
Орал қаласы, «Ақжайық» шағын ауданы мен Зачаганск кентінде жалпы сыйымдылығы 788 пәтерді қамтитын бес көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (№1 үй – 244 пәтер, №4 үй – 216 пәтер, №42 дақ – 208 пәтер, №5 үй – 80 пәтер, №6 үй – 40 пәтер). Сонымен қатар, тұрғындарға жайлы жағдай жасау үшін 8 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысанының құрылысы жүзеге асырылуда.
№1 үй, 12-шағынаудан, 2-квартал, ПДП «Ақжайық»
Мердігер – «А-КурманҚұрылысГрупп» ЖШС.
244 пәтерге есептелген. Нысанның келісімшарттық құны – 5 572 493 мың теңге. 2021–2024 жылдары 5 135 687,5 мың теңге игерілді, қалған сома – 436 805,5 мың теңге. Құрылыстың дайындық деңгейі – 90%. Ішкі әрлеу және қасбеттік жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2025 жылғы қазан.
№4 үй, 12-шағынаудан, 2-квартал, ПДП «Ақжайық»
Мердігер – «А-КурманҚұрылысГрупп» ЖШС.
Келісімшарттық құны – 4 501 701 мың теңге. 2025 жылға 436 805 мың теңге бөлінді, 153 041,5 мың теңге игерілді, 283 763,5 мың теңге игерілмеді. Дайындық деңгейі – 30%. Қабырғаларды көтеру және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары атқарылуда. Аяқталу мерзімі – 2026 жылғы қыркүйек.
№42 дақ, Орал қаласы
Мердігер – «Оңдасын Строй» ЖШС.
208 пәтерге есептелген. Келісімшарттық құны – 4 501 701 мың теңге. 2025 жылға 1 136 935 мың теңге бөлінді, 739 999,3 мың теңге игерілді, қалған сома – 393 304,8 мың теңге. Дайындық деңгейі – 85%. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, қасбеттік жұмыстар, терезелерді орнату және инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2025 жылғы қазан.
№5 және №6 үйлер, 4-шағынаудан, 1,2-квартал, ПДП «Ақжайық» (инженерлік желілер мен абаттандырусыз)
Мердігер – «Болашақ-Т» ЖШС.
№5 үй: 2025 жылға – 1 662 345 мың теңге бөлінген.
№6 үй: 2025 жылға – 849 270 мың теңге бөлінген.
Ағымдағы жағдай – мердігер анықталды, жер жұмыстары жүргізілуде.
Дайындық – 70%. Көппәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілерді тарту, тұрғын үйден қолданыстағы су құбырына су құбырын қосу, кәріз құбырын қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Кепілдік мерзіміне байланысты мердігер жөндейді.
Тапсырыс бойынша салынған жаңа тұрғын үйлер құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қабылдау актісі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның балансына өткізіледі. Объект балансқа берілгеннен кейін мердігер ұйымдар кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерді жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеттемесін өз мойнына алады. Егер тұрғын үй құрылысын жүргізген мердігер құрылыс нормаларын, стандарттарын немесе жобалық-сметалық құжаттаманы бұзса, және бұл жағдайлар қабылдау актісінен кейін белгілі болса, онда сол мердігер анықталған ақауларды өз есебінен жоюға міндетті.
Сілтеме НҚА:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 69 бабы