Айнабұлақ – Жаңаарқа ауданының Айнабұлақ ауылдық округінің орталығы. Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінен солтүстік-шығысқа қарай 80 км. жерде орналасқан. Іргесі 1954 жылы тың игеру кеңшары ретінде қаланған. Алғашқы директоры А.И.Ранета. Халқының саны 280 адамды құрайды. Шаруашылығының негізгі бағыттары – егін, қосымша саласы – ірі қара мал өсіру. Жерінің жалпы ауданы – 131 мың га(гектар). Айнабұлақ ауылдық округіне Айнабұлақ, Белқараған, Көксай елді мекендері кіреді. Айнабұлақта орта мектеп, ФАП, кітапхана бар. 25 шаруа қожалығы құрылған. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдарымен байланысады. Ең жақын Жаңаарқа теміржол станциясы 85 км.жерде.