Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ОРАЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚЫСҚАША ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2025 жылдың 1 мамырына  қаладағы есепті деректер бойынша   39 881 шағын және орта кәсіпкерлік(әрі қарай-ШОК)  субъектісі тіркелген (соның ішінде:  7 318 заңды тұлға, 32 563 жеке кәсіпкерлер), өткен жылдың осы кезеңіне 104,3%құрайды.

 Тіркелген ШОК субъектілері ішінде  37 000(5 839 заңды тұлға, 31 161 жеке кәсіпкер) қолданыста, яғни тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 92,8% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,1%-ға  өскен.

2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны  90 219 адамды  құрайды, 2023 жылдың 1 қазанына 9,4%-ға өскен.

ШОК субъектілерімен 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында  1 050 054 млн.теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2024 жылдың осы кезеңіне 122,2% құрайды.

2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен республикалық бюджетке төленген салық көлемі 29 595,2 млн.теңге, жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 27 257,0 млн.тенге (соның ішінде: қ/б-15 777,0 млн.теңге; обл/б- 11 480,0  млн.теңге).

  2025 жылдың қаңтар-сәуір айында ШОК субъектілеріне 73(13,3га) жер учаскелері  бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 16(4,74га).

Сонымен қатар 307 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, соның ішінде:  3 дүкен бар.

  2025 жылдың қаңтар-сәуір айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 152 236,3  млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақт көлем индексі 104,7%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі  35,3% немесе 53 693,0 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 64,7% немесе 98 543,3 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 137 376,3 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 98,9%-ды құрады.

2025 жылдың 1 мамырына тауар қорларының көлемі: көтерме саудада –     49 576,8  млн.теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 33 632,2 млн.теңге құрап отыр.

2025 жылдың 1 мамырына  қалада 67 ірі сауда үйлері, 1849 дүкендер мен дүңгіршектер, 18 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 540 объект,              262 шаштараз,  киім тігу мен жөндеу бойынша 72 ателье, 272 авто шеберхана,  167 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 41 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар) бар.

Бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай кешенді бағдарламасы аясында 2025 жылы 2 181,0 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде:

-пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға–1 853,8 млрд. теңге;

-кредиттерді ішінара кепілдендіруге–179,4 млн. теңге;

-гранттық қаржыландыруға–147,8 млн. теңге.

2025 жылдың 4 айының қорытындысына сәйкес, Орал қаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетігі шеңберінде жалпы сомасы             3 905,8 млн. теңге болатын 43 жоба мақұлданды, кредиттерді ішінара кепілдендіру аясында 1 058,1 млн. теңге несие сомасына (314,6 млн.теңге кепілдік сомасы) 12 шартқа қол қойылды.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Ағымдағы жылдың қаңтар–сәуір айларында қаламыздың негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 155,2%-ға артып, 41,3 млрд. теңгені, соның ішінде, жеке инвестициялардың үлесі 28,1 млрд. теңгені құрады (бұл негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялардың 68%-ын құрайды).

2024 жылы қала экономикасын әртараптандыру үшін 27,5 млрд.теңгеге 166 жаңа жұмыс орнын құрумен 21 инвестициялық жоба іске асырылса, биыл 16,5 млрд. теңгеге 333 жаңа жұмыс орнын құрумен 19 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.

Оның ішінде: өндірістік бағытта - 6, саудада – 6, туризмде – 2, ауыл шаруашылығында - 1 және қызмет көрсету саласында - 4 жоба бар.

Бүгінгі күнге, құны 2,7 млрд. теңге болатын 4 жоба жүзеге асты. Оның ішінде «Батыс Капитал Лимитед» ЖШС-нің «Депо» көтерме-бөлшек сауда кешені бар. 2 қонақ үйдің құрылыс - монтаждау жұмыстары жүргізілуде (сыртқы қасбетін және абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарда, қонақ үйге қажетті құрылғыларға есік, жиһаз тағы басқа  тапсырыс берілді) олар Uralsk Offices және West plaza жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларына сәйкес, Орал қаласы бойынша 2024-2025 жылдары 5 инвестициялық жоба айқындалды:

-        «Hyundai Solar KZ 777» ЖШС – «Қоқысты қайта өңдеу кешені» жобасы (50 жұмыс орны, 81,4 млрд.тг);

-        «М-4» ЖШС - «Жиһаз өндіретін цех құрылысы» (16 жұмыс орны, 592 млн.тг);

-        «ПСП-Серік» ЖШС - «Орал қаласы «Самал» шағын ауданында жағалауды нығайту және су тарту құрылыстарын, пирстерді салу және жағажайларды ұйымдастыру» жобасы (93 жұмыс орны, 2,8 млрд.тг);

-        «Qurylys Development» ЖШС - «Орал қаласының аумағында 400 орындық орта мектеп құрылысы» жобасы (45 жұмыс орны, 2.3 млрд.тг);

-        «Pana Oral» ЖШС - «Орал қаласында көпфункционалды қонақ үй кешенінің құрылысы» жобасы (63 жұмыс орны, 2,15 млрд. тг).

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар - сәуір айларында кәсіпкерлік субъектілерімен 50-ден аса сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ) алынған. Бүгінгі күнге, осы сәулет – жоспарлау тапсырмаларына талдау жүргізілуде. Ішінде қоймалар, дүкен, автожөндеу бекеттері, қоғамдық тамақтану орындары, т.б. кәсіпкерлік нысандарының жобалары бар. Жобалар инвестициялық жобалар тізіміне енгізілуде.

 

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ–ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі апта сайын қаламыздың сауда үйлері, базарлары мен супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді.

Шаруа қожалықтарына өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз тікелей ұсынуға жағдай жасау мақсатында ауылшаруашылығы тауарлары өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге барлық аудандар,  сондай-ақ қала маңының 100-ға жуық ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін саттыққа шығарып қатысты. Тауарөндірушілерге орындар тегін берілді. Бүгінгі күнге 17 ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі (оның ішінде М.Ықсанов көшесінде-6, Зачаганск кентіндегі «Жәңгірхан» СҮ алдында-8, «Депо» базары аумағында-3) өткізілді.

Бұдан басқа, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау аясында өнім өндіруші кәсіпкерлік субъектілеріне қала аумағында нан, кондитерлік, шұжық, балық өнімдерін және т.б. сату туралы көше саудасына шығуға келісім беріледі.

Бүгінгі күнге, кондоминиум аумағында нан өнімдерін, көкөніс және жеміс жидек, газет-журнал және т.б. сатуға арналған 61-тан аса сауда павильондары орналастырылған. Оның 22 нан өнімдерін, 15 көкөніс және жеміс жидек сатуға арналған.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Орал қаласының жер балансына  сәйкес барлық категориядағы ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі  (егістік, жайылым, шабындық, бос жерлер, бау-бақша, көп жылдық екпе жерлер, басқа жерлер)         48,5 мың га құрайды (егістік – 23,3 мың га, шабындық – 2,2 мың га, жайылым – 9,6 мың га, бақша дақылдары – 0,1 мың га, бос жерлер –  3,4 мың га, көп жылдық екпелер – 1 мың га, басқалай жерлер – 8,8 мың га).

Анықтама: Деркул – 20,8 мың га, Зачаганск  кенті – 4,5 мың га, Круглоозерное кенті – 18 мың га.

Орал қаласында 60 ауылшаруашылық субъектілері бар                        (1 - мемлекеттік мекеме (сорт сынау бойынша инспектура), 16 - ЖШС,   34 - ШҚ және 6 - ЖК,   3 - ауылшаруашылығы кооперативі).

2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2 073,2 млн. тг құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 102,9% (өсімдік шаруашылығындағы өнімін өндіру – 407 млн. теңге, мал шаруашылығы – 1 666,2 млн. теңге).

Бүгінгі күнге дейін көктемгі далалық егіс жұмыстары 10 267,74 га алқапқа жүргізілді.

Анықтама: 3364 га жаздық дақылдар, соның ішінде 1808 га жаздық бидай, 1286 га арпа, 270 га сұлы, 3503 га мақсары, 33,44 га көкөніс-бақша дақылдары,   683 га біржылдық шөптер егілді (өткен жылдардағы көпжылдық шөптер 7404 га).

Алдыңғы жылы 2025 жылдың өніміне 2684 га күздік дақыл егілді (2119 га күздік бидай, 565 га күздік тритикале).

Ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне көктемгі далалық жұмыстарға 142,8 тонна жанар-жағармай бөлініп, «Petro Retail» ЖШС оператор болып белгіленді. Арзаңдатылған жанар-жағармай бағасы - 254 теңге.

2024 жылғы 12 ай қортындысына сәйкес мал шаруашылығын субсидиялау бойынша барлығы 28,6 млн.тг бөлінді. Соның ішінде:

- асыл тұқымды мал шаруашылығына 4,05 млн. теңге субсидия төленді.

Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша 379,5 млн. теңге көлемінде субсидия, өсімдік шаруашылығы бойынша 2,2 млн.тг субсидия төленді.

Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында екінші дақыл айналымда жалпы көлемі 77,4 мың шаршы метр  болатын 3 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.

 

 

Документы
Ақпарат
05 апреля 2022
"Орал қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі
Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту, жергілікті өндіруші кәсіпкерлерді қолдау мен тұрғындардың маусымдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген сауда орындары
Ақпарат
23 июля 2021
"Орал қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі
«Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 1 шілдедегі №21-05 хаттамасына және ВАК-ның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылғаны анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес, бұдан былай мобильді мониторингтік топтардың (бұдан әрі-МТ) рейдтері InfoKazakhstan.kz электрондық платформасында алдын ала тіркеу бойынша жүзеге асырылады.
Новости
Полезные материалы
Алгоритм гос поддержки
АӨК субсидиялау бойынша қадамдық алгоритмдері
Әлеуметтік қолдау шаралары туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Орал қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы