Өткен күні мен уақыты: 10.04.2021 жыл, жергілікті уақытпен сағат 11.00.
Өткен орны: Орал қаласы, Астана шағын ауданы 10, Достық үйі.
Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекциясының таралу қаупіне байланысты көпшілік іс-шараларды өткізуге қойылған шектеулерге қатысты көпшілік тыңдау онлайн-трансляция форматында ZOOM платформасында өтті.
Қала тұрғындары онлайн форматта көпшілік тыңдауға қатысуы үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған арнайы 10 пунктте ұйымдастырылды.
Көпшілік тыңдау Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Күн тәртібі: Орал қаласы бойынша кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту бойынша ұсынысқа тиісті аумақ халқының пікірін ескеру туралы.
Төрағалық еткен: Сұлтанов Ақылбек Ұзақбайұлы - Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Қатысқандар: Орал қалалық мәслихатының хатшысы – Қалиев Есентай Ғиниятұлы, Орал қалалық мәслихатының депутаттары, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы – Серік Ерболатұлы Қайрлиев, қала тұрғындары, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Тыңдалды: Серік Ерболатұлы Қайрлиев - Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: «Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында халықтың пікірін есепке алу бойынша көпшілік тыңдау «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13-бабының 2-тармағына, Орал қалалық мәслихатының регламентінің 5.3-бабының 50-тармағына сәйкес және Орал қаласы әкімінің ұсынысы бойынша өткізіліп отыр. Көпшілік тыңдау Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атуларының транскрипциясын нақтылаумен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады».
С.Е. Кайрлиев Орал қаласының кейбір көшелері мен алаңын қайта атау бойынша ұсынысты атап өтті.
Сөз сөйлегендер:
Н.Жолдаскалиев, А.Абдулманов, А.Зинуллин, Франк Г.А, К.Нуршинов, О.Исаева, Г.Маулетова, Е.Ділман, Ш.Баймукашева, М.Ерсаев, А. Батырханов, Б.Адаханов, Н.Нургожин, С.Кулбеков, В.Жанадилова, Сәдір Нұрлан, Д.Джанузакова, Б.Бекужиев, И.Муталиев, С.Султангалиев, А.Нургожин ұсынысты қолдап сөз сойлеп, өз пікірлерін білдірді.
Көпшілік тыңдау отырысына қатысушылардың көпшілігі Орал қаласының кейбір көшелері мен алаңын қайта атау жөніндегі ұсынысты қолдады.
Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
|
1) М.Мәметова алаңы |
- Батыр қыздар алаңы |
|
2 |
2) Московская көшесі |
- Тәуелсіздік көшесі |
|
|
3) Мирзоян көшесі |
- Желтоқсан көшесі |
|
|
4) Согласия көшесі |
- Шәпет Қоспанов көшесі |
|
|
5) Тәуелсіздік көшесі |
- Бисен Жұмағалиев көшесі |
|
|
6) Светлая көшесі |
- Базарбай Жұманиязов көшесі |
|
|
7) Надежда көшесі
|
- Тұяқберді Қажыгерейұлы Шамелов көшесі |
|
|
8) Лиственная көшесі |
- Жанғали Набиуллин көшесі |
|
|
9) Букетная көшесі |
- Чесноков Николай Григорьевич көшесі |
|
|
10) Вольная көшесі |
- Сухан Камалов көшесі |
|
|
11) Лазурная көшесі |
- Букаткин Павел Романович көшесі |
|
|
12) Ореховая көшесі
|
- Рахметов Алдияр Молдашевич көшесі |
|
|
13)Евразийская көшесі |
- Еуразия көшесі |
деп қайта атау туралы ұсыныс мақұлдансын.
Комиссия төрағасы А.Ұ.Сұлтанов
Хатшы С.О. Маратова