Қазіргі мемлекеттік саясатты қалыптастыру жағдайында азаматтардың мүдделері мен қажеттіліктеріне басымдық беруге негізделген «адамға бағдарлану» қағидаты басты бағдар болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұрақты экономикалық өсу стратегиясы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, қолайлы орта құруға және негізгі коммуналдық, көлік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағдарлануы тиіс екенін бірнеше рет айтқан.
Осыған байланысты халықтың әлеуметтік көңіл-күйі мен тұрмыс деңгейін жүйелі түрде мониторингтеу өңірлік саясаттың аумақтық теңсіздікті айқындауға және оны реттеуде негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін негізгі индикаторына айналады.
2022 жылдан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (бұдан әрі – Институт) Өңірлік әл-ауқат индексін қалыптастырады. Бұл құрал Қазақстан Республикасының қалалық және ауылдық елді мекендерін қамтиды және статистикалық деректер мен әлеуметтанулық зерттеулер нәтижелеріне негізделген.
Өңірлік әл-ауқат индексінің әдіснамасы Азия даму банкімен ынтымақтастықта әзірленген.
Зерттеу шеңберінде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының жай-күйі, білім және медициналық қызметтердің сапасы мен олардың қолжетімділігі, экологиялық жағдай, қауіпсіздік деңгейі, жұмыспен қамту мүмкіндігі және халықтың күнделікті тұрмысына әсер ететін басқа да мәселелер қарастырылады.
Алынған нәтижелер ел өңірлерінде халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейін кешенді бағалауға, аумақтық дамудың негізгі проблемалық аспектілерін анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік пен өңірлік саясат шараларын әрі қарай жетілдіру үшін талдамалық негізді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңірлік әл-ауқат индексін қалыптастыру шеңберінде Институт 2026 жылғы мамыр-қыркүйек аралығында тұрғындардың тұру жағдайы мен әл-ауқат деңгейі бойынша пікірін зерделеуге бағытталған онлайн сауалнама өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған зерттеу нәтижелері өңірлік саясатты жетілдіру тәсілдерін әзірлеуде, сондай-ақ аумақтардың даму басымдықтарын анықтауда тікелей пайдаланады.
Өз кезегінде, азаматтардың сауалнамаға белсенді қатысуы өңірлерде тұрмыс сапасына неғұрлым объективті бағалау жасауға және оларды әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамыту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Онлайн-анкетаға сілтеме:
Мемлекеттік тілде:
https://forms.gle/gs5vvzkjNeWjDQS88
Орыс тілінде: