Ақтүбек селолық округі Ұлытау облысы, жаңаарқа ауданының жер аумағының орта кезінде, қазақстың ұсақ шоқылы даласында, шөл мен шөлейт табиғизонасында орналасқан. Орталығы -Ақтүбек елді мекені Жаңаарқа ауданының Атасу кентінен батысқа қарай -40 км жерде орналасқан. Округ аумағы арқылы Қарағанды -жезқазған автокөлік жолы, Қарағанды -Жезқазған , Атасу -Қаражал темір жолдары өтеді. Ақтүбек селолық округінің коммуникациялық байланысы біршама жақсы дамыған деуге болады.
Ақтүбек 1934 жылы мойынсерік, ТОЗ-дардың бірігуінің нәтижесінде ұжымшар құрылған. Бұл құрылым 1961 жылы ашылған "Дружба" кеңшарының құрамына бөлімше болып кірген. 1977 жылы бөлініп шығып, жеке "XXY партъезд атындағы" кеңшар болып ұйымдастырылды. Шаруашылығының негізгі бағыты - мал өсіру, қосымша бағыты -егіншілік. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.
Селолық округтің жер бедері жатаған таулы, күмбез, конус пішінді төбелі, адыр -қырқалы, ұсақ шоқылы жазық болып келеді. Топырақ жамылғысы - шөлейт пен шөл табиғи зонасына тән. Климаты жалпы Жаңаарқа ауданына тән шұғыл континентті, қысы қатаң суық, жазы ыстық. Округ шөлейт зонасына жатады. Ауасы құрғақ, ылғалы жеткіліксіз.
Ақтүбек селолық округінің Ақтүбек, Өркендеу және Атасу мен Мыңадыр стансалары жатады. Бүгінде халық саны -1510 адам мекен етеді. Демографиялық жағдайы тұрақты. Халықтың жағдай жақсы, 67 шаруа қожалық бар.