Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі саясат

1.Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

 

Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) ішкі саясат бөлімінің қолдауымен әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта және ақпараттық насихаттық жұмыстарға белсене қатысады. Орал қаласында 460-тан астам ҮЕҰ тіркелген, соның ішінде тек 60-қа жуығы белсенді жұмыс жасайды. ҮЕҰ-мен серіктестікте үйлестіру қызметін ҮЕҰ мен өзара байланыс жөніндегі қалалық Кеңес атқарады. ҮЕҰ өткізетін шаралар азаматтық қоғам құру, ұлтаралық және конфессияаралық  келісімді нығайту, сондай-ақ біздің аймақтағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған.

          Сонымен қатар, бөлім құзыретіне өз жұмысы жөнінде уақытылы есеп тапсырмаған ҮЕҰ-ға хаттама толтыру кіреді. Осыған байланысты бөлім мамандарымен 2022 жылы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабы, 1-бөлігі бойынша 9 хаттама толтырылды.

          2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 10 жобаға 31 млн. 363 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында – 9 млн. 450 мың теңге, ҮЕҰ-н дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға           21 млн. 913 мың теңге.

         

          2.Орал қаласында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы ақпарат

 

          2022 жыл басынан бері Орал қаласында 14 пен 29 жас аралығындағы жастарының саны – 55106. Оның ішінде, ерлер – 27 598, әйел адамдар – 27 508.

          Орал қаласында 4 жоғары оқу орындарында 24 667 студент оқиды, 19 арнаулы орта оқу орындарында 13 064 жас білім алуда. Студенттердің үздіксіз білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қаламызда қолданыстағы        12 студенттік жатақхана бар, ондағы студенттердің саны 2435. Қазіргі таңда шаһарымызда «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» МКҚК жатақхана құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің және Орал политехникалық колледжі студенттеріне арналған жатақхана салынуда.

          Барлық оқу орындарында студенттердің  тұлғалық дамуына, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға, шығармашылық шыңдалуына, рухани кемелденуіне, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал ететін 132 студенттік ұйым белсенді қызмет атқаруда, ондағы жастардың саны 12670.

          Шаһарымыздың өсіп өркендеу  жолында қызмет атқарып жүрген, сан алуан кәсіптің дамуына үлес қосқан 29 жасқа дейінгі  жастарымыздың саны - 3238. Отан алдындағы борышын өтеуге 309 азамат әскерге аттанды.

          Орал қаласында жыл басынан бері NEET санаты - 2,8% жас және 1,2% жас жұмыссыз болып тіркелді. Орал қаласында 64 жастар қоғамдық  бірлестіктері бар, олардың ішінде 15 жастар қоғамдық бірлестігі белсенді жұмыс жасауда.               

          2022 жыл басынан жастар бастамаларын қолдау, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және жастарды жұмыспен қамту бойынша онлайн және оффлайн форматта әр түрлі бағытта кеңес алуға 5100 адам жолықты.

 

Соның ішінде:

  • мемлекеттік бағдарламалар - 2000,
  • психологиялық кеңес - 280,
  • теологиялық кеңес -1350,
  • тұрғын үй мәселесі-258,
  • жұмысқа орналасу - 985,
  • заңгерлік кеңес - 127 жас жүгінді.

Сонымен қатар, мемлекетік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасқан жастар:

-Жастар тәжірибесіне -55 жас;

- Алғашқы жұмыс орны жобасы аясында  - 3 жас;

- Әлеуметтік жұмыс орнына - 14 жас;

- Қоғамдық жұмысқа - 44 жас;

- 283 жас жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналастырылды.

- 400 АЕК (1 225 200 теңге) көлемінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантпен – 6 жас қамтылды.

Маусым айы бойынша "Жасыл ел" бағдарламасы - 112 жас, Студенттік құрылыс бойынша - 29 жас жұмыс атқарды. Сонымен шілде және тамыз айларында да бұл бағдарламалар бойынша жұмыстарын жалғастырады.    

          «Жасыл Ел» бағдарламасына – Орал қаласы бойынша 300-ден астам жасты қамту жоспарлануда, орташа жалақы – 80 мың теңге.

          Студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары – 200 жасты қамту жоспарлануда, орташа жалақы – 100.000-150.000 теңге.

          Жастарды жұмыспен қамту және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін «Жастарға кеңес!», «Болашағың өз қолыңда», «Жетістік жолы» жобалары жүзеге асырылып, жыл бойы жастар үшін маңызы бар жұмыс іздеуші жастарды ынталандыру бойынша «SOFT SKILLS» семинар - тренингтері, «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі-2022», «Еңбек кубогі – 2022» кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттер арасында спорттық жарыстар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен «Jas business», «Жастар кәсіпкерлік үшін»  кәсіпкерлікті дамыту бойынша семинар тренингтер тұрақты түрде жүзеге асырылуда. «Жастар тәжірбиесі» және «Алғашқы жұмыс орны», «Қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсы» мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан «Орал жастары» волонтерлік корпусы құрылып, 300-ге жуық жастар волонтерлік қызмет атқаруда.       

 

Жастар арасындағы суицидтің алдын алу  және нашақорлықпен күресу мақсатында іс-шаралар өткізу

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Алаш жастар одағы» ҚҚ «Есірткіге жол жоқ!» акциясын жүзеге асыруда. Акция аясында волонтерлер, Орал қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары әлеуметтік желілерде есірткі сатуға қатысты сілтеме бар жазуларды сырлау бойынша 11 шілде күні жұмыстар жүргізілді.

Жоба аясында 8, 12, 13, 14 шілде күндері "Атамекен" жазғы демалыс лагерінде қала мектептерінің оқушылары арасында психологиялық тренингтер өткізілді. Тренингтер суицидтік әрекеттердің алдын алуға, балалардың психоэмоционалдық жағдайын анықтауға, қорқынышты жеңуге, өмірге деген оң көзқарасты нығайтуға бағытталған.

 

Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған шараларды өткізу

Отбасы - кез-келген қоғамның басты құндылығы. Сондықтан да отбасы институтын нығайту басты міндеттердің бірі.

А.ж. 7 сәуірінде «Bastau» коворкинг-орталығында «Как победить выгорание и стать счастливым» семинар-тренингі өтті. Оған түрлі сала психологтары, «Отбасы орталығы» мамандары, Полиция Департаменті инспекторы оқытушылар, тәрбиешілер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, көпбалалы аналар қатысты. 

13-15 сәуір күндері М.Өтемісов атындағы БҚУ №1-3 жатақханалары студенттерімен «Отбасың - келелі келешегің» - «Твоя семья – твоё будущее» семинары өтті. Семинарлар барысында арнайы мамандар жоспарлы емес жүктілік, аборт және контрацепция, жыныстық қолсұғылмаушылық бойынша тақырыптар қозғалды.

17 маусым күні  "Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған шараларды өткізу" жобасы аясында Шолохов скверіндегі жаңа амфитеатрда  «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті. Шараның басты мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасымен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Қалалық кезеңге 11 отбасы қатысып, жанұялар әр түрлі аталымдармен марапатталып, облыстық кезеңге жолданды.

 

Ардагерлер ұйымдарымен ұрпақтар сабақтастығына арналған шаралар өткізу.

2022 жылы  жоба аясында Орал қаласында мерейлі жасқа толған және мемлекеттік мейрамдармен 28 ардагерге құттықтау адресаттары мен жеміс-жидек себеттері дайындалып табыс етілді. 11 адамға соның ішінде ҰОС, еңбек және тыл ардагерлері, зейнеткерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да адрестік көмектер көрсетілді. Қаламызда ардагерлер мен зейнеткерлердің мобильді сауаттылығын арттыру мақсатында мастер класстар өткізілді.

 

ҚР рәміздерінің  30 жылдығына арналған патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «ҚР Рәміздерінің    30 жылдығына арналған патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында  а.ж. 3 маусым күні ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Рәміздер-іргелі еліміздің белгісі» атты патриоттық форум мен мерекелік концерт оздырылды. Сонымен қатар, 4 маусым күні қала тұрғындары және мемлекеттік кызметшілердің  қатысуымен  ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты көпшілік әнұран орындау акциясы ұйымдастырылды.

 

Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерін ынталандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2022 жылы 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдар кызметкерлерінің кәсіби мерекесі  қарсаңында «Интеграл» ЖҚБ ұйымдастыруымен  БАҚ өкілдеріне арналған шара болып өтті. Шарада Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов  журналистерді төл мерекесімен құттықтап, өз саласының үздіктерін арнайы аталымдармен марапаттады.

 

Мемлекеттік дін саясатын жүзеге асыру

Орал қаласының территориясында 25 діни бірлестік бар, оның ішінде: 4 сунниттік бағыттағы ислам, 11 православиелік бағыттағы бірлестік,                    8 протестанттық бағыт, 1 католик шіркеуі, 1 буддалық. Бөліммен қалада өз қызметтерін жүзеге асыратын барлық діни конфессиялар өкілдерімен әрдайым келіссөздер жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, дәстүрлі діндердің басты діни мерекелерінде қажетті ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетіліп отырады.

2022 жылы "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу" жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - қала тұрғындарымен алдын-алу бағытында профилактикалық шараларды жүзеге асыру. Осы бағытта фейсбук, инстаграм, ютуб сияқты әлеуметтік желілерде 72 жарияланым шығарылып, 4 тікелей эфирлер өтті.

А.ж. 26 мамырында "Орал "Сервис" технологиялық колледжі және Сервис және жаңа технологиялар колледжінің, 27 мамырда Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерімен кездесулер өтті.

16 маусымда діндар әйелдер арасында қазақ халқының салт-дәстүр, мәдениеті, тарихы қамтылған "Дін және дәстүр" интеллектуалды байқауы оздырылып, жүлделі орындарға ие болды. Дәл осындай бағытта 17 маусымда діни жамағат арасында "Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған" атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

30 маусым күні діндар жамағат арасында волейболдан жарыс өтіп, шараға                         5 команда қатысты.

9 шілдеде қалалық мәдениет және демалыс саябағында Құрбан айтқа байланысты мерекелік іс-шара өтті.

Сонымен қатар, мамыр және маусым айларында діни экстремизм идеологиясының алды алу жөніндегі 5 мың ақпараттық үлестірмелі материалдар дайындалып, халық көп шоғырланған жерлерде таратылды.

 

Ақпараттық саясат

Орал қаласының  аумағында әлеуметтік-қоғамдық іс-шараларады айқын насихаттау мақсатында қала көшелерінде түрлі әлеуметтік тақырыпта 90-нан астам баннерлер ілінді.

 

Документы
Жоспар
20 февраля 2025
"Орал қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
1 наурыз - 23 наурыз аралығында Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы белгіленген орындарда өтетін іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Есеп
09 января 2025
"Орал қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалау есебі
Жоспар
14 июля 2023
"Орал қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
17 шілде-17 тамыз аралығында Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы белгіленген орындарда өтетін іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Новости
Полезные материалы
Ішкі саясат
Медиагалерея
4
Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдауға бағытталған "Jastar Live" жобасы аясында әзірленген әлеуметтік бейнероликтер
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы