Меню

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті

Туризм – экономиканың тұрақты өсіміне серпін беретін негізгі салалардың бірі әрі қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың қатарында. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласында 600 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Саланың ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгені құрады, ал тартылған инвестициялар көлемі 1,3 трлн теңгеге жетті. Шетелдік туристердің Қазақстандағы шығыстары 2,9 млрд АҚШ долларын құрап, туризм саласынан түскен салық түсімдері 630 млрд теңгеден асты.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын және саланың жұмысын үйлестіретін уәкілетті орган.

Саланы дамытудың негізгі стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасының туристік саласын 2029 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. Оны іске асыру аясында алты басым бағытты қамтитын 61 іс-шарадан тұратын жаңартылған Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылуда. Олар: инженерлік, көліктік және туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, визалық-көші-қон рәсімдерін жетілдіру, бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді қалыптастыру, Қазақстанның туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау.

Комитет туристік инфрақұрылымды дамытуға, заңнаманы жетілдіруге, саланы цифрландыруға, инвестиция тартуға және туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда. Басым бағыттардың қатарында жағажай, экологиялық, іскерлік, медициналық және оқиғалы туризмді дамыту, сондай-ақ ұлттық парктер мен курорттық аймақтардың туристік тартымдылығын арттыру бар.

Саланы цифрлық трансформациялауға ерекше көңіл бөлінеді. eQonaq ақпараттық жүйесі жетілдіріліп, AI-көмекші енгізілген бірыңғай ұлттық туристік портал – Kazakhstan.travel дамытылуда. Сонымен қатар туристік бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістері кезең-кезеңімен автоматтандырылуда.

Туризм индустриясы комитетінің қарауындағы ұйымдар – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ және «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ. Аталған ұйымдардың қызметі Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге, туризм индустриясын дамытуға және сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Мекен-жайы:  010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8,  «Министрліктер үйі», 15 – кіреберіс

Телефон: 8 (7172) 74-29-80

e-mail: kense.tourism@tsm.gov.kz  

1
Пресс центр
Балқаш жағалауында туристік инфрақұрылым дамып келедіБалқаш жағалауында туристік инфрақұрылым дамып келеді
Түркістан облысы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА СПОРТ ПЕН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА СПОРТ ПЕН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстанға келген турист ең алдымен нені байқайды? Тарихи орындар мен табиғи көрікті жерлерді ме? Әлде көрсетілетін қызметтің сапасын ба?
Мирас Төлебаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездестіМирас Төлебаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті
Направления
ҚР Туризм саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері
Инвестициялық преференциялар
Туризм саласындағы инвестициялық жобалар
Инвестициялық қызметті нормативтік құқықтық реттеу
Инвесторға қолдау көрсету
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберіндегі жобалар
Шетелге шығатын ҚР азаматтары үшін ақпарат
ҚР-ға келетін шетелдіктер үшін ақпарат
Шетел азаматтарын қабылдайтын тұлғаларға арналған ақпарат
Турбизнес пен инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
Полезные ссылки
Мемлекеттік сатып алулар
Гидтердің, эксурсоводтардың, туризм бағыты бойынша нұсқаушылардың мемлекеттік, электрондық тізілімі
Документы
Қарағанды облысы тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ 2026 жылғы 6 қазан
2026-10-12T10:17:00Z
Абай облысы тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ 2026 жылғы 29 қыркүйек
2026-10-12T10:15:00Z
Түркістан облысы тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ 2026 жылғы 30 қыркүйек
2026-10-12T10:13:00Z
Вакансии
Қазақстан Республикасы Турзим және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Туризм саласындағы жүйелі шараларды іске асыру басқармасының бас сарапшысы (2 бірлік)
2026-05-15
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
2026-05-05
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
2026-05-04
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық қамтамасыз ету және наразылық талаптар жұмысы басқармасының бас сарапшысы
2026-04-20
Календарь событий
2022-06-17
Qazaqstan Live Fest 2022 туризм, спорт және белсенді өмір салты халықаралық көрмесі
2022-07-02
Oceanman халықаралық іс-шарасы
2023-04-19
21-ші «Туризм және саяхат» Қазақстандық халықаралық көрмесі, KITF
Услуги
Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру
Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру
Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру
Слайды
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Страницы
Комитет туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Реализуемые проекты
E-hotelE-hotel
«Балалар туристік пойызы» жобасы«Балалар туристік пойызы» жобасы
«Алтын орда»«Алтын орда»
Kids Go FreeKids Go Free
Neo Nomad VisaNeo Nomad Visa
Jibek jolyJibek joly
Социальные медиа
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы