Туризм саласын өңір экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде дамыту, бәсекеге қабілетті туристік өнім қалыптастыруға жәрдемдесу, туристік инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын жақсарту. Бұл бағыт ішкі және келу туризмін ілгерілетуге бағытталған, туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен, туристік инфрақұрылымды дамытумен және өңірді туристік бағыт ретінде насихаттаумен айналысады.
Сондай-ақ туристік қызметті лицензиялауды, сала көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуді және туристік бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бұдан бөлек, инвестициялар тарту және облыста туризмнің тұрақты өсуіне жағдай жасау жобаларын үйлестіреді.
Статистика (2025):
2025 жылы келушілерді орналастыру қызметімен айналысатын 126 орналастыру орны 164 968 адамға қызмет көрсетті (резиденттер – 155 980 адам, резидент еместер – 8 988 адам) және 3 052 млн теңге көлемінде қызмет көрсетті.
Орналастыру орындарында 2 083 нөмір бар, олардың бір мезеттегі сыйымдылығы 6 737 төсек-орынды құрайды. Талдау кезеңінде 258 109 төсек-тәулік қызметі көрсетілді.
Имантау-Шалқар курорттық аймағы аумағында нөмірлік қоры 768 бірлікті және бір мезеттегі сыйымдылығы 3 104 төсек-орынды құрайтын 37 орналастыру орны орналасқан. 2025 жылы курорттық аймаққа 37 394 келуші келіп, оларға 487 млн теңге көлемінде қызмет көрсетілді.
Жобалар:
Жауапты басқарма:Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы,
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 521-кабинет.
Телефон: 8 (7152) 36-34-20.
Демалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігі туристік қызметті рәсімдеу барысында заң талаптарының сақталуына тікелей байланысты.
Тур сатып алмас бұрын турагенттен турды сатудың заңдылығын және туристің құқықтық қорғалуын растайтын құжаттар пакетін сұратып, мұқият тексерген жөн. Ең алдымен, турагент қызметінің басталғаны туралы хабарламаның бар екеніне көз жеткізу қажет.
Турагенттік компания мемлекеттік электронды тізілімге енгізілуі тиіс. Бұл оның ресми түрде қызмет көрсететінін растайды.
Туристік қызмет көрсету туралы шартқа қол қою — сапарды рәсімдеудегі негізгі кезеңдердің бірі. Құжатта баратын ел мен сапар мерзімі, турдың толық құны, төлем тәртібі, турдан бас тарту талаптары, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ қаражатты қайтару шарттары нақты көрсетілуі қажет.
Қаржылық құжаттарға ерекше назар аударған жөн. Төлем жасағаннан кейін міндетті түрде фискалдық чек талап етіңіз. Қаражатты менеджерлердің жеке шоттарына аудармаған дұрыс, себебі тек ресми төлем құжаты мәміленің жасалғанын дәлелдейді.
Брондау расталып, тур толық төленгеннен кейін турагент туристке сапарға қажетті құжаттар пакетін ұсынуға міндетті. Оның құрамына қонақ үй, тамақтану және трансфер туралы мәліметтер көрсетілген ваучер, әуе билеттері немесе маршруттық түбіртектер, сақтандыру полисі және туристердің құқықтарын міндетті кепілдендіру жүйесі аясындағы қорғанысты растайтын туркод кіреді.
❗Төтенше жағдай туындаған жағдайда туристерге Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің «Туристік Қамқор» жедел желісіне дереу хабарласу ұсынылады: +7 700 112 2 112.
Безопасность граждан во время отдыха напрямую зависит от соблюдения правовых норм при оформлении тура.
Перед покупкой тура у турагентства рекомендуется запросить и проверить пакет документов, подтверждающий законность продажи и вашу правовую защиту. В первую очередь необходимо убедиться в наличии уведомления о начале турагентской деятельности. Турагентство должно быть включено в государственный электронный реестр, что подтверждает его официальный статус.
Важнейшим этапом является подписание договора на туристское обслуживание. В документе должны быть четко зафиксированы страна и даты поездки, полная стоимость, условия оплаты и аннуляции, ответственность сторон, а также порядок возврата денежных средств.
Особое внимание следует уделить финансовым документам. После оплаты обязательно требуйте фискальный чек. Крайне важно не переводить деньги на личные счета менеджеров, так как только официальный платежный документ является доказательством совершения сделки.
После подтверждения бронирования и полной оплаты тура агент обязан выдать вам пакет документов для путешествия. В него входят ваучер с указанием отеля, питания и трансфера, авиабилеты или маршрут — квитанции, страховой полис и туркод, который является гарантией вашей защиты в рамках действующей системы обязательного гарантирования прав туристов.
❗В случае возникновения чрезвычайных ситуаций туристам рекомендуется незамедлительно обращаться на горячую линию системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма Туристік Қамқор по номеру: +7 700 112 2 112.
Развитие туристской отрасли как одного из драйверов экономики региона, содействие формированию конкурентоспособного туристского продукта, улучшение туристической инфраструктуры и качества услуг. Поднаправление направлено на продвижение внутреннего и въездного туризма, занимается реализацией государственной политики в сфере туризма, развитием туристической инфраструктуры и продвижением региона как туристского направления. Осуществляет лицензирование туристской деятельности, мониторинг показателей отрасли и взаимодействие с представителями туристского бизнеса. Также координирует проекты по привлечению инвестиций и созданию условий для устойчивого роста туризма в области.
Статистика (2025):
За 2025 год 126 мест размещения, занимающиеся размещением посетителей, обслужили 164 968 человек (резиденты – 155 980 чел., нерезиденты – 8 988 чел.) и оказали услуги на 3 052 млн. тенге.
В местах размещения насчитывается 2 083 номеров, их единовременная вместимость составляет 6 737 койко-мест. За анализируемый период ими предоставлено 258 109 койко-суток.
В Имантау-Шалкарской курортной зоне расположено 37 мест размещения с номерным фондом 768 единиц и единовременной вместимостью 3 104 койко-мест. За 2025 г. курортную зону посетили 37 394 посетителей и им оказано услуг на 487 млн. тенге.
Проекты:
- Туристский портал Северо-Казахстанской области «Visit.sko»
- Платформа «Burabay Travel»
- Платформа «Kazakhstan Travel»
- Портал eLicense.kz
Ответственное управление: Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Северо-Казахстанской области, г. Петропавловск, ул. Конституции Казахстана, 58, каб. 521, телефон: 8 (7152) 36-34-20