
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ
Орал қаласы бойынша жолаушылар тасымалымен 27 қалалық, 10 саяжай және 7 қала маңындағы маршруттармен қамтылған.
Жолаушылар тасымалымен 6 мекеме («УралТехСервис» ЖШС, «БҚАП» ЖШС, «Батыс Дилижанс» ЖШС, «Оралавтотранс» ЖШС, «Ақжол авто» ЖШС, «Алый парус» ЖШС) айналысады.
Қаладағы автобус парктерінде 409 автобус қарастырылған, оның 111 бірлігі ескі автобустар. Автобус паркінің тозуы 27% құрап отыр.
Қаланың жолаушылар тасымалында күнделікті 280 нен астам бірлік автобус жұмыс атқарады.
Жолаушы тасымалдаушы мекемелерінде 518 автобус жүргізушісі жұмыс атқарады (Автобус жүргізушілерінің орташа жалақысы 375 мың теңге).
АВТОБУС ПАРКІН ЖАҢАРТУ
2021-2022 ж.ж. қалалық тасымалдаушылар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 3,2 млрд.теңге соммасына 79 бірлік көлемінде отандық құрастырылған жаңа автобустарды сатып алды:
«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС «Yutong» маркалы үлкен класты - 30 бірлік автобус;
«Оралавтотранс» ЖШС «Некст вектор» маркалы орта класты - 15 бірлік және «ЛиАЗ» маркалы үлкен класты - 10 бірлік автобус:
«Ақжол-авто» ЖШС «Некст вектор» маркалы орта класты – 11 бірлік автобус;
«Батыс Дилижанс» ЖШС «Некст вектор» маркалы орта класты - 13 бірлік автобус.
2023 жылы тасымалдаушы компаниялар тарапынан 1,7 млрд. теңге көлемінде 34 дана автобус алынды, атап айтқанда 17 орта классты, 17 үлкен классты автобустар.
2024 жылы «Оралавтотранс» ЖШС компаниясы «Yutong» және «Вектор Некст» маркалы отандық 8 жайлы автобус және «Батыс Дилижанс» ЖШС -і «Вектор Некст» маркалы салқындатқыш құрылғысы бар (кондиционер) орнатылған 6 бірлік жаңа автобус сатып алды.
Сатып алынған жаңа автобустардың барлығында 5 жақты бақылау бейнекамералары орнатылған.
2025 жылы «Оралавтотранс» ЖШС компаниясы «Yutong» маркалы отандық 12 жайлы автобусты №5 қоғамдық көлікке сатып алды.
Жаңадан автобус сатып алуды жоспарлап отырған тасымалдаушы кәсіпорындар: «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС-і 10 үлкен класты автобустар , «Ақжол-авто» ЖШС -і 6 шағын класты автобустар, «Оралавтотранс» ЖШС-і 3 орта класты автобустар.
ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ
Қалалық тасымалдаушыларға 2021-2022 жылдары жергілікті бюджет қаражаты есебінен қалалық тасымалдаушыларға 5,9 млрд.теңге көлемінде субсидия берілді
2021 жыл- 2,04 млрд.теңге;
2022 жыл- 3,9 млрд.теңге;
2023 жылы – 5,2 млрд.теңге.
2024 жылы -5,2 млрд көлемінде субсидия бөлінді.
2025жылы-5,2 млрд көлемінде субсидия бөлінді.
ЖОЛ ЖҮРУ АҚЫСЫ
2023 жылдың 6 желтоқсанда Орал қаласы мәслихатының сессиясында қоғамдық көліктерде жол жүру тарифін қолма-қол ақшасыз төлеген кезде 100 теңге және қолма-қол ақшамен төлеген кезде 200 теңгеге дейін арттыру мәселесі қарастырылып, қалалық маслихаттың депутаттарының көпшілік дауысымен қабылданды. Көрсетілген тарифті 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап орнатылды.
Сонымен қатар, 2025 жылы жолаушылар көлігінің маршруттарын оңтайландыру мақсатында бағдарлама жасақтау жоспарлануда.
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Бүгінгі таңда Орал қаласы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 690,3 км құрайды, оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың ұзындығы 439,6 км (жолдардың жалпы ұзындығының 63,7%), топырақ жабынды жолдардың ұзындығы 250,7 км құрайды (жолдардың жалпы ұзындығының 36,3 %).
Ақпарат үшін:
Ауылдық округтерді қоспағанда Орал қаласы бойынша жолдарының жалпы ұзындығы 341 км құрайды.Қаламызда асфальт жабынының ұзындығы 236 км, топырақ жабынды жолдардың ұзындығы 105 км. Ауылдық округтерді қоспағанда Орал қаласы бойынша жалпы көшелердің саны 501.
2024 жылы жалпы ұзындығы 103,4 шақырым болатын 24 жоба бойынша жол жөндеу жоспарланған. Қажетті қаражат – 7,3 млрд теңге (бөлінген қаражат- 4,3 млрд теңге, қажетті қаражат- 3 млрд теңге).
- күрделі жөндеу – 6,01 км (2 жоба);
- реконструкция – 3,34 км (4 жоба);
- орташа жөндеу – 60,6 км (15 жоба);
- ANT әдісімен ағымдағы жөндеу – 33,4 км (3 жоба).
Анықтама:
Ағымдағы жөндеу бойынша 50-ден астам көше жоспарланса, қазіргі уақытта 45 көше ағымдағы жөндеуден өтті. (фрезерленген асфальт материал – 13 км, шұңғырларды бітеу- 25 000 м2).
2024 жылы 56,1 шақырым болатын 41 көше жөнделді.
2025 жылға жоспарланған нысандар:
Дайын жоба: 32 көше, жалпы ұзындығы 62 км, қажетті қаражат 12,2 млрд.тг құрайды.
Өтпелі нысандар: Ұзындығы – 53,9 км. Құны - 5,7 млрд.тг.
Түзетуде: 1 көше (Молдавская)
Өтпелі орташа жөндеу: 4 көше (Бельгер, Құныскерей, Карбышев, Желтоқсан). Ұзындығы – 4,7 км. Құны – 288 млн.тг.
Өтпелі нысандар: (4 шағынаудан бойынша: Строитель ш/а, Северо-Восток ш/а, 4-ші ш/а, 6-шы ш/а, Жеңіс ш/а). Ұзындығы – 38,6 км. Құны – 2,1 млрд.тг.
Күрделі жөндеу: 3 көше (Меловые горки, Вагонник, Скоробогатов). Ұзындығы – 4,3 км. Құны – 578 млн.тг.
Бүгінгі таңда:
Ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстары бойынша ҚР Үкіметінің төтенше резерві есебінен жасалатын жолдар тізбесі: