Жиі қойылатын сұрақтар
«Болашақ» бағдарламасының «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша стипендиаттары шетелде тіл курстарынан өте алмайды, өйткені магистр дәрежесін алу үшін «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлеріне арналған тіл курстары тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана және 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы №318 бұйрығымен реттеледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011258.
Мысалы: Мен – Мадинамын, «мемлекеттік қызметші» санаты бойынша «Болашақ» стипендиясының иегерімін. Мен тілдік курстарды шетелде өте аламын ба?
Мадина, «Болашақ» халықаралық стипендиясының «мемлекеттік қызметшілер» санаты бойынша иегерлері үшін шетелде тіл курстарынан өту мүмкін емес. Сіз тіл курстарынан тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана, мерзімі бір жылдан аспайтын уақыт аралығында өте аласыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 «Шетелде оқуға жіберу, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020730) бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қарау және қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.
Мысалы: Менің атым – Диас. Мен 26 қаңтар күні University College London университетіне «Құқық» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына «Болашақ» халықаралық стипендиясы конкурсына қатысу үшін құжаттарымды тапсырдым. Құжаттар қанша уақытта қаралады және жауапты қашан күтуге болады?
Диас, «Болашақ» стипендиясы бойынша құжаттарды қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды, яғни сіз жауапты 27 қаңтар күні жұмыс күні ішінде аласыз.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауда үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР ҮҚ) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен реттеледі. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573)
Үшінші турда Республикалық комиссия бірінші және екінші турдың нәтижелерін қарастырып, «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткерге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында ақпарат орналастыру арқылы хабар етіледі. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделіп, оған қатысқан барлық Комиссия мүшелері қол қояды.
Осыған орай қолданыстағы ҚР ҮҚ заңнамасында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылмаған.
Сонымен қатар Ережеге сәйкес үміткер келесі конкурстың конкурстық іріктеуіне қатысуға құқылы.
Мысалы: Менің атым – Ардақ. Мен конкурсқа қатысып, University of Reading (Ұлыбритания) университетіне докторантура бағдарламасы бойынша құжат тапсырдым, алайда маған «Болашақ» стипендиясы тағайындалмады. Менің конкурс нәтижелерім қайта қаралуы мүмкін бе?
Ардақ, үшінші турда комиссия алғашқы екі турдың нәтижелерін қарап, соңғы шешім қабылдайды: «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе бас тарту. Бұл шешім хаттамамен рәсімделіп, комиссия мүшелері қол қояды. Бұл шешімді қайта қарауға болмайды.
Тұру, тамақтану және оқу әдебиеттерін сатып алу үшін ай сайынғы стипендияны төлеу алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі. Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алу шығыстарының сомаларын есептеу бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан және тағылымдамадан өту кезеңінде ай сайын жүргізіледі.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығымен реттеледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613.
Мысалы: Мен, Темірлан, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты ретінде оқуым 2 қыркүйекте басталады, ал оқуға 22 тамыз күні ұшамын. Стипендияны қашан аламын?
Темірлан, ай сайынғы стипендия алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейінгі аралықта төленеді. Сіздің жағдайыңызда алғашқы стипендия 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында төленеді. Сонымен қатар академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарына арналған шығындар жылына екі рет төленеді, ал тілдік курстар мен тағылымдамалар кезеңінде ай сайын төленеді.
Оқу еліне келгеннен кейін Стипендиат төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
1) Оқу басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде АО «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (бұдан әрі – Орталық) ұйымына бекіту үшін оқу жоспарын ұсынуы тиіс, онда оқу орны белгілеген міндетті практика және/немесе тағылымдама көрсетілуі қажет;
2) Оқу басталғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Стипендиат Орталыққа оқу орны әкімшілігіне Орталыққа Стипендиат туралы құпия ақпаратты (үлгерімі туралы мәліметтер, академиялық мәртебесі, оқу мерзімі) беруге құқық беретін қол қойылған рұқсатты тапсыруы тиіс.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығымен реттеледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613
Мысалы: Мен, Ақерке, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын, Австралияға оқуға бара жатырмын және оқу еліне келгеннен кейін АО «Халықаралық бағдарламалар орталығына» қандай құжаттарды ұсыну қажет екенін білгім келеді?
Ақерке, Сіз оқу басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде оқу жоспарын, сондай-ақ 15 күнтізбелік күн ішінде оқу орнына Сіздің үлгеріміңіз, академиялық мәртебеңіз және өзге де ақпарат туралы мәліметтерді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на беруге құқық беретін қол қойылған рұқсатты ұсынуыңыз қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 ««Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008880), егер Стипендиаттың және оның отбасы мүшелерінің (ата-анасының, жұбайының/жұбайының, балаларының) меншігінде ауыртпалық салынбаған жылжымайтын мүлік (яғни кепілде, тыйым салынған немесе ипотекада тұрмаған жылжымайтын мүлік) болмаған жағдайда, оқу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін Стипендиат Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жасы 50 (елу) жасқа дейінгі және соңғы 12 (он екі) күнтізбелік ай ішінде тұрақты табысы бар 5 (бес) кепілгерді ұсынуы тиіс. «Болашақ» бағдарламасы алдында міндеттемелері бар Стипендиат кепілгер бола алмайды.
Мысалы:
Менің атым Арман, мен «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын. Менің және отбасы мүшелерімнің меншігінде жылжымайтын мүлік болмаса, бірақ мен 5 кепілгер ұсына алатынымды білсем, олар міндетті түрде менің туыстарым болуы керек пе?
Жоқ, міндетті емес. Кепілгер ретінде соңғы бір жыл ішінде тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы бола алады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес (бұдан әрі – БТ) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары оқытушылардың (бұан әрі – ЖЖОКБҰ) біліктілігін арттыруды кемінде әр 3 жылда бір рет, оқу курсының көлемі кемінде 72 сағат және оқытылатын пәндер профиліне сәйкес ұйымдастыруға міндетті.
ЖЖОКБҰ басшыларының және оның орынбасарларының менеджмент саласында үш жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыру қажет. Кадрлар даярлаудың бөлек бағыттары бойынша арнайы талаптар көзделген. «Сәулет және құрылыс» бағыты бойынша біліктілікті арттыру оқытылатын пәндер бейіні бойынша ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау және өндірістік ұйымдарда жүзеге асырылуы тиіс. «Өнер» бағыты бойынша біліктілікті арттыру оқытылатын пәндер бейіні бойынша мәдениет және өнер саласындағы оқу, шығармашылық, ғылыми-зерттеу және басқа ұйымдарда жүзеге асырылуы тиіс. «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша біліктілікті арттыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021847 сәйкес жүргізіледі.
Біліктілікті арттыру курсын өткенін растайтын құжаттар ретінде сертификат және тыңдаушының есебі болып табылады. Сертификатта келесі реквизиттер болуы тиіс: курс атауы және профилі; оқыған сағаттардың көлемі; курс өткен кезең (басталу және аяқталу күндері); ұйымдастырушы ұйымның қолтаңбасы және мөрі (керек болған жағдайда); сертификат нөмірі немесе басқа да идентификациялық деректер.
Мысалы, университеттің Б. есімді оқытушысы өз пәні бойынша біліктілігін арттыру курсын өтті. Алайда курстың көлемі 12 сағат болып, 72 сағаттан кем болды, бұл жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын БТ сәйкес келмейді.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 24-тармағына сәйкес тағылымдамадан өткен түлектер «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған мамандығы бойынша кемінде 3 жыл міндетті түрде еңбек өтеуге тиіс:
– оларды тағылымдамаға жіберген ұйымда (жұмыс берушінің өтінімі бойынша);
– немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осы жұмыс берушінің филиалдарында/өкілдіктерінде;
– немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа ұйымдарда, бірақ тек жұмыс берушінің келісімі болған жағдайда.
Мысалы: Мен «Болашақ» бағдарламасы аясында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ-ның ұсынған өтінім бойынша тағылымдамадан өттім. Еңбек өтеуін міндетті түрде осы ұйымның базасында жүзеге асыруым қажет пе, әлде басқа ұйымға ауысып еңбек өтеуіне рұқсат етіле ме?
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ-ның келісімі болған жағдайда, Сіз «Болашақ» бағдарламасы аясында алған мамандығыңыз бойынша Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де ұйымдарда кемінде үш жыл мерзімге еңбек өтеуді жүзеге асыра аласыз.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500037347) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі неғұрлым талап етілетін кадрлар мен мамандықтарды айқындау бойынша талдау жүргізеді. Өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, білікті кадрларға қажеттіліктің болжамды есептеулері қалыптастырылады, сондай-ақ салалар, өңірлер және даярлау бағыттары бөлінісінде еңбек ресурстарына сұраныстың жай-күйін бағалау жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларының негізгі көрсеткіштері, экономика салаларының даму тенденциялары, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұсынған қажеттіліктер ескеріледі.
Білім беру гранттарын бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен Республикалық комиссия құрылады. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді.
Бұл ретте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру гранттарының саны жоғарыда көрсетілген қажеттіліктер негізінде бекітіледі.
А. есімді азаматтан сұрақ түсті: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты бөлу туралы нақты кім шешім қабылдайды?
Жауап: шешімді құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және қоғамдық кеңестердің мүшелері кіретін Республикалық комиссия қабылдайды.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім алушылардың медициналық қызметпен қамтамасыз етілгендігін растайтын келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсыну талап етіледі:
1) Медициналық қызметтпен қамтылғаны бар екендігі туралы мәліметтер
ЖЖОКБҰ білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы мәліметтерді ұсынады, соның ішінде:
- оқу корпусында (немесе оқу корпустарында) жабдықталған медициналық пункттің болуы;
- білім алушыларға қызмет көрсететін медициналық ұйымның және оның медициналық қызмет көрсету лицензиясының бар болуы қажет;
Мәліметтер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892 2-қосымшасындағы (бұдан әрі – БТ) нысанға ұсынылады.
ЖЖОКБҰ білім алушыларды медициналық қызметпен қамтамасыз етілгендігін растайтын құжаттың көшірмелерін ұсынады. Құжат ретінде келесі құжаттар болуы мүмкін:
- денсаулық сақтау ұйымының білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету туралы жасалған келісімшарт (келісім);
- медициналық қызметпен қамтамасыз етілгенін растайтын басқа да құжат (бар болған жағдайда).
Құжатта медициналық ұйымның атауы және реквизиттері, келісімшарттың (немесе құжаттың) мерзімі келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс, білім алушыларға көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен тізімі, медициналық қызметті ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері.
2) Медициналық пунктерді ұйымдастыру бойынша рұқсат етілген нұсқалары.
Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуы рұқсат етіледі. Бұл талап «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ қолданылмайды.
Мысал, «А» атты ЖЖОКБҰ-да басқа қалалардан келіп оқитын білім алушылар көп. Оқу орнының басшылығы оқу ғимаратының аумағында тағы бір оқу ғимаратын салуды шешті. Алайда жаңа ғимарат негізгі корпусқа қосылмаған және онда медициналық пункт болмады. Осыған байланысты басшылық медициналық қызметті ұйымдастыру және медициналық пункт ашу үшін қажетті барлық құжаттар мен медициналық жабдықтарды дайындап, медициналық қызметке лицензия алуға өтініш берді. Сонымен қатар санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етті.