2024 жылғы қаңтар-наурыз келушiлерді орналастырумен айналысатын 122 орналастыру орны 22 626 адамға қызмет ұсынып, 375 млн. теңгеге қызмет көрсетті.
Қызмет көрсетілген келушілердің жалпы санынан 93,5 %-ын резиденттер және 6,5 %-ын бейрезиденттер құрады.
Келушілердің 53,6% орналастыру орындарында іскерлік және кәсіби мақсатпен тоқталды.
Орналастыру орындарында 1 981 нөмір бар, олардың біржолғы сыйымдылығы 6 192 төсек-орынды құрайды. Талданып отырған кезеңде олар 29 331 тәулік-төсек ұсынды.
Имантау-Шалқар курорттық аймақта 35 орналастыру орны орналасқан, олардың нөмірлік қоры 690 бірлік және біржолғы сыйымдылығы 2484 төсек-орын. 2024 жылғы қаңтар- наурыз курорттық аймаққа 807 келушілер келіп, оларға 12,4 млн. теңгеге қызмет көрсетілді.
Ақпарат Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаментімен ұсынылған
2023 жылғы қаңтар-желтоқсан келушiлерді орналастырумен айналысатын 123 орналастыру орны 153 986 адамға қызмет ұсынып, 2 076,3 млн. теңгеге қызмет көрсетті.
Қызмет көрсетілген келушілердің жалпы санынан 94,2 %-ын резиденттер және 5,8%-ын бейрезиденттер құрады.
Келушілердің 41,4% орналастыру орындарында іскерлік және кәсіби мақсатпен тоқталды.
Орналастыру орындарында 1998 нөмір бар, олардың біржолғы сыйымдылығы 6231 төсек-орынды құрайды. Талданып отырған кезеңде олар 241 426 тәулік-төсек ұсынды.
Имантау-Шалқар курорттық аймақта 35 орналастыру орны орналасқан, олардың нөмірлік қоры 684 бірлік және біржолғы сыйымдылығы 2440 төсек-орын. 2023 жылғы қаңтар- желтоқсан курорттық аймаққа 24 532 келушілер келіп, оларға 232 млн. теңгеге қызмет көрсетілді.
Ақпарат Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаментімен ұсынылған