Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орындары білім туралы құжаттардың тарихи деректерін «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде цифрландыру жұмыстарын жүргізуде (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657).
Қазіргі уақытта «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде (https://epvo.kz/#/verification_education_document) мемлекеттік және өзіндік үлгідегі дипломдардың түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігі бар.
Бұл ретте жұмыс беруші жаңа қызметкердің дипломын тексере алады. Ол үшін:
«Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесіне (https://epvo.kz/#/verification_education_document) кіру,
Диплом нөмірі мен сериясын, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) енгізу.
«Тексеру» батырмасын басу және дипломның түпнұсқалығына көз жеткізу қажет.
Мысал: жаңа қызметкер жоғары білім туралы диплом ұсынды делік. Жұмыс беруші:
1. «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесіне (https://epvo.kz/#/verification_education_document) кіреді.
2. Диплом нөмірі «1234567», сериясы «ЖБ-Б» және ЖСН енгізеді.
3. «Тексеру» батырмасын басады.
Егер диплом аталған жүйеде табылып, берілген деректермен сәйкес келсе, жұмыс беруші оның түпнұсқалығына сенімді бола алады. Жүйеде деректер жоқ болса, жаңа қызметкер оқыған жоғары оқу орнына ресми растау алу үшін хабарласады. Беруші оның түпнұсқалығына сенімді бола алады. Жүйеде деректер жоқ болса, жаңа қызметкер оқыған жоғары оқу орнына ресми растау алу үшін хабарласады.
«Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. Білім туралы деректерді ЖББП-ға деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тікелей енгізеді.
Баяндалғанның негізінде, цифрлық диплом туралы мәліметтерді жедел өзектендіру мақсатында Университетке тікелей өтінім беру мүмкіндігімен «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін пайдалануды ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күн.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы: Азамат Б.И.-дың Шымкент университетінен алған дипломының электронды нұсқасында оқу нысаны – сырттай, қағаз нұсқасында оқу нысаны – күндізгі. Осыған орай, азамат Б.И. дипломдағы мәліметтерді түзету үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін пайдаланып, қызмет нәтижесін 15 күннің ішінде алды.
Білім беру ұйымы жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгіне алады.
Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы:
Азамат Т.Е. Қазақстан-Ресей университеті берген жоғары білім туралы дипломын «Egov-mobile» қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде шығаруды сұраған. Алайда, қазіргі таңда, аталған білім беру ұйымы жабылғандықтан, азамат Т.Е. «Egov-mobile» қосымшасы, www.egov.kz веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметіне өтініш беру қажет. Мемлекеттік қызметті орындау мерзімі – 5 жұмыс күн.
«Egov-mobile» қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. ЖББП-дағы функционал деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) деректерін есепке алуға көзделген.
ЖББП-да шетелдік жоғары оқу орындарының есебінің болмауына байланысты дипломды цифрландыру мүмкін емес.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың ресми расталуы уәкілетті орган берген білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік болып табылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы: Азаматша А.Е. «Түрікмен политехникалық институтында» оқыған дипломын «Egov-mobile» қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде шығаруды сұраған. «Egov-mobile» қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер ЖББП ақпараттық жүйесінің деректері негізінде көрсетілетіндіктен, шетелдік білім беру ұйымдарының құжаттарын цифрландыру мүмкіндігі жоқ.
«Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. ЖББП-дағы функционал деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) тікелей енгізеді. Осыған байланысты Сіз ЖЖОКБҰ-ға (канцеляриясына) тікелей жүгіне аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657.
Мысалы, азаматша М.К. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде алған жоғары білім туралы дипломын цифрландырғысы келеді. Ол үшін М.К. eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы eOtinish функциясын пайдаланып, өзі білім алған оқу орнына өтініш жолдайды және дипломының сканерленген көшірмесін (бар болған жағдайда) қоса тіркейді немесе ЖЖОКБҰ-ға тікелей жүгінеді.
ЖЖОКБҰ 15 күннен аспайтын мерзімде диплом деректерін өзінің ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы «eGov mobile» қосымшасында дипломның цифрлық нұсқасын жаңартады.