Соңғы уақытта туроператорлардың кінәсы бойынша қазақстандық туристердің шет елдерде ақысы төленген орынсыз немесе кері қайтатын билетсіз қалған жағдайлар жиі орын алатын болды . Осы проблеманы шешу үшін ҚР азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілді, оның әкімшісі «Туристік қамқор» корпоративтік қоры болды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, кеме жалдаушы-туроператор, Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы әкімші және Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығы болып табылады.
Әр туроператормен, «Туристік қамқор» қорының қатысушысымен шарт жасалады, осы шартқа сәйкес, күтпеген мән-жайлар туындаған кезде немесе туроператор банкроттыққа ұшыраған жағдайда, қор қазақстандық туристтерді шетелден әкелу міндетін өзіне алады. шарт жасалғаннан кейін операторға берілетін арнайы сертификат шартты бекітеді. Жүйе туроператор үшін — 500 АЕК, кеме-жалдаушы туроператор үшін — 15 000 АЕК көлемінде міндетті банк кепілдігінің болуын міндеттейді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының турист болып табылатын азаматтарын шығару үшін, туроператор немесе кеме жалдаушы туроператор қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасы азаматына өткізген әр туристтік өнімнен 0,5 АЕК құратын аударымдардан құралатын арнайы шот ашылады.
Туроператор туристтерге туркод, белгілі бір сандық нөмір беруге тиіс, ол жүйе әкімшісінің сайтында болады және ол бойынша турист туралы барлық ақпаратты алуға болады, сондай-ақ турист те тур және туроператор бойынша ақпаратты ала алады. Туркод арқылы ол турөнім сатылған турлар тізілімінде тұрғанын және ол қормен қорғалғанын тексере алады. Егер ол өзін тізілімде тапса, демек, оның қиын жағдайларда қорғалатынына сеніп, шыға беруіне болады.
Егер компания қорға кірмесе, бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылады. Осы мақсатта мониторинг және іріктеп тексеру жүргізілітен болады. Заңнамаға сәйкес, компаниялар туроператорлық қызметке арналған лицензиясынан айырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылдар:
