Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқы туризмі саласындағы құқықтарын кепілдік беру жүйесі

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің құрылуы Сыртқы туризмі нарығына қатысушылардың міндеттемелерін қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудің бірыңғай тетігін қалыптастыру, сондай-ақ туроператорлар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті деңгеде орындамаған жағдайда туристердің құқықтарын қорғау қажеттілігіне байланысты.

Тиісті нормалар Қазақстан Республикасының заңнамасында 2015 жылы бекітіліп, 2016 жылғы 21 қазанда бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі жұмыс істей бастады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі шеңберінде туроператорлар мен туроператор – фрахтаушы міндеттемелерін қаржылық қамтамасыз ету тетіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүрген туристердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар көзделген.

Қазақстан Республикасы азаматтарының Сыртқы туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі - КҚ «Туристік Қамқор». Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің негізгі элементтерінің бірі — туристік код (туркод).

Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 11-1 тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» туристік код – шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір.

Туркод ұйымдастырылған шығу туристік өнімі сатып алынған кезде беріледі және туристі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің ақпараттық жүйесінде есепке алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқы туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 тамызда №33251 тіркелген.

Қағидаларға сәйкес туроператорлар мен туроператор-фрахтаушылар банктік кепілдік береді және өткізілген әрбір туристік өнім үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісінің арнайы шотына 0,5 АЕК мөлшерінде ақша аударады.

Банктік кепілдікпен қамтамасыз ету сомасы туроператорлар үшін 5 000 АЕК, ал туроператорлар-фрахтаушылар үшін 15 000 АЕК мөлшері белгіленген. Кепілдік беру жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мән-жайлар туындаған кезде туристердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар көзделген. Аталған шаралар туристерді уақытша болатын елінен Қазақстан Республикасына қайтаруды ұйымдастыруды, оларды уақытша орналастыруды, қайтару жүзеге асырылатын жерге дейін жеткізуді, сондай-ақ мәжбүрлі күту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуді қамтиды.

КҚ «Туристік Қамқор» қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын кепілдік беру жүйесін әкімшілендіру;
  • Туркод беру тетігін әкімшілендіру;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесіне қатысушылармен іс – қимылды қамтамасыз ету;
  • туристердің құқықтарын қорғау тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • цифрлық және ақпараттық сервистерді дамыту;
  • ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу және халықтың туристік сауаттылығын арттыру;
  • білім беру іс-шараларын, семинарлар мен тағылымдамаларды ұйымдастыру;
  • талдамалық және зерттеу қызметі;
  • туристердің құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік ұйымдармен тәжірибе алмасу;
  • Kazakhstan Travel Forum «САЯХАТ-2026» форумын қоса алғанда, туристік саланы дамытуға бағытталған кәсіби іс-шараларды ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органдар, туристік бизнес, халықаралық ұйымдар және кәсіби бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту.

Туристік "Қамқор"

Документы
Ақпарат
17 августа 2026
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті
Қызметкерлер бойынша анықтамалық
Ақпарат
10 ноября 2023
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті
Қазақстандық туристің тәуекелдері
Ақпарат
10 февраля 2023
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті
Жүйеге қатысушылардың ашық тізілімі жұмыс істеп тұрған туроператорлармен және қызметін тоқтатқан немесе тоқтатқан жалдамалы туроператорлармен танысуға мүмкіндік береді
Новости
Полезные материалы
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқы туризмі саласындағы құқықтарын кепілдік беру жүйесі
Экваторлық-тропикалық климаты бар елдерде инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуы туралы Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған ақпараттық анықтама
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы