Жиі қойылатын сұрақтар
Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін өтініш беруші Е-отиниш жүйесі арқылы өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өтінім береді.
Жобаны бірыңғай Индустрияландыру картасына енгізу үшін:
* Жобаны іске асыру жоспар-кестесі;
* Статистикалық және есепті деректерді жариялауға келісім;
·Егер жер учаскесі қажет болса-координаттары бар бос учаскенің болуы туралы хат.
Құжаттар жергілікті атқарушы органға беріледі.
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде мыналар есепке алынбайды:
1) бір субъектіден екінші субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар;
2) жоғары тұрған органның нұсқаулары мен тапсырмалары;
3) жарнамасы бар ұсыныстар;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жолданымдар.
Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1) https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту;
2) «Менің өтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу;
3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу;
4) себебін көрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қайтарып алуға қол қою;
5) мемлекеттік орган кері қайтарып алу өтінішін қарайды.
Тіркелу үшін «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады.
Өтініштерді қарау мерзімі:
- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;
- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;
- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады. Өтінішті қарау мерзімін басшы немесе оның орынбасары ұзартады.
Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады.
14 қағидат: бірлік, толықтық, шынайылық, ашықтық, жүйелілік, нәтижелілік, дербестік, сабақтастық, негізділік, уақтылық, касса бірлігі, тиімділік, жауапкершілік, нысаналы атаулылық.
Секвестр — бюджетке түсімдер жетпеген жағдайда шығыстарды қысқарту тетігі.
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттары: адамцентрлік, ашықтық, нәтижелілік, тиімділік, үйлесімділік, шынайылық, басқарушылық жауапкершілік, сабақтастық, басқарушылық икемділік және негізділік.
Жалпы өңірлік өнімді салалар бойынша болжау үш кезеңде жүзеге асырылады: салалардың нақты қосылған құнының болжамды индексін қалыптастыру, болжамды дефлятор индекстерін анықтау және ағымдағы бағалардағы жалпы өңірлік өнім мен салалардың қосылған құнының болжамды мәндерін есептеу.