Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі

Көк аспан астындағы шыныдан жасалған заманауи зәулім ғимараттардың төменнен көрінісі.

"Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ 2026 жылдың 3 тоқсанында 3 621 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- "Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ арқылы- 0

- Мемлекеттік орган арқылы:

- АИС ГГК «gov.ggk.kz» МДҚ-да – 550

- «E-gov» МДҚ-да - 3 071

Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарын орындау мақсатында іс-шаралар жүргізіледі және Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі проблемалық мәселелер анықталады:

Instagram-да "arhitectura_uralsk" сайтында жарияланған

Мемлекеттік қызметтер бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөлім басшысы Б.М. Губаевпен есепті айдың 1-ші тоқсаны кезеңінде қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, мерзімдері және дәлелді бас тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді:

1. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайына айқындау бойынша анықтама беру;

2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;

3.Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;

4.Республикалық маңызы бар қала, астана; облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

Мемлекеттік қызметтер бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөлім басшысы Б.Губаевпен есепті айдың 2-ші тоқсаны кезеңінде "gov.ggk.kz" ААЖ ММК арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді:

1.Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

2. Эскиздік жобаны келісу;

3.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

4.Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу)жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;

Мемлекеттік қызметтер бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөлім басшысы Б.М. Губаевпен есепті айдың 3-ші тоқсаны кезеңінде қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, мерзімдері және дәлелді бас тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді:

1.Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

2. Эскиздік жобаны келісу;

3.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

4.Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу)жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

E-otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жердің әкім аппараты канцеляриясына өтініш білдіру қажет.


Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік немесе коммуналдық меншікке жататын жер учаскелері аукцион арқылы пайдалануға берілуі мүмкін. Осылайша жер алу үшін бірнеше қадамды орындау қажет:
Жер учаскесін таңдау және анықтау
Ең алдымен, аукционға шығарылған жер учаскесін таңдау керек. Бұл ауыл шаруашылығы үшін жер немесе құрылыс үшін жер болуы мүмкін. Аукционға шығарылатын жер учаскелері әдетте ашық ақпарат көздерінде жарияланады (ресми сайттарда, жергілікті атқарушы органдарда).
Аукционға қатысуға тіркелу
Аукционға қатысу үшін арнайы электрондық платформада тіркелу қажет. Мысалы, бұл e-qazyna.kz сайты болуы мүмкін, онда барлық қолжетімді жер учаскелері жарияланады. Тіркелу аукционға қатысуға өтініш беру мүмкіндігін береді.
Қатысуға өтініш беру
Өтініште таңдаған жер учаскесін және өзіңіз туралы ақпаратты көрсету қажет, сондай-ақ аукционның шарттарын орындауға дайын екеніңізді растау керек. Қатысу үшін сондай-ақ кепілдік жарнасын (депозит) енгізу қажет, ол сіздің ниетіңізді растайды.
Аукционға қатысу
Аукцион белгіленген күні өтеді. Қатысушылар өз ставкаларын жасайды, ал жеңімпаз болып ең жоғары баға ұсынған немесе аукционның шарттарын орындаған адам (егер бұл жалға алу болса — жерді пайдаланудың ең жақсы шарттарын ұсынған) табылады.
Келісімшарт жасау
Егер сіздің ставкаңыз жеңсе, сізбен келісімшарт жасалады. Бұл сатып алу-сату шарты (егер жер сіздің меншікке өтіп жатса) немесе жалға беру шарты (егер жерді жалға алсаңыз) болуы мүмкін.
Жер құқығын тіркеу
Келісімшарт жасалғаннан кейін, жер учаскесінің меншік немесе жалға алу құқығын кадастрлық және юстиция органдарында тіркеу қажет. Бұл сіздің жерге қатысты заңды құқығыңызды бекітеді.
Аукцион процесі азаматтарға жерді алу үшін ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ жер учаскелерін заңсыз бөлу мүмкіндігін болдырмайды.


Сілтеме НҚА:

Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығы.