі анықталды. Электр желілері арқылы оптикалық-талшықты интернет желісін тартуға техникалық шарттар алынды. Жұмыстар толығымен аяқталған соң, интернетке қосылу мүмкіндігі толықтай шешілетін болады. |
|
7. |
Деркөл кенті аумағындағы орталық саябақты абаттандыру мәселесі |
Қазіргі таңда Деркөл кентінің орталық саябағын аббаттандыру бойынша қалалық урбанисттермен кездесу жоспарланды. Содан кейін саябықты абаттандыруға ЖСҚ әзірлеу немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар, Деркөл саябағын «Жайық Таза Қала» ЖШС мен «Жасыл ел» сарбаздары аббаттандыру жұмыстарын жүргезуде. |
|
8. |
Деркөл кенті, Көкжиек шағын ауданы, Гумилев көшесіне жарықдиодты шамдарды орнату |
2020 жылы Деркул кенті бойынша 1500 ескі шамдар жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Ағымдағы жылы жарықтандырылмаған көшелерге ЖСҚ жасақтау жоспарлануда. Гумилев көшесін жарықтандыру ағымдағы жылғы жоспарда бар. |
|
9. |
Деркөл кенті, Үміт шағын ауданына кіреберіс жерге және Набережный көшесімен негізгі жол (Окружное шоссе) қиылысына бағдаршам орнату мәселесі |
Ағымдағы жылы Набережный көшесі мен негізгі тас жол (Окружное шоссе) қиылысына бағдаршам нысанын орнату жоспарлануда. Деркөл кенті, Үміт шағын ауданына кіреберіс жолына бағдаршам нысанын қою мүмкін еместігін хабарлаймыз. |
|
10. |
Деркөл кенті, Сарыарқа шағын ауданы көшелерінің жол жөндеу жұмыстарын жалғастыру |
«Деркөл ауылындағы ТЖЖ (2-кезек) ішкі орам жолдарының және еріген суларды әкету құрылысы (түзету 2)»жұмысы жобасы аясында 2020 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, Б.Майлин көшесінің 1,3 шақырым жолы жөнделді. Құрылыс-монтаж жұмыстары 3 жылға жоспарланған. Ағымдағы жылы жұмыстар қаржыландыруға байланысты жалғасатындығын хабарлаймыз. |
|
11. |
Деркөл кенті, Райымбек батыр көшесімен Новостройка ауылының ішкі орам жолдарына жол салу мәселесі |
Бүгінгі таңды Новостройка ауылының ішкі орам жолдарын және Райымбек батыр көшелерін жөндеу жоспарда жоқ. Алдағы жылдары қаржыландыру сұрағы оң шешімін тапқан жағдайда аталған көшелерді жобалық сметалық құжаттама жасақтау жоспарына қосу қарастырылатын болады. |
|
12. |
Желаев округінде қоғамдық көліктерді үлкен автобустарға ауыстыру мәселесі |
Қазіргі таңда, №14 қоғамдық көлігіне кезектен тыс конкурс өткізілгенге дейін уақытша «Алый парус» ЖШС-і қызмет көрсетіп жүргенгендігін назарға саламыз. №14 маршрут жұмысы қатаң бақылауға алынды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы конкурс жоспарлануда. Өткізілетін конкурс барысында: Желаев кенті бағытындағы №14 маршрутқа 2 орта класты және 2 шағын класты автобус қызмет көрсетету керектігі көрсетілді. |
|
13. |
Желаев округының Құныскерей (Чкалов көшесі) көшесінде жаяу жүргінші жолын салу мәселесі |
Қазіргі таңда Құныскерей (Чкалов көшесі) көшесінде жаяу жүргінші жолын салу бойынша құны 12 590,6 мың теңге болатын сметалық есеп жасалды. Ағымдағы жылдың соңына дейін орындалатын болады. |
|
14. |
Желаев округіне балаларға арналған спорттық ойын алаңын салу мәселесі |
2020 жылы Орал қаласының құрылыс бөлімімен Самұрық көшесінде балалар және спорт алаңын салу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Мердігер мекеме болып «Жайык Сити» ЖШС анықталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. |
|
15. |
Желаев округі көше шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру мәселесі |
Округ аумағында 251көше шамдарының жарық нүктелері бар. 2019-2020 жылы 94 шам жарықдиодты шамдарға, 2021 жылы 126 шам жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Көше шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатын болады. |
|
16. |
Желаев округ аумағындағы «Желаевский элеватор» АҚ маңында бос жерлерге әлеуметтік және бизнес нысандары салу мәселесі |
Қазіргі таңда жасақталған Желаев селолық округінің егжей-тегжейлі жоспары бар. Барлық жер телімдері аталған егжей-тегжейлі жоспарға сәйкес, әлеуметтік және бизнес нысандарын салуға аукцион арқылы Орал қаласының жер қатынастары бөліміммен берілетін болады. |
|
17. |
Круглоозерный кенті, Отан көшесінің жолын жөндеу мәселесі |
Ағымдағы жылы Круглоозерный кентінің Отан көшесінің жолын жөндеу жұмыстары бойынша сметалық құжаттама дайындалды, Сәуір айында мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс тәсілімен жариялау жоспарлануда. |
|
18. |
Круглоозерный кенті, Серебряков ауылының ішкі жол мәселесі |
Ағымдағы жылы Круглоозерный кенті, Серебряково ауылының Жеңіс көшесіне қиыршық-құмтас қоспасымен жолдардың профилін түзеу жұмыстары бойынша сметалық құжаттама дайындалды, Сәуір айында мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс тәсілімен жариялау жоспарлануда. |
|
19. |
Круглоозерный кентінде балабақша ашу мәселесі |
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Орал қаласының білім беру бөлімімен Круглоозерный кентінде орналасқан, «Қамқор Құрылыс» ЖШС салған балабақшаны мемлекеттің меншігіне сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
|
20. |
Круглоозерный кенті, Серпер көшесіне жарық нүктелерін орнату мәселесі |
Ағымдағы жылдың соңына дейін Круглоозерный кенті, Серпер көшесіне жарық нүктелерін орнату бойынша жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
21. |
Круглоозерный ауылында Атамекен шағын ауданының жолын жөңдеу мәселесі |
Атамекен шағын ауданың Бөгенбай батыр көшесінің жолынакүрделі жөндеужұмысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау жоспарланды. |
|
22. |
Круглоозерный кентінде кешкі уақытта жастарға мектептің спортзалында волейбол ойындарын ұйымдастыру мәселесі |
Қазіргі елдегі санитарлық-эпидемиялогиялық ахуалға байланысты ойындар ұйымдастыруға шектеулер қойылған. |
|
23. |
Круглоозерный кенті, Серебряков ауылындағы футбол алаңының тозығы жеткен жабының алмастыру мәселесі |
Круглоозерный кенті, Серебряков ауылындағы футбол алаңының тозығы жеткен жабының алмастыру ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда. |
|
24. |
Круглоозерный кенті, Еңбекші көшесінің жолын жөндеу мәселесі |
Ағымдағы жылы Круглоозерный кенті, Еңбекші көшесінің жолын жөндеу жұмыстары бойынша сметалық құжаттама дайындалды, мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс тәсілімен жариялау жоспарлануда. |
|
25. |
Круглоозерный кенті Атамекен шағын ауданында балалар ойын алаңын орнату мәселесі |
Атамекен шағын ауданында балалар ойын алаңын орнату үшін қосымша қаражат сұратылып, оң қортындысы алынды. Ағымдағы жылы аталған жұмысты орындау жоспарлануда. |
|
26. |
Зачаган кенті, Талғат Бигельдинов, Баян Сұлу және Жерұйық көшелерінде жарықдиодты шамдарды орнату |
Т.Бигельдинов көше бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, қажетті қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар басталатын болады. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 3726 м құрайды, 103 бағанамен 206 жарықшам қаралған. Баян Сұлу және Жерұйық көшелері көше жарығын жаңғырту бағдарламасы аясында жарықдиодты шамдарға 2021 ж ауыстырылатын болады. |
|
27. |
Зачаган кенті, Мед.колледж аумағында балаларға арналған спорт және ойын алаңын салу мәселесі |
Медколледж аумағында орналасқан Жәңгір хан көшесі № 69,71 үйлер аумағына кешенді спорт және балалар ойын алаңын салуға Мемлекеттік сатып алу порталындағы конкурс нәтижесі бойынша мердігер мекеме анықталып, ағымдағы жылы жұмыстарды бастау жоспарлануда. |
|
28. |
Зачаган кенті, М.Мөңкеұлы көшесінде көпқабатты тұрғын үйлерінің абаттандыру жұмыстары |
Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан М. Мөңкеұлы көшесіндегі аяқталмай қалған жаяу жүргіншілер жолын салу, екінші қабатты асфальт төсемі жоқ жолдарын қалпына келтіру, жылыту трассасы, арықтар және жарықтандыру жұмыстары қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, жобаны іске асыру үшін көзі анықталуда. |
|
29. |
Зачаган кенті, Бірлік 7, 7/1 Саратов тас жолына жаяу жүргінші жолын салу мәселесі |
Қазіргі уақытта "БҚО Орал қаласында Орал-Саратов тас жолы және Пятимарская, Солидарности, Нижегородская көшелері арасында орналасқан 9 тұрғын үйлер ішкіорам өтімдерінің құрылысы және телефондандыру» ЖЖ" нысаны қазіргі уақытта жұмыстар жалғасын табуда. Ағымдағы жылы жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары толығымен аяқталатын болады. |
|
30. |
Зачаган кенті, С.Сейітов 23 үй ауласына балалар ойын алаңы орнату мәселесі |
Зачаган кенті, С.Сейтов 23 тұрғын үй аумағына ағымдағы жылы балаларға арналған ойын алаңы және воркаут элементтерін орнату жоспарда бар. |
|
31. |
Зачаган кенті, М. Мөңкеұлы көшесі № 79, 81/1 көп қабатты тұрғын үйлері ауласын абаттандыру мәселесі. |
Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан М. Мөңкеұлы көшесіндегі аяқталмай қалған жаяу жүргіншілер жолын салу, екінші қабатты асфальт төсемі жоқ жолдарын қалпына келтіру, жылыту трассасы, арықтар және жарықтандыру жұмыстары қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, қажетті қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар басталатын болады. |
|
32. |
Зачаган кенті, Широкая көшесі № 4 және № 6 тұрғын үй аулаларын абаттандыру мәселесі. |
Аталмыш үйлердің аулаларына жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоба бойынша спорт алаңдарын орнату, бейнебақылау камералары, жарықтандыру, көлік тұрағы қарастырылған. Жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.. |
|
33. |
Зачаган кенті, Балауса шағын ауданында мектеп салу мәселесі |
Балауса ш/а №53 ЖОББМ жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мектеп салынатын орны анықталды. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар басталатын болады. |
|
34. |
Зачаган кенті, 18 мектеп құрылысы мәселесі |
Меловые горки ш/а №18 ЖОББМ 300 орындыққа қосымша салу нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Қазіргі таңда мердігер «Альтаир» ЖШС мекемесімен құрылыс жұмыстары басталды. |
|
35. |
Зачаган кенті, Жаксы ауыл шағын ауданының жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Зачаган кенті, Жақсы ауыл шағын ауданының жолын жөндеу жұмыстары бойынша 5 көшеге 3 жоба жасалды, яғни Мұсағалиева және Дауқара батыр көшесіне, Буйрин және Дауылбаева көшелерінің, Аққозы батыр көшесі. Қазіргі таңда сараптамадан өтуде. |
|
36. |
Зачаган кенті, Қошқарбаев көшесінің жол жөндеу мәселесі |
Балауса ш/а орналасқан Қошқарбаев көшесінің жалпы ұзындығы 810м құрайды. Қазіргі таңда аталмыш көше бойынша жобалық-сметалық құжаттама жоқ. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда қарастырылатын болады. |
|
37. |
Зачаган кенті, № 6 маршруттағы қоғамдық көліктерді жаңарту |
№6 (Балауса ш\а- Жером) бағытындағы қоғамдық көлігіне «Ақжол авто» ЖШС қызмет көрсететінін мәлімдейді. Ағымдағы жылы қалалық №6 қоғамдық көлігін жаңарту мүмкіндігі қаралатындығын хабарлайды. |
|
38. |
Зачаган кенті, Бөкейхан көшесінің жол жөндеу құрылысын толықтай аяқтау |
Бөкейхан көшесінің жалпы ұзындығы 922м құрайды. Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары 80 % аяқталған, нысан ауыспалы болғандықтан 2021 жылы қалып қойған 100 м жол жөндеу жұмыстары және арық жүйесі толығымен аяқталатын болады. |
|
39. |
Зачаган кенті, Болашақ ш/а Өзтүрік және Баласағұн көшелерінің жол құрылысы мәселесі |
Болашақ ш/а жалпы ұзындығын қоса алғанда 1605 м құрайтын Өзтүрік және Баласығұн көшелеріне 2 жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар басталатын болады. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолымен арық жүйесі қарастырылған. |
|
40. |
Зачаган кентіне мешіт құрылысын салу мәселесі |
Зачаган кентінде мешіт құрылысына елді мекен жерлерінен өз қаражат есебінен мешіт салуға инвестор табылған жағдайда, бұл мәселе өз шешімін табатын болады. |
|
41. |
Зачаган кенті, Саратовская көшесі № 26 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру |
Аталмыш үйдің ауласына жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоба бойынша бейнебақылау камералары, аула ішіндегі жолдарды асфальттау, жарықтандыру, көлік тұрағы қарастырылған. Жыл соңына дейін жүзеге асырылады. |
|
42. |
Зачаган кентіндегі Облыстық балалар ауруханасы аумағындағы тынымбақты абаттандыруды жүзеге асыру мәселесі |
Зачаган кентіндегі Облыстық балалар ауруханасы аумағындағы тынымбақты абаттандыруды бойынша ЖСҚ жасақталды. Тынымбақ аумағы астынан өтетін инженерлік желілердің (кәріз коллекторының) жөндеу және қалпын келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
43. |
Зачаган кенті, Меловые горки ауылының ішкі орам жолдарына жол салу мәселесі |
Ағымдағы жылы Меловые горки елді мекенінде ішкі жолдары 4,3 шақырым құрайтын жобалық-сметалық құжаттама жасақтау жоспарлануда. Жобалаушы мекеме мемлекеттік сатып алу порталы бойынша анықталуда. |
|
44. |
Орал қаласында 100 сауда орындарын ашу бағдарламасын жүзеге асыру |
Жергілікті «Көше саудасына 100 орын» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды. 2019 жылы қала әкімдігімен «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ 30 жер учаскесі берілді. 2020 жылы қосымша 20 жер учаскесі беріліп, жалпы саны 50 құрады. Ол жерлерде тазартылған су сату, шұжық өнімдері, гүл сату, жеміс-жидек және көкөністер сату, фастфуд қызметтерін жүргізетін дүңгіршектер орнатылады. Қазіргі таңда «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-мен 44 жер телімін кәсіпкерлерге аукцион арқылы ұсынып, 6 жер телімдерін мамыр айында аукционға шығару жоспарлануда. Сауда дүңгіршектері бекітілген эскиз жобасына сәйкес жасалады. |
|
45. |
Орал қаласы, Ет комбинаты ауданына жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары мәселесі |
Ағымдағы жылдың жаз айларына дейін Ет комбинаты ауданындағы ескі жарық шамдарын жарықдиодты шамдарға толықтай ауыстырылатындығын хабарлайды |
|
46. |
Деркөл кентінің мәдени – демалыс орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2021-2022 жылдары «Деркөл» мәдени-демалыс орталығын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда, аталған жөндеу жұмыстары үшін ЖСҚ (ПСД) дайындалуда. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, орталық жұмысын қайта жандандырып, жұмыс бағытын жаңа форматқа ауыстыру жоспарлануда. |
|
47. |
Орал қаласы, Сдықов көшесі 64 тұрғын үй ауласын абаттандыру мәселесі |
Бүгінгі таңда , Сдықова көшесі 64 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамаыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады. |
|
48. |
Орал қаласы аумағындағы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары |
Жыл басынан күні бүгінге дейін бұралқы иттер мен мысықтарды аулау және биозарарсыздандырудан өткізу шаралары аясында 614 ит мен мысық биозарарсыздандырылып, мекендеу ортасына қайта жіберілді. Жалпы жоба басталғалы Орал қаласы бойынша 1 560 бұралқы ит пен мысық биозарарсыздандырудан өтіп, мекендеу ортасына кері жіберілді. Оған қоса, «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» Қағидасының 12 тармағына сәйкес адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіріп, агрессиялық мінез-құлық танытқан 340 бұралқы ит жойылды. |
|
49. |
Қала бойынша таксопарк желісін қалыптастыру |
Қала әкімдігімен бірігіп РММ " БҚО бойынша КБИ", сонымен қатар, БӘП БП ДП БҚО полиция қызметкерлермен, таксопарк басшыларының жиналыстары өткізілуде. Жиналыс барысында қазіргі уақыттағы таксопарктердің басты (такси агрегаторы, такси қызметінің жолаушыларға дұрыс қызметін көрсетуі, салон тазалығы, шетелдік есепте тұрған автокөлік құралдарының болмауы және т.б) мәселелері бойынша талқылаулар жүргізілуде. Сонымен қатар, қазіргі таңда қала бойынша таксопарк қызметін қалыптастыру мақсатында, қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай туғызу үшін такси көліктерін яғни, қала бойынша таксапарктерді жаңғырту сұрағы қаралып, инвестор тарту бойынша ұсыныс қарастырылуда. |
|
50. |
Қала бойынша жазғы уақытта ауыз суды сапалы және үздіксіз беру үшін жер асты және жер үсті көздерін жаңғырту бойынша жұмыстарын жүргізу |
«БҚО Орал кен орнының су тарту ұңғымаларының пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру бойынша ағымдағы жөндеу» нысаны бойынша конкурс жарияланып, «Жайыкгидрогеология» ЖШС-мен келсімшарты жасақталды. Қазіргі уақытта жұмыстар басталып, 2 ұңғыма бұрғыланды. «Орал қаласының жерасты су алғышында су алғыш ұңғымалар салу (бұрғылау)» нысаны бойынша конкурс жарияланып, «ПМК-117» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Сондай-ақ, «БҚО, Орал қаласының БӘС су тоғаны мен Камен топтық су құбырының магистральдық су құбырын қайта жаңғырту» ЖСҚ әзірлеу бойынша және жаңа 9 арнайы техника сатып алу бойынша конкрус жарияланды. |
|
51. |
Орал қаласы, Н.Савичев көшесіне толықтай ескі жарық шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру және қосымша бағаналар орнатып, жарықдиодты шамдар орнату мәселесі |
Н.Савичев көшесіне толықтай ескі жарық шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру және қосымша бағаналар орнатып, жарықдиодты шамдар орнату жұмыстары ағымдағы жылы жүзеге асырылатын болады. |
|
52. |
Орал қаласы, Зачаган кенті, Бірлік 25 (пятно 50) тұрғын үйінің қолданысқа беру мәселесі |
Бірлік 25 (№50 Дақ) тұрғын үйі 2021 жылдың 15 наурызында қолданысқа берілді. |
|
53. |
Зачаган кенті, Арман ш/а, Жумалиев көшесіндегі асфальт жабынын және жаяу жүргінші жол құрылысын толықтай аяқтау |
Зачаган кентіндегі Жақыпов көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін Қ.Жұмалиев көшесінің жолын қайта құру» жобасы аясында 2020 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталғандығын хабарлаймыз. Ағымдағы жылы нысан құрылысын толықтай аяқтау жоспарлануда. |
|
54. |
Орал қаласы, 4 шағын ауданның 4, 4А, 5 тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру |
Бүгінгі таңда , 4 шағын ауданның 4, 4А, 5 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталатындығын хабарлаймыз. |
|
55. |
Қала тазалығында үш жылдық қаржыландыру, қала аумағын аумақтарға бөлу, тазалық жұмыстары сапасын бақылауды цифрландыру |
Қала аумағындағы автомобиль жолдарын, жол өтпелерін (көпірлерді), алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа да орындарды санитарлық нормаларға сәйкес, жазда және қыста тұрақты жинау сапасын арттыру мақсатында бүгінгі таңда қала аумағы 5(бес) аумаққа бөлінді. Сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, әр аумақ 2021-2023 жылдарға арналған "Жол және көпір құрылыстарын күтіп ұстау" бойынша комуналдық мекемелермен 3(үш) жылдық келісімшарт жасалды. Олар: 1. Зашаған кенті бойынша -«ЖайықТазақала»ЖШС; 2. Деркул кенті бойынша –мердігер мекемені анық бойынша кокурстық шаралар жүргізілуде; 3. Круглозерный кенті бойынша -«ЖайықТазақала»ЖШС; 4. Желаев аулы бойынша-«ГРАНД АЗИЯ»ЖШС ; 5. Орал каласы бойынша – «ЖайықТазақала»ЖШС.
Сонымен қатар тазалық жұмыстарының сапасын бақылауын цифырландыру мақсатында бүгінгі күні Орал қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімімен (бұдан әрі – Бөлім), «Global information systems» ЖШС және "Жайық Таза Қала" ЖШС берілген функционалдық мүмкіндіктері бар "басқару, есепке алу және мониторинг жүйесі" бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның мақсаты жүйелік қолдаудың жұмысын тексеру, жұмыстың істелген сағат саны мен километражды ішкі есепке алу мақсатында жасалған жұмыс туралы күнделікті есепті қалыптастыру. Аталмыш енгізу барлық жұмыстарды басынан аяғына дейін толығымен бақылауға мүмкіндік береді, сәйкесінше тапсырыс берушіге жұмыс көлемін және сапасын анықтауға мүмкіндік береді. |
|
56. |
Орал қаласы, Неусыпов көшесі бойындағы ескі шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру мәселесі |
Неусыпов көшесі бойындағы ескі шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру ағымдағы жылы орындалады. |
|
57. |
Орал қаласы, Есенжанов көшесі 221/1 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңын салу |
«Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі Есенжанов көшесі 221/1 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңын салу мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын, құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланғандығын хабарлайды |
|
58. |
Орал қаласы, №31 мектеп құрылысының мәселесі |
Жылыту маусыма аяқталғаннан кейін «Каз-Хол» ЖШС жеке инвесторы қаражатынан № 31 ЖОББ мектеп ғимаратының құрылысы ағымдағы жылы басталады. |
|
59. |
Орал қаласы, Ларина көшесі 5 тұрғын үйдің абаттандыру мәселесі |
Бүгінгі таңда , Ларина көшесі 5 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы құрылысы жұмыстары басталатындығын хабарлаймыз. |
|
60. |
Орал қаласы, Қ.Аманжолов және Айтқұлов көшелерін жарықтандыру |
Қ.Аманжолов көшесін толықтай жарықтандыру жұмыстары ағымдағы жылы жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз. Бүгінгі таңда, Айтқұлов көшесін жарықтандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. |
|
61. |
Орал қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 153, 155/1 тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңын салу мәселесі |
2020 жылы «Орал қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 153, 155/1 тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңын салу» нысанының құрылыс жұмыстары басталды. 2021 жылдың мамыр айында қолданысқа беру жоспарланды. |
|
62. |
Орал қаласы, Гагарин көшесі 113 мекен жайға спорт алаңын салу мәселесі
|
Қазіргі уақытта «Орал қаласы құрылыс бөлімі» ММ-сі «БҚО. Орал қаласы, Гагарин көшесі 113 мекен жайға спорт алаңын салу» нысанының жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланды. |
|
63. |
Орал қаласы, Ә.Кердері көшесі 139, 141 үйлердің аула аумағын абаттандыру |
Бүгінгі таңда , Ә.Кердері көшесі 139, 141 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Жаз мезгілінде құрылысы жұмыстары басталатындығын хабарлаймыз. |
|
64. |
Орал қаласы №17 мектеп ғимаратының жөндеу жұмысы |
№ 17 ЖОББ мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Қаражат бөлінген жағдайда мектепке күрделі жөндеу жұмысы басталатын болады. |
|
65. |
Орал қаласы, Д. Кунаев ш/а 16 тұрғын үйі ауласына балалар ойын алаңын салу мәселесі |
Д. Кунаев ш/а 16 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңын салу мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын, қолданысқа беру 2021 жылдың шілде айына жоспарланғандығын хабарлайды. |
|
66. |
Орал қаласы, 2 ші жұмысшылар ауданына жол салу мәселесі |
2018-2020 жылдары аралығында 2-ші жұмысшылар ауданында Махамбет ақын,Көкшетау,Штыбы,Чуйков,Гастелло,Оренбургская, Ватутина,Ашхабадская көшелерінің жолы асфальтталды. Сонымен қатар 2020 жылы Миханова,Матросова, Шевцова, Жаксыгулова көшелерінің жолының құрылыс монтаж жұмыстары бастаталып, нысан өтпелі кезеңмен 2021 жылға жоспарланған. Ағымдағы жылы аталмыш жолдардың құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Исатай батыр және Мусин көшелерінің жолын жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. |
|
67. |
Орал қаласының жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерінің тізімінің жаңарту және беру жұмыстары |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген тапсырмасының қорытындысы бойынша бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға өтініш берушілердің қолда бар деректерін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандар Тізіліміне енгізу жөніндегі Жол картасына сәйкес, Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АИСГЗК) дерекқорына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрған азаматтарды бірыңғай Тізілімге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Круглоозерное кентінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін арнайы есепке тұрған азаматтарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасақталып бекітілген. ЕТЖЖ бойынша барлығы 1 141 жер учаскесі қарастырылған, барлық жер учаскелер азаматтарға кезек тәртібімен беріледі. |
|
68. |
Орал қаласы, Әбілқайыр хан даңғылының жол жөндеу мәселесі |
Бүгінгі күні « БҚО,Орал қаласы Карбышев көшесінен С.Датова көшесіне дейінгі Әбілхайыр хан даңғылының автомобиль жолын орташа жөңдеу» бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысын алу мамыр айының соңында жоспарлануда. Мақсатты қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылатындығын мәлімдейміз. |
|
69. |
Орал қаласы, Абай даңғылы 119 мекен жайына балаларға арналған ойын алаңын салу мәселесі |
Абай даңғылы 119 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңын салу мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын, қолданысқа беру 2021 жылдың шілде айына жоспарланғандығын хабарлайды. |
|
70. |
Орал қаласы, Жуков көшесі 2 тұрғын үй ауласын абаттандыру мәселесі |
Бүгінгі таңда , Жуков көшесі 2 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Жаз мезгілінде құрылысы жұмыстары басталатындығын хабарлаймыз. |
|
71. |
Қаланың санитарлық қар тазалау жұмыстары, соның ішінде жаяу жүргінші жолын тазалау мәселесі |
Қаламызды санитарлық тазалау мақсатында «ЖайықТазақала» ЖШС мердігер мекемесімен келісім-шарт жасалып, қала аумағын санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. 2020 жылдан 2021 жылға қараған қыс мезгілінде қала аумағынан 653 367 метр куб қар шығарылды."Жайық Таза Қала" ЖШС бойынша коммуналдық және жол техникасының жалпы саны 158. Ағымдағы жылы қосымша 6 КДМ; 2 қар тиегіш (снегопогрузчик 3 ручной снегоочиститель КО -206) және 6 құм мен тұздың қоспасын тротуарға шашатын, 6 бірлік ВТЗ тротуар сыпыруға арналған, 3 бірлік жаяу жүргінші жолдарына құммен тұзды себуге арналған тіркемелер алу жоспарда. Тәулігіне 2 ауысымда 260 бірлік техника (күндіз 140, түнде 120), жұмысшылар 350 адам (күндіз 300, түнде 50) жұмысқа жұмылдырылады. Қала көшелеріндегі төбеден түсіп қауіп төндіріп тұрған мұздарды алдырту және көшелердегі жаяу жүргінші жолдарын тазалау үшін қаламыздағы мониторинг топтары тиісті мекемелермен, КСК басшыларына, кәсіпкерлерге абаттандыру ережесінің 505 бабына сай Орал қаласының ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімімен құралған мониторинг топ қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақтары таратылды. Сонымен қатар, Орал қаласының кәсіпкерлерімен бизнес объектілердің иелеріне БҚО елді мекендерін абаттандыру ережелеріне сәйкес, меншік нысанына қарамастан, іргелес аумақты тазалау қажеттілігі туралы (Push-хабарлама) 712 мекемеге хабарлама жіберілді. |
|
72. |
Орал қаласы, Х.Доспанова көшесі 46 тұғын үй ауласын абаттандыру |
Бүгінгі таңда , Х.Доспанова көшесі 46 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Жаз мезгілінде құрылысы жұмыстары басталатындығын хабарлаймыз. |
|
73. |
Орал қаласының Самара-Орал, Атырау – Орал және Орал-Подстепное тас жолы бағыттарының кіреберіс жолдарын абаттандыру, архитектуралық безендіру мәселесі |
Орал қаласының Самара-Орал, Атырау – Орал және Орал-Подстепное тас жолына салтанатты аркалар салуға ЖСҚ жасқталды.Қаржы бөлінген жағдайда, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда. |
|
74. |
Орал қаласы бойынша апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына үй кезегінің берілу мәселесі |
Бүгінгі таңда, Орал қаласында 9- қабатты, көп пәтерлі ДАҚ № 6 және ДАҚ № 9 «б» үйлердің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс аяқталып тұрғын үйлер тапсырылғаннан кейін, тұрғын үй кезегінде есепте тұрған «Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар» санатында кезек тәртібмен бөлу жоспарлануда. |
|
75. |
Орал қаласы, Әйтиев көшесі 70 тұрғын үй ауласына спорт алаңын салу мәселесі |
Қазіргі уақытта «БҚО, Орал қаласының Айтиев көшесі №70,70/1,102 және Хусайнова №157/1 тұрғын үйлері аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы» нысанының жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланды. |
|
76. |
Орал қаласы, Жамбыл көшесі 75 және 77 үйлердің аула аумағын абаттандыру |
Бүгінгі таңда , Жамбыл көшесі 75/77 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Жаз мезгілінде құрылысы жұмыстары басталатындығын хабарлаймыз. |
|
77. |
Орал қаласы, Алмазов көшесі 69 тұрғын үй ауласына спорт алаңын салу |
Қазіргі уақытта «БҚО, Орал қаласының, Алмазова №69 тұрғын үйлері аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы» нысанының жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланды. |
|
78. |
Орал қаласы, Ә.Кекілбаев көшесінің жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Бүгінгі күні Ә.Кекілбаев көшесінің жол жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Мақсатты қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылатындығын мәлімдейміз. |
|
79. |
Орал қаласы, Тоқсанов көшесінің жол жөндеу және жарықтандыру жұмыстары |
Ағымдағы жылы Тоқсанов көшесінің жолын жөндеу жоспарда жоқ. Алдағы жылдары мақсатты қаржыландыру бөлінген жағдайда аталған көшеге жобалық-сметалық құжаттама жасақтау жоспарына қосу мүмкіндігі қарастырылатындығын хабарлаймыз. Тоқсанов көшесін жарықтандыруға өкім берілді. Ағымдағы жылы аталған көшеге жарық шамдары орнатылатындығын хабарлаймыз. |
|
80. |
Орал қаласы, Жүнісов көшесіндегі 178, 180 және Абай даңғылы 49, 196/1 тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру мәселесі |
Бүгінгі таңда, Абай даңғылы 196/1 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар,Жүнісов көшесіндегі 178, 180 және Абай даңғылы 49 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Аталмыш аулалар ағымдағы жылы жөнделетіндігін хабарлаймыз. |
|
81. |
Орал қаласы, Ескі аэропорт ш/а Қажымұқан және К.Малин көшелерінің жолын жөндеу мәселесі |
Бүгінгі күні Яблоневая көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейінгі Қажымұқан көшесінің автомобиль жолын қайта құру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысын алу мамыр айының соңына жоспарлануда. Мақсатты қаражат бөлінген жағдайда аталған жоба жүзеге асырылатындығын мәлімдейміз. |
|
82. |
Орал қаласы, Есқалиев көшесі 182 тұрғын үйінің абаттандарылу мәселесі |
Бүгінгі таңда Есқалиев көшесі 182 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда.Жаз мезгілінде құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігін мәлімдейміз. |
|
83. |
Орал қаласы, Жақсығұлов көшесінің жолы жөндеу мәселі |
Бүгінгі күні «Жақсығұлов көшесі бойынша Ашхабадская көшесінен Құрманалиев көшесіне дейін автомобиль жолдарын күрделі жөңдеу» жобасы бойынша 2020 жылы құрылыс монтаж жұмыстары басталып, ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталатынын хабарлайды. |
|
84. |
Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 196/1 және 244/1 тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру мәселесі |
Бүгінгі таңда Н.Назарбаев даңғылы 196/1 және 244/1 аула аумағын абаттандыруға ЖСҚ жасақталды. Ағымдағы жылы сәуір-мамры айларында сараптамадан өткізу жоспарлануда. Жаз мезгілінде құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз. |
|
85. |
Орал қаласы, Шолохов көшесінің ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Бүгінгі күні ағымдағы жөндеу бойынша мердігер мекеме анықталды және шұңқырларды фрезерлік материалмен толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Қолайлы ауа-райының басталуымен мердігер мекеме ағымдағы жылы жөндеуге кірісетіндігін хабарлайды. |
|
86. |
Орал қаласы, Ғ.Қараш көшесіне жарықдиодты шамдарын орнату |
Ғ.Қараш көшесін жарықтандыруға өкім берілді. Ағымдағы жылы жарықтандырылатындығын хабарлаймыз. |
|
87. |
Қала орталығы мен Зачаган кентінде бассейн ашу мәселесі |
Қаланы дамыту жоспары бойынша Зачаганск кентінде 50 метрлік бассейннің құрылысы 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Инвестор тарту көзделуде. |
|
88. |
Орал қаласы, Согласия көшесінің жарықтандыру мәселі |
Согласия көшесінің жарықтандыру бойынша ЖСҚ жасақтауға есептемелер жүргізілуде. |