Ішкі саясат

 

Ішкі саясат

Ардагерлермен жұмыс. Қаламызда 4 ҰОС, 735 тыл ардагерібар.Қаламызда 55219 зейнеткер тұрады. Ардагерлер ұйымдары мүшелерінің саны – 16700.

Қаламыз бойынша Ардагерлер және Ақсақалдар кеңесі, Әжеле алқасы жұмыс атқарады.

Жыл сайын Жеңіс күніне орай қала бойынша 6 жерде (Жеңіс алаңымен қоса) гүлшоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.

«Ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ардагерлер ұйымдарын дамыту, сондай-ақ ҰОС, еңбек, тыл ардагерлері және зейнеткерлерімен шаралар өткізу» жобасы аясында қала тұрғындарына арнайы дайындалғанленталар ментөсбелгілер таратылды. Тұрақты түрде ҰОС, еңбек және тылардагерлері, зейнеткерлергеазық - түлік, дәрі - дәрмек және басқа да көмек көрсетілуде. Қала ардагерлерінің қатысуымен мұражайларға, зауыт, фабрикаларға 3 экскурсия ұйымдастырылды.

23 шілдеде Орал спорт клубында зейнет жасындағы ардагерлер арасында қалалық спартакиада оздырылды.1-орынға «Ардагерлер», 2-орынға «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы»,3-орынға «Өркен» командасы ие болды.

1 қазан – Халықаралық қариялар күніне орай қала әкімі М.Байменовтың ардагерлермен кездесуі өтті.

27 қазанда Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында «Ақ бата – ақ жол» ұлттық құндылығымызды ұлықтаған тағылымды шара өтті. Тағылымды кездесуде ақсақалдар батаның шығу тарихы, түрлері мен мән-маңызы түсіндірілді.

«Ардагерлердің өмірі –жастарға өнеге» атты мектептің жоғарғы сынып оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орныныңстуденттерімен 20 кездесу өтті.

Отбасылық және гендерлік саясат.

Қала әкімдігі жанында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және Аналар кеңесі жұмыс атқарады.Тоқсан сайын отырыстары өткізіліп, аталған бағытта өзекті тақырыптар қозғалады.

«Отбасы құндылықтарын қалыптастыру бойынша шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының базасында психологтар мен медиаторлардың жүргізген консультациялық жұмыстарының нәтижесінде ажырасуға өтінім берген 94 отбасының 27-сі (29%-ы) өз өз отбасыларын сақтап қалды.

Қала басышылғының қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай түрлі салада жемісті еңбек етіп, шаһар дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымымен кездесу өтті.

15 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды. Үздік отбасыларды іріктеу мақсатында арнайы комиссия құрылып өз шешімін шығарды. 15 шілдеде қала әкімі М.Байменовтың қатысуымен салтанатты шара өтіп, қатысушылар марапатталды. Бас жүлде – Ибрашевтар, 1-орынға – Кереевтер, 2-орынға – Қаратаевтар, 3-орынға – Тасқали отбасы ие болды. Отбасылар бағалы сыйлықтармен марапатталып, бас жүлде мен 1-орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды.Нәтижесінде Ибрашевтар отбасы облыстық кезеңнің 3-орын иегерлері атанды.

Психологтардың, қалалық Ақсақалдар және Аналар кеңесі қатысуымен некеге отыруға өтініш берген жастар арасында түрлі бағытта (отбасындағы рөлдер, қаржылық сауат, қақтығысты шешу, бала тәрбиесінің негіздері т.б тақырыптарда) 5 семинар-тренинг, сонымен қатар, түрлі мекемелер қызметкерлерімен, мектептер мен балабақшаларда ата-аналармен отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша кездесулер өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күні, «Отбасы күні», «Халықаралық отбасы» күніне орай байқаулар мен акциялар, спорттық шаралар өтті..

31 шілдеде Достық үйінде «Әке өнегесі – ұрпаққа мұра» тақырыбындағы қалалық Әкелер форумы өтті. Форумға 50-ден астам әкелер қатысты.

13 тамызда өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға немесе көпбалалы отбасыларға кеңес өтіп, «Мектепке жол» акциясы аясында Аналар кеңесі мен Отбасын қолдау орталығы демеушілерімен балаларға оқу құралдары мен сертификаттар табысталды.

Дін саласы. 2026 жылы Орал қаласында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу бағытында кешенді ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Орал қаласында 27 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде 7 исламдық, 11 православиелік, 6 протестанттық, 1 католиктік, 1 Иегова куәгерлері және 1 буддистік діни бірлестік бар.

Халық арасында діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі ретінде әлеуметтік желілермен жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде.

Атап айтқанда, 2026 жылы Instagram, Facebook және TikTok әлеуметтік желілерінде діни тақырыптағы 124 ақпараттық материал жарияланды. Сонымен қатар, YouTube платформасына 20 бейнематериал мен 2 подкаст орналастырылды. «Ақжайық» телеарнасының радиосында «Дәстүр және дін» тақырыбында 2 рет тікелей эфир ұйымдастырылып, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, әртүрлі діни орта өкілдерімен өзара байланысты нығайту, қоғамға бейімдеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бірқатар мәдени-спорттық және танымдық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, әйелдер жамағаты арасында этно-брошь жасау бойынша 3 шеберлік сабағы ұйымдастырылып, психологиялық тренингтер өткізілді. Ал ерлер жамағаты арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамдық ортаға тарту мақсатында футбол жарыстары мен садақ атудан спорттық сайыстар өткізілді.

Аталған іс-шаралар азаматтардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға, сондай-ақ дәстүрлі ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған.

Орал қаласында діни тұрақтылықты сақтау және профилактикалық жұмыстарды жетілдіру бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Жастар

Орал қаласында 14–35 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 105 297 адамды құрайды. Оның ішінде 52 932-сі – ер азаматтар, 52 365-і – әйелдер.

Қазіргі таңда Орал қаласында 14-35 жасқа дейінгі 238 жас пробация есебінде тұр.

2026 жылдың қыркүйек айындағы мониторинг нәтижесінде қала бойынша 1 209 NEET санатындағы жас анықталды. Бұл қала жастарының жалпы санының 1,15%-ын құрайды.

Қалада білім беру саласында 54 жалпы білім беретін мектеп, 4 жоғары оқу орны және 22 арнаулы орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Жалпы білім беретін мектептерде 65 242 оқушы білім алуда. Жоғары оқу орындарында 19 960 студент, ал арнаулы орта білім беру ұйымдарында 13 719 студент білім алуда. Сонымен қатар қалада студенттерге арналған 15 жатақхана жұмыс істейді.

Жастарды жұмыспен қамту және еңбек нарығына тарту мақсатында 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жастарға қажетті ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету мақсатында «Жастарға – кеңес!» жобасы аясында 15 көшпелі кеңес ұйымдастырылды. Кездесулер барысында жастарға тұрғылықты жерлері бойынша қажетті кеңестер мен ақпараттар берілді.

Сонымен қатар өңір жастары арасында «Болашағың өз қолында!» тақырыбында 15 ақпараттық-насихаттық іс-шара өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жастардың білім алуға, еңбек етуге, кәсіби тұрғыда дамуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға деген қызығушылығын арттыру.

Жастарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарында 20 кездесу ұйымдастырылды.

Мансап орталығымен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 1720 жас тұрақты жұмысқа(мамандығы бойынша,мамандығына сәйкес емес) орналастырылды. Сонымен қатар жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары мен өзге де тетіктері арқылы 301 жас «Жастар практикасы» бағдарламасына, 57 жас қоғамдық жұмыстарға, 3 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына тартылды. Бұдан бөлек, «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында 30 жас жұмыспен қамтылды.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 360 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 300 жас Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, ал 60 жас Орал қаласының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еңбек етті.

Кәсіпкерлікті дамыту және жастардың бизнес бастамаларын қолдау бағытында 2026 жылы 10 жас мемлекеттік қайтарымсыз грант иегері атанды. Сонымен қатар 174 жас «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті.

Орал қаласының ақпараттық - талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан«Орал жастары» волонтерлік корпусы құрылып, 100 ге жуық жастар волонтерлік қызмет атқаруда.

Үкімметтік емес ұйымдармен жұмыс

Орал қаласында үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) азаматтық қоғамды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу және мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастықты нығайту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда қала аумағында 450-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, олардың 50-ге жуығы белсенді қызмет атқарады.

ҮЕҰ қызметі азаматтық қоғам институттарын дамытуға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, сондай-ақ өңірдегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен қатар, ұйымдар қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысады.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап Орал қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар арасында Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес жыл сайынғы есепті белгіленген мерзімде, яғни 31 наурызға дейін ұсыну қажеттілігі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, esep.govtec.kz веб-порталы арқылы есептерді тапсыру бойынша ұйымдарға практикалық көмек көрсетілді.

Бұдан бөлек, бөлімнің құзыретіне заңнамада белгіленген мерзімде өз қызметі туралы есеп ұсынбаған үкіметтік емес ұйымдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру кіреді. Осыған байланысты, 2026 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

2026 жылы Орал қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын жүзеге асыру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Заң мен тәртіп»

Орал қаласының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, «Заң және тәртіп» идеологиясын дамыту және ілгерілету жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың, интернет-алаяқтықтың, нашақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және қоғамдық орындарда тегін құқықтық кеңес беру акциялары, ашық есік күндері мен қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды. Қала тұрғындарына әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек және тұрғын үй қатынастары, тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нашақорлықтың алдын алу бағытында «Мен өмірді таңдаймын» бейне-сауалнамасы, ашық микрофон, ақпараттық акциялар, заңсыз есірткі жарнамаларын жою жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, жастар мен әскери қызметшілер арасында кездесулер ұйымдастырылып, 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Таңдау сенің қолыңда» атты қоғамдық-спорттық іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал қала – адал қызмет» қалалық іс-шарасы ұйымдастырылып, профилактикалық ақпараттық баннерлер орналастырылды. Сондай-ақ, тұрғындар мен жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған «Oral Digital Transformation» форумы өтті.

Срнымен қатар, қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Саналы таңдау: қауіпсіз болашақ» форумы, зияткерлік ойындар, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Еңбек кубогы – 2026» спорттық турнирі және «Интернет-алаяқтыққа жол жоқ» бейнечелленджі өткізілді.

Бұдан бөлек, ақпараттық-түсіндіру топтары жоғары және арнаулы оқу орындарында 50-ден астам кездесу ұйымдастырды.

«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Орал қаласының ішкі саясат бөлімі «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жобасын жүзеге асыруда.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Орал қаласында жыл басынан бері 55 экологиялық іс-шара өткізілді. Оларға 12 мыңнан астам студент, оқушы және ерікті жас қатысты.

Іс-шаралар қала аумағын тазарту, көгалдандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа жауапкершілігін арттыру бағыттарын қамтыды.

Атап айтқанда, «Ардагерлерді ардақтайық», «Ерлікке тағзым», «Тазала мың бала» акциялары, #ҚарсызАула07 челленджі, «ECO RUN» плоггинг эстафетасы және «ECOBATTLE» челленджі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, медиа тұлғалар мен блогерлердің қатысуымен тазалық шаралары өткізілді.

«Жасыл аймақ» бағыты бойынша Шаған өзені жағалауына 1 000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ Ақжайық шағынауданында, Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш аумағында 15 шырша және қалалық мәдениет және демалыс саябағында 50 канадалық үйеңкі егілді.

Қала аумағында өткен ауқымды сенбіліктерге жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері белсенді қатысты. Атап айтқанда, Зашаған кенті мен Ақжайық шағынауданында ұйымдастырылған «Тазала мың бала» сенбілігіне 1 000-нан астам студент тартылды.

Жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «EcoFuture: Таза Қазақстан» квест ойындары, «Таза қалаға бірге!» эстафетасы өткізілді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Ең эко белсенді – оқу орны» байқауы және «Таза қаланы бірге жасаймыз!» қалалық шығармашылық-зияткерлік ойындары ұйымдастырылды.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының құқықтық және экологиялық мәдениетін арттыру, жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, құқық бұзушылық пен зиянды әдеттердің алдын алу және таза әрі қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыру.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық