
Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру секторы
Негізгі міндеті – қала бюджетінің атқарылуы бойынша жұмыстарды орындау және ұйымдастыру.
2022 жылдың 1 шілдесіне шығыстар бойынша жоспар 15 340 678,0 мың теңге, орындалуы 15 339 301,1 мың теңге, немесе 100%. Бюджеттік түсімдердің жоспары мен қаржыландыруына 166 өзгеріс енгізілді, соның ішінде: қаулылармен – 2, сессия шешімімен- 15, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен үсынған өтініштер бойынша – 149 өзгеріс енгізілді.
Жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру секторы
Сектор мақсаты – бюджеттік есепті жүргізуді ұйымдастыру, шоғырландырылған қаржылық есептілік және қала бюджетін орындаудың бюджеттік есептілігін құрастыру.
Жергілікті бюджетті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігін әрмен қарай құрастыру үшін, сектормен жыл сайын және жартыжыл сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерімен ұсынылған шоғырландырылған қаржылық есептіліктері қабылданып салыстырылады.
Белгіленген мерзімге шоғырландырылған қаржылық есептілікті жоғары тұрған уәкілетті органға қағазға басылған және «Е-Минфин» жүйесінде қаржылық есеп түрінде тапсыру.
Коммуналдық меншікті басқару секторы
Сектордың негізгі мақсаты – қалалық коммуналдық меншікті басқару, қорғау, мемлекеттік меншіктің тиімді және дұрыс пайдалануы бойынша жұмыстар жүргізу.
Орал қаласының коммуналдық меншігінде тұрған:
2022 жылдың 1 шілде жағдайына 35 әрекет етіп тұрған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға беру) шарттары рәсімделді, жыл басынан 16 (он алты) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары рәсімделді;
Коммуналдық мүлікті жалға беруден 2022 жылдың 1 шілде айы жағдайына, бюджетке түскен сома – 15 403 973 тг құрайды.
Жалға беру нысандары – ғимарат нысандары, электр желілері бағаналары, ғимарат ішінде орналасқан үй-жайлар, ғимарат шатырының бір бөліктері, үй-жайдың жертөлелері, аялдама павильоны.
Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген 18 (жиырма үш) әрекет етіп тұрған келісімшарт рәсімделді, жыл басынан 2 (екі) сенімгерлік басқару келісімшарты рәсімделді, соның ішінде:
Жыл басынан 13 (он үш) мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) келісімшарттары рәсімделді.
Өтеусіз пайдалану нысандары – ғимараттар, ғимарат ішінде орналасқан үй-жайлар.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүліктерді есептен шығаруға рұқсат берілді, соның ішінде:
- негізгі құралдар –24 (жиырма төрт) дана.
Сектор тарапынан коммуналдық меншіктегі мүліктер бойынша 125 бұйрық дайындалып шығарылды.
Қала аумағында мемлекеттік мүлік реестрі бойынша:
1) мемлекеттік мекемелер (ММ) - 19;
2) коммуналдық мемлекеттік мекемелер (КММ) – 7;
3) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (МКҚК) - 3;
4) мемлекеттік коммуналдық кәсіорындар (МКК) - 1;
5) жауапкершілігі шектеулі серіктестер (ЖШС) - 1;
6) акцинерлік қоғам - 1 ресми түрде тіркелген.
Орал қаласының коммуналдық меншігіне 2 602 дана мүлік қабылданды, соның ішінде:
Орал қаласының коммуналдық меншігіне облыстық деңгейінен 266 дана мүлік қабылданды, соның ішінде:
- тұрғын жай – 1;
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді теңгерімінен теңгерімге 99 дана мүлік берілді, соның ішінде:
Орал қаласының коммуналдық меншігіне сыйға тарту шартымен жеке тұлғалардан 3 нысан қабылданды, соның ішінде:
- автомобиль -1;
- жобалық- сметалық құжаттама -1;