Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417 бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ғылыми стипендиялар Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (29-тармақ). Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болған ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар алдыңғы тағайындалған жылдан кейін кемінде үш жыл өткен соң қайта берілуі мүмкін (28-тармақ).
Мысал: азамат А. 2023 жылы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты болды.2025 жылы азамат А. тағы да мемлекеттік ғылыми стипендия алуға құжаттар ұсынды. Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен құрылған конкурстық комиссия азамат А-ның құжаттарын қабылдамады, өйткені алдыңғы марапаттаудан кейін үш жыл өткен жоқ.
Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын өту шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығыстар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағында көрсетілген.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және мына шығыстарға ақы төлеуді қамтиды:
1) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу;
2) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету;
3) үміткерлер үшін кешенді тестілеу жүргізу;
4) сараптама комиссиясы мүшелерінің үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізуі;
5) визаны (консулдық алым) ресімдеу, ұзарту;
6) ғылыми тағылымдамадан өту;
7) ғылыми тағылымдама өтетін елдің, конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуін жүзеге асыратын шетелдік жетекші жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге ұйымдардың талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтер;
8) тамақтануға, тұруға, ғылыми әдебиетті сатып алуға, тұратын жерінен ғылыми тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға арналған шығыс нормалары туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдама өтетін елде тұру, тамақтану және оқу әдебиетін сатып алу;
9) ғылыми тағылымдама өтетін елдің және шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеру;
10) жазатайым жағдайлардан және аурулардың кенеттен пайда болуынан шетелдік азаматтар үшін көзделген медициналық сақтандыру;
11) ғылыми тағылымдамалар тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін жерге дейін және кері қарай жол жүру;
12) ғылыми тағылымдамадан өту жөнінде қызметтер көрсету шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты шетелдік әріптестердің шығыстары.
Мысалы:
Мен Мельбурн университетінде (Австралия Одағы) «Экологиялық қауіпсіздік» бойынша ғылыми тағылымдамадан өтемін. Мен Қазақстанға жеке істерім (отбасылық іс-шара) бойынша шұғыл түрде баруым керек. Авиабилеттерді сатып алуға жұмсалған қаржы маған өтеле ме?
Жоқ, өйткені Қағидалардың 5-тармағына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін жерге дейін және кері қарай жол жүру арналған шығыстар өтеледі. Тағылымдамадан өту барысында қосымша (міндетті емес) шығындарды Сіз өз қаражатыңыз есебінен төлейсіз.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының» 45-тармағына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033613 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-техникалық тапсырмаларды (бұдан әрі – ҒТТ) ғалымдар, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, ғылым салалары бойынша мамандар, уәкілетті мемлекеттік органның немесе салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау саласындағы уәкілетті органның өкілдері қатарынан уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган қалыптастырған жұмыс тобы әзірлейді. ҒТТ-ны әзірлеу қаржыландыру жоспарланатын жылдан бұрынғы жылдың 15 ақпанына дейін аяқталуға тиіс.
Мысалы, егер бағдарламаны іске асыру 2028 жылға жоспарланған болса, онда тиісті ҒТТ жұмыс тобы әзірлеп, 2027 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей бекітілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033613 ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тарапынан жарияланады және конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің (бұдан әрі – Комитет), Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (бұдан әрі – ҰМҒТСО), сондай-ақ Қордың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Конкурс туралы хабарландыру келесі ақпаратты қамтиды:
1) конкурс атауы;
2) ресми интернет-ресурсқа сілтеме;
3) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері;
4) өтінімдерді қабылдау орны және (немесе) тәсілі;
5) байланыс деректері.
Мысалы, азамат А. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім беруді жоспарлап отыр. Ол осы конкурс шарттарымен қай жерден таныса алады?
Азамат А. қажетті ақпаратты Комитеттің, ҰМҒТСО-ның, сондай-ақ Қордың интернет-ресурстарынан таба алады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №487 «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033466 Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің 52-тармағына сәйкес, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының Ұлттық ғылыми кеңесі (бұдан әрі – ҰҒК) ғылыми жобаларды іске асыру нәтижелерін қарайды және қарау қорытындысы бойынша уәкілетті органға жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылдауы мүмкін.
Мұндай шешім жоспарланған ғылыми нәтижелердің орындалмауы, бөлінген қаражаттың тиімсіз пайдаланылуы, бекітілген күнтізбелік жоспардан немесе жобаны іске асырудың өзге де шарттарынан елеулі ауытқулар анықталған жағдайда қабылданады. Бұл жағдайлар есептік материалдар мен сараптамалық бағалау арқылы расталуы тиіс.
Мысал:
Астана қаласындағы университеттің ғылыми тобы қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа технологиясын әзірлеуге гранттық қаржыландыру алған. Жобаны іске асырудың бір жылы өткен соң аралық есепті қарау барысында ҰҒК мәлімделген ғылыми нәтижелерге қол жеткізілмегенін және жұмыстардың бекітілген жоспардан айтарлықтай артта қалғанын анықтады. Талқылау қорытындысы бойынша ҰҒК мүшелерінің көпшілігі аталған жобаны қаржыландыруды тоқтатуды ұсыну туралы шешім қабылдады.
Ғылым саласындағы сыйлықтар алуға арналған конкурстар жыл сайын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес өткізіледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417).
Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» (astanahub.com) арқылы үміткердің конкурсқа қатысуы үшін ғылым саласындағы сыйлықтарға үміткерлер үшін құжаттары қоса берілген нысан бойынша өтініш беріледі.
Құжаттар пакетіне мыналар кіреді:
1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);
2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа бетінің жартысынан аспайтын);
3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
4) сыйлықақы алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;
5) сыйлықақы алуға кандидаттың шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);
6) конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;
7) енгізу актісінің көшірмесі (ол болған жағдайда).
Конкурсқа құжаттарды уәкілетті орган республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ғылым саласындағы сыйлықтар алуға арналған конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды.
Мысал:
Ғылыми қызметкер М. ғылым саласындағы сыйлыққа жеке түрде құжаттарды өзі тапсырды.
Ғылыми қызметкер М.-нан конкурсқа құжаттар қабылданбайды, өйткені үміткерлерді ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу орындарының консультативтік-кеңесші органдары (ғылыми кеңестер) ұсынуы керек.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың (бұдан әрі – Тізім) тізімін келесі көрсеткіштерге сәйкес қалыптастырады:
- ғылыми орталықтар мен өзге де ұйымдар үшін көрсеткіш – Тізімді қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес халықаралық ғылыми институттардың SCImago Institutions Rankings (Саймаго) рейтингінің алғашқы 1000 (мың) позициясының қатарына енуі;
- шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін көрсеткіш – Тізімді қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік университеттерінің халықаралық QS University Rankings by Subject (Квакарелли Саймондс) рейтингінің алғашқы 100 (жүз) позициясының қатарына енуі.
Мысалы: Сәлеметсіз бе! Менің атым Алмас, мен ғылыми тағылымдамадан өткім келеді. Жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізімімен қай жерден танысуға болады және олар қандай қағидат бойынша осы Тізімге енгізіледі?
Алмас, Тізім оны қалыптастыру сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес жасақталады: шетелдік жоғары оқу орны халықаралық QS University Rankings by Subject рейтингінің алғашқы 100 позициясының қатарына, ал шетелдік ғылыми ұйым халықаралық SCImago Institutions Rankings рейтингінің алғашқы 1000 позициясының қатарына енуі тиіс.
Тізіммен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтында келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://bolashak.gov.kz/kz/ym%D1%96tkerge-ns-bojynsha/zhoo-lar-gylymi-ortalyktar-yjymdar.
«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығының 6-тармағына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000592 мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерінің жалақысы біліктілікке, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты.
Мысалы, мен ғылыми-зерттеу институтының профессоры, техника ғылымдарының докторымын. Мен ғылыми қызметкерлердің лауазымы бойынша қай классқа жатамын?
Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлері лауазымдарының сыныптаушысына сәйкес сіз 1-классқа жатасыз.
«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G24HN000592 гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында жұмыс істейтін философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессорға: философия докторы (PhD) және қауымдастырылған профессор (доцент), бейіні бойынша доктор ғылыми атағы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем қарастырылған.
Мысалы, В. есімді азамат философия докторы (PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Астана қаласындағы университеттердің бірінде гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан, бірақ ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласының университетіне доцент болып қабылданып, гранттық қаржыландыру шеңберінде сол жұмысты жалғастырған. Ол жаңа жұмыс орны бойынша қосымша ақы ала ма?
Иә, В. есімді азамат осы қосымша төлемді әрі қарай да ала береді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 522 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Ережелер) https://adilet.zan.kz.rus/docs/V2400035385, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, ұлттық және шетелдік компанияларды ғылыми-инновациялық салаға тарту, оларда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға уәждемені қалыптастыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметке байланысты қатынастарды реттеу мақсатында қағидалар әзірленді. мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі міндеттері:
1) таланттарды анықтау, тәрбиелеу, тарту және ұстап қалу және ғылыми, инженерлік және кәсіпкерлік кадрлардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) инновациялық қызметті қолдау, инновацияларды тиімді енгізу, жоғары технологиялық өндірістерді, корпоративтік инновацияларды және технологиялар трансфертін дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) стартап-инфрақұрылымды және венчурлік инвестициялау мәдениетін дамыту үшін жағдайлар жасау;
4) инновацияларға сұранысты ынталандыру;
5) мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Мысалы, мен жас ғалыммын, энергетика саласындағы зерттеулермен белсенді айналысамын. Мен мемлекеттен қолдау ала аламын ба және зерттеу барысында бірлескен жұмысты жүзеге асыра аламын ба?
Ия, сіз өзіңіздің зерттеулеріңізді жүзеге асыруға көмек ала аласыз.