
Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Жәрдемақыларды тағайындау секторы
2025 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға» 1 103 513,0 мың теңге (жергілікті бюджеттен 90 768,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 544 253,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 468 492,0 мың теңге) бөлінді.
Соның ішінде:
АӘК – 1 018 315,0 мың теңге (жергілікті бюджеттен 90 768,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 459 055,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 468 492,0 мың теңге) бөлінді.
2025 жылдың 1 мамырына атаулы әлеуметтік көмек 466 отбасына (2 320 адам), оның ішінде көпбалалы 209 отбасы (1 336 адам) тағайындалды, 86 111,2 мың теңге төленді.
Қосымша төлемге – 85 198,0 мың теңге (облыстық бюджеттен, әр балаға 1,5 АЕК) бөлінді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына қосымша төлем 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қоса алғанда 767 балаға тағайындалды, 14 420,6 мың теңге төленді.
«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметіне 2025 жылға жергілікті бюджеттен 39 689,0 мың теңге бөлінген.
2025 жылдың 1 мамырына 255 отбасыға (260 мүгедектігі бар бала) тағайындалып, 19 594,7 мың теңге төленді.
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметіне 2025 жылға 5 100 квота бекітілді, 2 163 қызмет көрсетілді (565 бас тарту, 78 ұзарту, 1 520 рұқсат беру).
Иппотерапия
2025 жылғы 01 мамырдағы жағдай бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «3 жастан 18 жасқа дейнгі мүмкідігі бар балаларға арналған атпен жүру (иппотерапия) бойынша қызметтер» арналған жобаны іске асыру шеңберінде 50 мүгедектігі бар балаға қызмет көрсетілуде.
Қызмет көрсетуші – Батыс Қазақстан облыстық мүгедек балалардың «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі, келісімшарт жобасы – 37,2 млн.теңге.
2025 жылдың 20 мамырына жұмыспен қамту мәселесімен 8737 адам жолықты. Олардың 3294 жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемақы алуға өтініш білдірді. Есепті кезеңге жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 5316 адам.
Мемлекеттік қолдау шараларымен 1712 адам қамтылды.
1)Жұмыс беруші мәлімдеген бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспары 2408 адамды құрайды. Есептік кезінде 954 адам (оның 57 адам электрондық еңбек биржасы арқылы) тұрақты жұмысқа орналастырылды немемсе 40% (2024 жылдың 30 сәуірге 812 адам).
2)Жастар практикасын ұйымдастыру үшін 527 адам жолдау жоспарланып,нақты 80 адам жұмысқа орналастырылды немесе 14%(2024 жылдың 30 сәуірге 65 адам).
Жастар практикасын 6 адам жұмысын тоқтатты, 1 адам (16,6 %) тұрақты жұмысқа орналастырылды.
3) Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша жоспар 45 адам, 2 адам жұмысқа орналастырылды немесе 4% (2024 жылдың 30 сәуірге 9 адам).
4) Ұрпақтар келісімшарты жобасы аясында жоспар 2 адам.
Орындалуының төменгі көрсеткіштің себебі – Жастар практикасына жолдама алуға Мансап орталығына жастардың жолығу легі маусым – шілде айларына келеді. Жоспарды орындау мақсатында жұмыстар жүргізіп, орындалуының 60% жаз айларында күтілуде.
5) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 2025 жылға жоспар 67 адам. Есептік кезінде 52 адам (оның 20 адам электрондық еңбек биржасы арқылы) жолданды немесе 77,6% (2024 жылдың 30 сәуірге 23 адам). Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жұмысын 4 адам аяқтады, 1 адам (25 %) тұрақты жұмысқа орналастырылды.
6) Күміс жас жобасы бойынша жоспар 45 адам 46 адам жұмысқа орналастырылды немесе 104,5% (2024 жылдың 30 сәуірге 33 адам).
Күміс жас жобасы бойынша 4 адам аяқтады оларды тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
7) Қоғамдық жұмыс орындарына ұйымдастыру үшін 220 адам жолдау жоспарланды, нақты 295 адам жұмысқа орналастырылды 134% (2024 жылдың 30 сәуірге 311 адам).
Қоғамдық жұмыс орындарын 17 адам жұмысын аяқтады, 2 адам (11,7%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Ендігі кезекте жоғарыда аталған жоспардың толық орындалуына және
2025 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Бектеновтың төрағалығымен өткен бюджет шығыстарын қысқарту туралы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, жыл басынан жолданып мерзімінен бұрын аяқтаған азаматтардың орнына қайтадан немесе жаңадан қоғамдық жұмыстарға тұлғаларды жолдау тоқтатылды.
8) Кәсіптік оқуға жоспар 71 адам: (Аймақтық комиссияның отырысы күтілуде)
9) Жоспар бойынша 1 орынға мүгедектігі бар адамдарды арнайы жұмыс орындарын құру мақсатында және арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысына ай сайынғы субсидиялау үшін жоспар белгіленген болатын.
Күні бүгінге жұмыс берушілерден ережеге сәйкес өтінім түспеген. Жоспарды орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
10) Орал қаласы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК (1 572 800 тг) арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру жоспары 49 адамға жоспар белгіленді.
11) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 321 адамды оқыту жоспарланды 285 адам немесе 89% оқуға тіркелді. (2024 жылдың жоспар 720 адам 30 сәуірге 303 адам оқыды).
12) Қылмыстық жазасын өтеп келгендерді жұмыспен қамту бойынша бекітілген квота саны -3, орналасқаны – 1 (33%).
13) Пробация қызметі есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту бойынша бекітілген квота саны -16. орналасқаны – 5 адам (31%).
14) Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту бойынша бекітілген квота саны – 24, орналасқаны – 2 адам (8%).
Жыл басынан 260 мүгедектігі бар адам жолықты, оның 131 мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды, атап айтқанда:
21 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды;
98 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды;
2 адам жастар практикасына;
3 адам «Күміс жас» жобасына;
13 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқып, 5 адам сертификат алды;
Ұлттық жобалар шеңберінде өңірлік жұмыспен қамту картасын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылға Орал қаласы бойынша 22 жоба аясында 222 жұмыс орынын құру жоспарланып отыр.
Ашылған бос жұмыс орындарына 79 адам жұмысқа орналасты немесе 35%, оның ішінде 74 адамға электрондық келісімшарт жасалып, 63 адамға МЗЖ аударылды.
Есептік кезінде «Enbek.kz» сайтында жарияланған вакансиялар саны 30 бос жұмыс орны.
Материалдық және тұрғын үй көмегі секторы
2025 жылға жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегіне 24,7 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жыл басынан 272 отбасына (299 адамға 3,8 млн. теңге) тұрғын үй көмегі тағайындалды, өткен жылмен салыстырғанда 18,6 %-ға кем қамтылған (2024 жылы 334 отбасы бойынша 443 адамға 3,8 млн. теңге).
«Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» стандарты бойынша
2020 жылғы 12 ақпандағы №40-8 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 2025 жылы 835,6 млн.теңге бөлініп, 2025 жылғы 1 мамыр айына 495,8 млн.теңге игерілді.
Ай сайын:
соғысы кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 5 АЕК (19960 теңге) бойынша 10 адамға – 825,7 мың.теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді;
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні - 15 ақпан Ауғанстан аумағында әскери борышын орындау кезінде және Жеңіс күніне 9 мамырға мүгедек болған қатысушылар мен тұлғаларға 100,0 мың теңгеден 396 адамға 39600,0 мың. теңге және және 80,0 мың теңгеден -393 адамға 31440,0 мың теңге төленді;
- Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың, ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 4 адамға - 60,0 мың теңгеден 480,0 мың.теңге төленді.
Жеңіс күніне 9 мамыр
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 5000,0 мың теңге көлемінде – 8 адамға 40000,0 тыс. теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді;
– ҰОС кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының тұтқындарына, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 120,0 мың теңге мөлшерінде – 4 адамға 480,0 мың. теңге төленді;
теңестірілген 32 адамдарға 100,0 мың.теңгеден 3200,0 мың теңге төленді;
және Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 155 адамға 60,0 теңгеден жалпы сомасы 9300,0 мың. төленді ;
- Чернобыль АЭС-індегі апаттан, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған және қатысқан адамдар – 100,0 мың.теңгеден 165 адамға 16500,0 мың. теңге төленді;
марапатталмаған 983 адамға 50,0 мың.теңге көлемінде жалпы соммасы 49150,0 мың. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді;
Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – 100,0 және 80,0 мың.теңгеден 162 адамға - 16200,0 мың.теңге төленді;
әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары 100,0 мың.теңгеден 189 адамға 18900,0 мың.теңге;
ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан мүгедек азаматтарға төленді;
Ай сайынғы әлеуметтік көмек:
- амбулаторлық емделудегі тұрған туберкулезбен ауыратын тұлғаларға
жол жүруге және қосымша тамақтануға 10АЕК (39320) мөлшерінде 134 адамға – 17040,0мың теңге;
мөлшерінде 3 адамға 1148,7 мың теңге көрсетіледі.
Қалалық азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi табысын есепке алмай табысын есепке (15 АЕК 58980 теңге) 2385 адамға 140516,0 мың.теңге төленді;
- табысын есепке алғанда күнкөріске (15 АЕК 58980 теңге) 305 адамға жалпы соммасы 17988,4 мың теңге төленді,
- су тасқынына байланысты 6 адамға 2218,3 мың теңгн төленд, өрт болған жағдайда 9 адамға – 1769,4 мың теңге;
- табысын есепке алмай босатылған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайға түскен табыстарын есепке алмай 10 АЕК (39320теңге) мөлшерінде 73 адамға 2890,1 мың. теңге;
- табысын есепке алмай табысын есепке алмай мүгедектігі бар балаларға 15 АЕК (58980 теңге) 1201 адамға жалпы құны 71112,5 мың теңге;
- санаторийлік-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды
жеке көмекшілерге бірге алып жүруші адамдарға, олардың санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын 7 адамға жалпы құны – 1168,3 мың.теңге төленді.
Мүгедектігі бар адамдарды қорғау секторы
Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтерге әлеуметтік және кәсіптік оңалту, сондай-ақ олардың қоғам өміріне қатысуына мүмкіндік беретін басқа да шаралар кіреді.
Барлық мемлекеттік қызметтер мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламалары мен әлеуметтік оңалту бағдарламаларына сәйкес, жеке қажеттіліктеріне қарай ұсынылады.
2025 жылғы 1 мамырға қарасты:
-бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметі бойынша 756 адам қызметпен қамтамасыз етілді. Бұл қызметтер бейімделген ұйымдар арқылы және тікелей ұсынылады.
-ымдау тілі маманының қызметі бойынша 219 адам өтініш беріп, қызмет алды. Бұл қызметті 28 ымдау тілі маманы көрсетті.
-сурдо-тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 941 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 781 адам қамтамасыз етілді.
-жетек арбалармен қамтамасыз ету бойынша 134 өтініш түсті, оның ішінде 103 адам қамтамасыз етілді.
-санаторийлік-курорттық емделу бойынша 1509 адам өтініш беріп, 295 адам жолдама алды. Қалған өтініштер кезекке қойылып бару мерзімін таңдауда.
-техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету бойынша 503 өтініш түсті, оның ішінде 310 адам қамтамасыз етілді. Қалғандары мемлекеттік сатып алу рәсімдерін күтуде. (Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы)
Қызмет алушылар Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы тапсырыс береді. Мүгедектігі бар адамдардың оңалту құралдары мен қызметтерін тікелей жеткізушілерден Портал арқылы қамтамасыз етіледі.
Мүгедектігі бар адамдарды қала және оған жақын орналасқан елді мекендер арасында тасымалдау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бірқатар әлеуметтік жобалар, оның ішінде инватакси қызметі іске асырылады. Бұл жобаларға үкіметтік емес ұйымдар да қатысады.
Қазіргі уақытта 4 түрлі инватакси қызметі жұмыс істейді, тірек-қимыл аппараты бұзылған арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар, онкологиялық науқастарды, көру қабілеті бұзылған және туа біткен аномалиялары(даму кемістігі), деформациялары мен хромосомалық ауытқуы бар, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар. Медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысына сәйкес, 496 адам тіркелген, оның ішінде 274 ересек және 224 бала бар. Бұл қызметті 56 автокөлік (оның ішінде 10-ы арнайы жабдықталған) көрсетеді.
Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін бақылау: Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған әлеуметтік нысандардың қолжетімділігіне тұрақты мониторинг жүргізіледі, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен нысандарға шығу жұмыстары іске асырылады. Нысан басшыларымен құрылыс нормаларына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қолжетілімділік картасы бойынша жинақталған мәліметтер “Қолжетімділік интерактивті картасы” (бұдан әрі – ҚИК) атты республикалық дерекқор базасына енгізіледі. Бүгінгі күні ҚИК-ке 312 нысан енгізілген, оның ішінде 252-сі бейімделген.
Бөлім тарапынан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік қолдау және көмек беру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді, бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу.
2025 жылға 64 өтініш түсті. Бүгінгі таңда үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді 923 адам алады, оның ішінде жалғыс басты қария-764, I,II топтағы мүгедектігі бар адамдар-31, мүгедектгі бар бала-85, (тірек қимылы бұзылған мүгедектігі бар балалар-34, психоневорологиялық аурулары бар бала-51), 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар -43 адам.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу.
2025 жылға осы қызмет бойынша барлығы 192 өтініш түсті (67-зейнеткер, 30 мүгедек адам, 95 мүгедек бала).
2025 жылдың наурыз айынан бастап «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып 14 арыз қабылданып, орталыққа жіберілді.
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру.
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес Бөлім ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алуды жүргізеді. Жыл басынан бері осы қызмет бойынша 12 өтініш келіп түсті, біржолғы мемлекеттік қызметке 1 адамға ақшалай өтемақы төленіп, 5 адамға куәліктің түпнұсқасы берілді.
Ақталған адамға куәлік беру.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына сәйкес Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы мемлекеттік қызмет бойынша 2025 жылдың басынан бастап 2 өтініш келіп түсті, нәтижесінде 1 куәлік берілді.
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетті шектеулі кәмілетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 бұйрығы негізінде «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмілетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді.
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетті шектеулі кәмілетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу мемлекеттік қызметі бойынша 21 өтініш қабылданып, қорғаншы тағайындалды.
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмілетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 428 бұйрығының негізінде «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді.
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмілетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру мемлекеттік қызметі бойынша 5 өтініш қабылданып, 4 өтініш берушіге қызмет көрсетілді.
Бухгалтерлік есеп секторы
«Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы қаржыландыру жоспары 6378,4 млн теңге, соның ішінде, республикалық трансферттер есебінен -764,5 млн теңге, облыстық трансферттер есебінен –2132,5 млн теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен- 3481,4 млн тенге қалыптастырылды.
2025 жылдың 1 мамырына қаржыландыру жоспары бойынша 1660,7 млн теңге қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджеттен - 5,1 млн теңге, облыстық бюджеттен -376,5 млн теңге, жергілікті бюджеттен –1279,0 млн теңге.
Атқарылған сома 1638,8 млн теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен - 5,1 млн теңге, облыстық бюджеттен -376,5 млн теңге, жергілікті бюджеттен - 1257,2 млн теңге немесе барлығы 98,7 % игерілді.
Игерілмеген жергілікті бюджеттен -21,9 млн тенге.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29маусымдағы №263 бұйрығына сай денсаулық сақтау ұйымдарымен және жергілікті атқарушы органның шешімімен 61 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет тағайындалды. Оның 51-і жалғызбасты қариялар мен I-II топ мүгедектігі бар жандар, ал 9-ы мүгедектігі бар балалар, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адам-1. Жыл басынан бері әртүрлі себептермен (өз өтініші бойынша, мекенжай ауыстыруы, қайтыс болуы, т.б.) 46 адам есептен шығарылды. Олардың 42-і жалғызбасты қариялар мен I-II топ мүгедектігі бар адамдар, 4-і мүгедектігі бар балалар. Бүгінгі таңда мекемеде қызметалушылар саны-923,оның 764 жалғызбасты қария, 31-і I-II топ мүгедектігі бар адамдар(түрлі санаттар бойынша; ҰОС ардагері-1, ҰОСҚ жесірі-4, тыл еңбеккерлері-83, зейнеткерлер-676). 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдар бөлімі-43. Мүгедектігі бар балалар-85(оның 34-і ТҚА бұзылған,51-і психоневрология ).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, қалыпты өмірге қайта алып келетін медициналық, психологиялық, құқықтық және өзге де іс шаралар жүргізіледі.
Әлеуметтік бейімделу орталығының қызметі: құжаттарын рәсімдеу, әлеуметтік қолдау, медициналық, психологиялық көмек көрсету, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алуға жәрдемдесу, денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындау, уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру.
2025 жылдың 1 қаңтарында тұрып жатырғаны 55 адам болды.
2025 жылдың 01 мамырына дейін 40 адам қабылданды. Барлығы 95 қызмет алушы.95 қызмет алушының 14-і әйел адам, 81 ер адам.
2025 жылдың 01 мамырына дейін барлығы 95 қызмет алушының – 22 соттылығы бар, оның пробация қызметінің есебінде тұрғаны-4.
2025 жылдың 01 мамырына дейін құжаттары қалпына келтірілді–10 қызмет алушыға. Орталықтың тіркеуіне алынды-15.
2025 жылдың 01 мамырына дейін мүгедектік тағайындалғаны –3.
2025 жылдың 01 мамырына дейін жасына байланысты зейнеткерлік тағайындалғаны – 3 адам.
2025 жылдың 01 мамырына дейін қарттар үйіне орналасқаны – 12.
2025 жылдың 01 мамырына дейін жұмысқа орналасқаны - 23 адам соның ішінде барлығыда уақытша жұмысқа.
2025 жылдың 01 мамырына дейін тұрып жатқаны 46 адам.
Түнектегі адамдар тәуліктің түнгі уақытында жазғы мезгілінде сағат 21 - ден 9 - ға дейін, қысқы мезгілінде сағат 18 - ден 10 - ға дейін бола алады. 4 ай ішінде 120адамға қызмет көрсетті.
Ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында арнаулы әлеуметтік қызмет және медициналық қызметтер көрсетеді:
1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
2) дәрігерге дейін көмек көрсету.
2025 жылдың 01 мамырына дейін ұтқыр әлеуметтік патруль 103адамға қызмет көрсетті.
2025 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес 192 864,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының атқарылып жатқан жұмыстары туралы
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсету мақсатында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды.
2021 жылдың желтоқсан айында Дағдарыс орталығының Ережесіне облыстық прокурорының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, толықтырулар енгізіліп, Орталық 2022 жылдың қаңтар айынан бастап заңды өкілдерінің сүймелдеуімен, жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмаған балаларға қызмет көрсете алатын құқыққа ие болды.
Орталық, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 8 қызмет көрсетіледі.
3.Әлеуметтік-психологиялық көмек;
4.Әлеуметтік- педагогикалық қызметтер;
Жыл басынан көмекке 79 адам жүгінді. Орталықта уақытша тұрған 24 адам оның ішінде (9 әйел, 15 бала).
Отбасына оралғандар 11 адам (4 әйел, 7 бала), жалдамалы пәтер орналасқандар 11 адам (4 әйел, 7 бала), туыстарына кеткендер 2 адам (1 әйел, 1 бала).
2024 жылғы 11 қарашадан 2025 жылдың 12 мамыр аралығында 1 әйел, 1 бала қызмет алды.
36 адамға психологиялық кеңес жүргізілді.
5 адамға әлеуметтік кеңес берілді.
4 адам құқықтықтық кеңес алды.
Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмаған балалар қызмет алу үшін жүгінбеді.
Ағымдағы жылдың 3 айында орталықта 24 іс-шара ұйымдастырылды (6 тренинг, 7 дәріс, 4 мерекелік іс-шара, 3 дөнгелік үстел,1 кездесу, 1 танысу, 1 тікелей эфир). Статистика департаментімен бірлесіп «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі»: аңыздар мен шындық негізгі құқықтар призмасы арқылы (Қазақстан Республикасы заңнамсы контекстінде) тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты, орталық психологы М.Өтемісов атындағы БҚМУ, БҚИТУ-дың студентеріне «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізді.
Орталық мамандары БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
«Отбасы құңдылығы сарқылмас қазына» тақырыбына ҚР ҮҚК Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді және жұмысымен танысу мақсатында орталыққа әйелдер істері жөніндегі жергілікті полиция қызметінің инспекторлары келіп, зорлық-зомбылық фактілерін болдырмау мақсатында орталық тұрғындарымен әңгімелесті.
Сондай-ақ, орталық мамандары Х.Есенжанов атындағы облыстық кітапханада «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын артыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, оған БҚО ПД отбасылық –тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Д. Сатарова, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ж.Нұрмағамбетова, «Аналар Үйі» ресурстық орталығының аймақтық үйлестірушісі З.Шканова қатысты, М. Хасанова –кәсіби медиатор, Ж.Қожанова кәмелетке толмағандар мамандандырылған аудан аралық сотының инспектор-психологы.
Орталық мамандары БҚО бойынша департаментімен бірлесіп, «Тұрмыс» акциясы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Орталықтың директоры мен мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп ІІМ бастамсымен және ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен бүкіл ел аумағында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» Теректі ауданында өткен акциясына қатысты.
Орталықтың директоры Республикалық «Салауатты сана» атты жобасының шеңберінде «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» атты челендждің БҚО ҚХА Аналар кеңесінің отырысына қатысты.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Отбасын қолдау орталығы» КММ
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облысымызда табысы аз және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ өмір сүру сапасын арттыру, азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына жәрдемдесу үшін Орал қ. мен барлық аудандарда Отбасын қолдау орталықтары ашылды (2025 ж.бастап КММ түрінде).
2025 жылдың 1 мамырына Отбасын қолдау орталықтарына әртүрлі сұрақтамен кеңес алуға 53 адам жолығып, оларға 97 қызмет көрсетілді.
әлеуметтік маман 48 (Әлеуметтік көмектер – 2, тұрғын үй мәселесі –7, білім мәселелері бойынша – 14 , денсаулық сақтау – 2, бизнес бастау мәселелері бойынша – 1, шеберлік сабағы бойынша – 18, жұмысқа орналасу бойынша – 3, әр түрлі мәселе бойынша - 1),
Психолог 23 (жанұялық кеңес – 8, жеке мәселе бойынша кеңес –7, балаларға кеңес – 3, ұжымдық, топтық кеңес - 0, әртүрлі -5),
заңгер 6 (алимент - 6, арыз жазу – , бала құқықтарына қатысты – , ажырасу – , әртүрлі – ) қызмет түрін көрсетті.
Орталықтарда тұрақты түрде әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі, соның ішінде дөңгелек үстелдер, мастер-класстар, ақпараттық - ағарту жұмыстары, тікелей эфирлер, психологиялық тренингтер.
Барлығы 41 іс-шара өткізілді, соның ішінде 18 ақпараттық-ағарту жұмысы яғни кездесу өткізілді, ашық есік күні, тікелей эфир, психологиялық тренинг, 5 мерекелік шара ұйымдастырылды. Әр-түрлі бағытта 18 мастер-класс ұйымдастырылды.
Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты азамат 6 ай ішінде біржолғы әлеуметтік көмекке өтініш қалдыра алады.
Біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін дүлей апат салдарынан зардап шеккен азамат уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне келіп немесе мемлекеттік корпорация порталына электрондық түрде өтініш қалдыруы тиіс.
(ww.egov.kz)
Дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтар төмендегі құжаттармен өтініш қалдыра алады:
1. жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін)
2. өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан сенімхат бойынша уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады, егер:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болғанда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту жүзеге асырылады;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Сілтеме НҚА:
Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы.
Атаулы әлеуметтік көмекке (ӘЕК) құқылы жандар:
- жиынтық табысы ауданда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасылар және жалғыз тұратын адамдар;
-ҚР азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азаматтығы жоқ адамдар.
Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көзделген.
Көмек түрлері:
1.Шартсыз АӘК – жұмыс жасауға мүмкідігі болмаса:
- 1 немесе 2 топ мүгедектігі;
- созылмалы ауыру (2 айдан еңбекке жарамсыз болса);
- 3 жасқа дейін бала күтімі, мүгедектігі бар баламен, қарт адам күтімімен.
2. Шартты АӘК – егер, белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысатын отбасында еңбекке қабілетті мүшесі болса (оқу, қоғамдық жұмыс және т.б.).
- Егерде еңбекке қабілетті мүшесінде тұрақты жұмысы болса жұмыспен қамту шараларына қатыспайды.
Кайда жүгінуге болады?
- Тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына;
-Егер орталық болмаса – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне;
-онлайн - egov.kz портал арқылы.
Қажет құжаттар
- Жеке куәлік (паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі және т.б.);
Мерзімі
- өтініш қаралу - 15 жұмыс күн.
-қызмет тегін көрсетіледі.
-төлем жеке банктік шоттарға жүргізіледі.
Бас тартуға негіздер
- Отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен асып кетуі;
- Отбасында еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда ;
-Табыс және отбасы құрамы туралы жалған мәлімет ұсыну.
Бас тартқан жағдайда не істеу керек?
-Мансап орталығының маманынан себебін анықтау;
-Қажет кезде жоғарғы өкілетті органға шағымдану (жұмыспен қамту бөліміне, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына);
- заңды кеңес алу үшін тегін құқықтық орталыққа жолығу.
Қосымша кеңес алуға қайда жүгінуге болады?
- Call-центр egov.kz: 1414 (тегін);
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
- Онлайн-чат egov.kz;
- Құқықтық ақпарат порталы: adilet.zan.kz.
Сілтеме НҚА:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы.