Жер қатынастары

2026 жылдың 14 қазанына Орал қаласы бойынша ЖТҚ жер учаскелерін алуға арнайы есепте 113 321 азамат тұр. (2025 жылы 424 адам, 2026 жылдың жарты жылдығында 290 адам есепке алынды)
Жер балансына сәйкес 2026 жылғы жағдай бойынша қаланың жалпы жер көлемі 73 133 га құрайды, оның ішінде 1 963 га қала аумағынан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер.
Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 48 413 га, оның ішінде бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін 3781 га құрайды;
Елді мекендердің жерлері – 10933 га;
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер-2 878 га;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері-160 га;
Орман қорының жерлері-7 000 га;
Қаланың босалқы жерлері-3 510 га;
Су қорының жерлері 239 га;
Қазіргі уақытта Орал қаласының аумағында 165 бау-бақша серіктестігі жұмыс істейді, оның ішінде саяжайлары бар 19 700 азамат. ҚР БҚ 50 нормасы негізінде бау – бақша, сондай-ақ саяжай құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін беру-0,1200 га.
Қазіргі уақытта Жер Кодексінің 97-бабы, 6-тармақтын 1 тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын және саяжай құрылысын дамыту үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке беріледі.
Алайда, Жер Кодексінің 97-бабы, 6-тармақтын 1 тармақшасы "Қазақстан Республикасы Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданылуын және"Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізуді тоқтата тұру туралы " Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы №5-VI Заңына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды.
2023 жылғы маусымда енгізілген өзгерістерге сәйкес бұрын көрсетілетін 10 мемлекеттік қызметтің ішінен мемлекеттік қызметтер тізілімінен жер қатынастары бөлімі бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 12 түрін көрсетеді:
|
Мемлекеттік қызметтің атауы |
2026 жылдың 3 тоқсанында 5237 мем. қызмет көрсетілді |
|
|
1 |
"Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" |
1869 |
|
2 |
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" |
520 |
|
3 |
"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" |
9 |
|
4 |
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" |
0 |
|
5 |
"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" |
871 |
|
6 |
"Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау" |
341 |
|
7 |
"Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату" |
158 |
|
8 |
"Жер учаскесін алуға кезекке қою" |
839 |
|
9 |
"Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" |
0 |
|
10 |
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" |
9 |
|
11 |
"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" |
611 |
|
12 |
"Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру" |
10 |
2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың 2191 өтініші, сондай-ақ 2307 кіріс хат-хабарлары уақтылы және мерзімдерін бұзбай қаралды.
Қазіргі уақытта бөлім төтенше жағдай кезінде суға батқан жер учаскелерін иесіз мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыс жүргізуде. 2026 жылдың 14 қазандағы жағдай бойынша бойынша бөлімге 2538 өтініш келіп түсті. 2511 жер учаскесін иесіз мүлік ретінде есепке қою туралы 113 бұйрық шығарылды, қалған өтініштер қазіргі уақытта жұмыста.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
2026 жылдың I тоқсаны бойынша E-Kazyna.kz порталында (электронды түрде) жалға беру құқығын сату бойынша 3 аукцион өткізілді, онда жалпы ауданы 0,6035 га болатын 9 жер учаскесі 106 324 970 теңге сомасына сатылды.
2026 жылдың II тоқсаны бойынша E-Kazyna.kz порталында (электронды түрде) жалға беру құқығын сату бойынша 3 аукцион өткізілді, онда жалпы ауданы 0,2591 га болатын 8 жер учаскесі 47 019 319 теңге сомасына сатылды.
2026 жылдың III тоқсаны бойынша E-Kazyna.kz порталында (электронды түрде) жалға беру құқығын сату бойынша 2 аукцион өткізілді, онда жалпы ауданы 0,5455 га болатын 9 жер учаскесі 31 746 531 теңге сомасына сатылды.
2026 жылдың I, II, III тоқсаны бойынша түсімдер:
303101 коды бойынша (жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер) – 1 млрд 047 млн 843 мың 725 теңге орындалды, жылдық жоспар 932 млн 54 мың теңгені құрайды.
303202 коды бойынша (жер учаскелерін жалға беру құқығын сатудан түсетін түсімдер) – 151 млн 362 мың 938 теңге орындалды, жылдық жоспар 93 млн 570 мың теңгені құрайды.
Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №194 «Тиісті мақсатта пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың басында бөлім тарапынан құрылыс объектілерін салуға арналған, бірақ тиісті мақсатта пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне мониторинг жүргізілді. 2026 жылдың III тоқсаны бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде жалпы ауданы 47,0346 га болатын 119 жер учаскесі анықталды (2026 жылдың I тоқсаны – 71 жер учаскесі 25,6813 га, 2026 жылдың II тоқсаны 28 жер учаскесі 10,2856 га, III тоқсаны 20 жер учаскесі 11,0677 га жер учаскелері. Аталған жер учаскелері қаланың шегінде орналасқан коммерциялық мақсаттағы учаскелер болып табылады. Жер учаскелерінің тізбесі қалыптастырылып, тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңызМедиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБүгінгі таңда жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу кезегіне электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы (www.egov.kz) тіркелуге болады.
Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу кезегіне тұруға өтінімді eGov.kz порталы арқылы беруге болады. Ол үшін авторизациядан өтіп, “Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу кезегіне тұру” қызметін таңдап, өтінімді толтыру және деректерді жаңарту қажет.
Толық қадамдар:
1. eGov.kz порталына кіріңіз: eGov.kz сайтына өтініз.
2. Авторизациядан өтіңіз: Жеке кабинетке кіріңіз.
3. Қызметті таңдаңыз: “Жер қатынастары” бөліміне өтіп, “Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу кезегіне тұру” қызметін таңдаңыз.
4. Өтінішті таңдаңыз: “Кезекке тұру туралы өтінішті” таңдаңыз.
5. Өтінішті толтырыңыз: Қажетті деректерді толтырыңыз, соның ішінде өңірді таңдаңыз.
6. Өтінішке қол қойыңыз: ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы қол қойыңыз.
7. Деректерді жаңартыңыз: Бұрын өтініш берген болсаңыз, деректеріңізді жаңартыңыз.
8. Статусты бақылаңыз: Жеке кабинеттен өтінішіңіздің статусын бақылауға болады.
Егер сіз алғаш рет кезекке тұрсаңыз, жер алғыңыз келетін өңірді таңдауыңыз қажет.
Егер бұған дейін кезекке тұрғаныңызға сенімді болсаңыз, бірақ өзіңіз туралы мәлімет таба алмасаңыз, “жаңарту” өтініш түрін таңдаңыз.
Сондай-ақ, кезек нөміріңізді мына сайттан қарап біле аласыз: www.map.gov4c.kz/egkn/ (ЭЦҚ арқылы кіргеннен кейін).
Қазақстанда ИЖС үшін тегін жер учаскесін (10 сотық) алу құқығы әрбір кәмелетке толған Қазақстан азаматына беріледі.
1. Қызметті кімдер ала алады?
Қазақстанда Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу кезегіне кәмелет жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар барлық тұлғалар тұра алады.
2. Қандай жағдайларда бас тартуы мүмкін?
Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу кезегіне тұру:
– Бұрын Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу кезегіне тұрған болсаңыз;
– Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ болса;
– Кәмелет жасқа толмаған болсаңыз;
– Құжаттар толық болмаса.
3. Егер сіз тізімде жоқ болсаңыз не істеу керек?
eGov.kz порталынан өз деректеріңізді тексеріңіз. Егер тізімнен таба алмасаңыз, құжаттарыңызды жаңарту қажет болуы мүмкін. Сұрақтарыңыз немесе қиындықтарыңыз болса, өз қалаңыздың немесе өңіріңіздің әкімдігіне e-Otinish арқылы жүгініңіз.
4. Қызметтің құны қандай? Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін алу кезегіне тұру ақылы қызмет емес.
Сілтеме НҚА:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы



