Жиі қойылатын сұрақтар
Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1634 жол бойындағы сервистік нысан жұмыс істейді.
Жол бойындағы сервисті дамыту үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы» АҚ облыс әкімдіктерімен бірлесіп жыл сайын қолданыстағы қызмет көрсету объектілерінің жағдайын жақсарту және жаңаларын салу бойынша жұмыс жүргізеді, олар жанармай құю станциялары, азық-түлік пункттері, модульдік абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптар ( СГТ) және т.б.
Анықтама үшін:«ҚазАвтоЖол «ҰК» Акцинерлік қоғамымымен облыс әкімдіктері қолданыстағы нысандарды Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіруге бағытталған шараларды, сондай-ақ жаңа сервистік нысандарды салуға инвестиция тартуды көздейтін жол бойындағы сервистік нысандарды дамытудың өңірлік жоспарларына қол қойды. және жақсы ұсталған СМУ орнату.
2022 жылы 70 жаңа сервистік нысан орнатылды, оның ішінде 59 нысан жеке инвестиция есебінен (жанармай құю станциялары – 26 бірлік, азық-түлік пункттері – 26 бірлік, СГТ – 7 бірлік) және жолдарды қайта жаңарту және жөндеу шеңберінде 11 СГТ қаржыландырылды. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған 100-ге жуық нысан стандартты жағдайға келтірілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда 1 204 нысан немесе 74 % Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ағымдағы жылы 108 қызмет көрсету нысанын орнату жоспарлануда, оның ішінде 53 нысан жеке инвестицияларды тарту есебінен (жанармай құю станциялары – 25 бірлік, тамақтандыру пункттері және СГТ – 28 бірлік) және 55 СГТ шеңберінде жолдарды қайта жаңарту және жөндеу.
Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған нысандарға да баса назар аударылады. Мәселен, жыл соңына дейін стандартқа сай келетін нысандардың 82%-ын нормативтік жағдайға келтіру жоспарлануда.
Жалпы2025 жылдың соңына қарай:
- Ұлттық стандартқа сәйкес 200-ден астам нысанның құрылысы (2024 жылы – 98 бірлік, 2025 жылы – 105 бірлік).
- барлық қолданыстағы объектілерді Ұлттық стандартқа сәйкес реттеуші жағдайға келтіру (оның ішінде 2024 жылы – 92%, 2025 жылы – 100%).
2022 жылдан бастап мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда:
- қызмет көрсету объектілерін салу кезінде шығындарды өтеу (құнның 10%);
- СМУ-ды ұстауға жұмсалған шығындарды өтеу (айына 83 мың теңге).
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларына куәліктің мерзімі бөлігіне өзгерістер енгізілді, онда 34-тармақ ҚЖХЖТ-ға сәйкес келтірілді, осыған байланысты куәліктің мерзімі үш жылдан бес жылға өзгертілді.
Қағидалардың 12 - тармағына сәйкес жүк жөнелтуші (жүк жөнелтуші-атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға ) қауіпті жүктерді тасымалдауға жасалған шартпен бірге тасымалдаушыға әрбір автокөлік құралына "қауіпті жүк" деген тану белгісін және қауіпті жүктің әрбір түріне жүргізушіге арналған нұсқаулықты ұсынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау 1957 жылғы 30 қыркүйектегі Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келісіммен регламенттеледі.
Билетті қайтаруды жүзеге асыру үшін сатып алу орны бойынша билетті қайтаруға өтінім беру қажет (авиакомпания сайты, авиакомпания кеңселері, делдалдар, туристік агенттіктер).
Иә, болады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттерді сатып алу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) кемсітетін шарт болып табылмайды.
«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығының 4-тармағының 73-тармақшасына сәйкес, багажды жеткiзу кiдiртілген, ол жетiспеген, зақымданған (бұзылған) немесе жоғалған, сондай-ақ багаж түбiртегi мен багаждық нөмiр белгiсiнiң үзбелi талонын ұсынусыз багаж берiлген жағдайда тасымалдау кезiндегi ақаулар туралы акті жасалады, оған багажды алушы адам мен авиакомпания қол қояды. Ақаулар туралы акт жасау қажет.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 86-бабына сәйкес, тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай: жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну (болған кезде); рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу; рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету; рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде: күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын; түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету; рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру; қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.