Жиі қойылатын сұрақтар
Қызметке қабылданатын кандидатқа мынадай талаптар қойылады:
Офицерлік құрам лауазымына:
жоғары білімі бар адамдар;
кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес) кем болмауы тиіс.
Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес) төмендетуге жол беріледі.
Сержанттар құрамының лауазымына:
болжанып отырған қызметтік іс-қимылдың бейіні бойынша ұқсас ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар;
қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер;
қатардағы жауынгерлер (матростар), запастағы сержанттар (старшиналар).
Қызметке:
1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар;
2) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
3) қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған, қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;
5) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
6) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;
7) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды.
Ұлттық қауіпсіздік органдары кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебінтүсіндірмеугеқұқылы екенін атап өту қажет.
Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7, 8, 9, 10-баптарымен регламенттелген.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша он сегіз жасқа толған әрекетке қабілетті адамдар қабылданады. Кандидаттың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене дайындығы және денсаулығы ҰҚО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
ҰҚК жедел бөлімшелеріне жасы 23-тен кіші емес азаматтар қабылданады.
Қызметте болудың шекті жасы 47 жасты (майор атағын қоса алғанда) және 55 жасты (полковниктер үшін) құрайды. Сондай-ақ25 және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар ҰҚК қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, оның кемiнде 12,5 жылын ұлттық қауіпсіздік органдарындағы үзіліссiз қызмет құрауы тиіс.
Қызметке қабылдау кезінде азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
Қызметке қабылдау конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады.