Жиі қойылатын сұрақтар
Қысқа жауап:
Тауар биржаларында саудалатын тауарлар — бұл биржалық тауарлар тізіміне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізіміне енгізілген тауарлар.
Толық жауап:
Тауар биржасы - бұл әр түрлi тауарлармен (мысалы, ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен, мұнаймен, металдармен және т.б.) сауда-саттық жүзеге асырылатын ұйымдасқан рынок. Тауар биржасында тауарларды, олардың туынды өнiмдерiн және келiсiм-шарттарды сатып алу-сату мәмiлелерi жасалады. Биржа сауда стандарттарын, мәмілелердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ нарыққа қатысушылар үшін тұғырнама ұсынады. Тауар биржалары нарықтық бағаларды белгілеуде, тәуекелдерді басқаруда (фьючерстік келісімшарттар арқылы) және тауар нарықтарында өтімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Мысалы,тауар биржасында бидай, қант, көмір және мұнай өнімдері сияқты әртүрлі өндірушілерде сипаттамалары бірдей стандартталған тауарлардың ірі партиялары сатылады. Сондай-ақ, биржа фермерлер мен басқа да кәсіпкерлер арнайы келісімшарттар арқылы өздерінің болашақ өніміне немесе шикізатына тиімді бағаны алдын ала белгілей алатын сенімді алаң ретінде қызмет етеді.
1) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV Заңы
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидалары
Қысқа жауап:
Егер биржалық сауда қатысушыларының құқықтары бұзылса, тауар биржалары туралы заңнаманың сақталуын бақылап отырған Антимонополия органына жүгіну керек.
Толық жауап:
Тауар биржалары туралы заңның сақталуын мемлекет тарапынан бақылауды Монополияға қарсы орган жүзеге асырады.
Егер заң бұзушылықтар бойынша шағымдар болса, жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін. Мұндай тексеру азаматтар немесе ұйымдардың өтініші негізінде, нақты дәлелдер мен негіздер болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Сондықтан, егер сізде заң бұзушылықтарды растайтын дәлелдер болса, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүгінуге болады.
Мысалы, егер биржалық саудаға қатысушы заң бұзушылыққа тап болса, ол тексеру жүргізу үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ресми шағым түсіруге құқылы. Сондай-ақ, ведомство биржаның немесе оның қатысушыларының қызметіне жоспардан тыс инспекция бастауы үшін бұзушылықтардың бұлтартпас дәлелдерін ұсыну маңызды.
1) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV Заңы
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидалары
Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет.
Түріне қарай жәрмеңкелер жіктеледі:
- ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері;
- маусымдық жәрмеңкелер;
- мерекелік жәрмеңкелер;
- тақырыптық жәрмеңкелер;
Жәрмеңкеде сатуға ұсынылатын өнімдердің ассортименті Азық-түлік тауарларынан тұрады, бұл ретте жәрмеңкені ұйымдастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өнімі бар қатысушыларға басым орындар беріледі.
Жәрмеңкелерді өткізу кезеңі:
- ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері: аудандарда – бір жыл ішінде кемінде екі аптада бір рет; республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда – бір жыл ішінде аптасына кемінде бір рет; елордада – Қазақстан Республикасы өңірлерінің қатысуымен жыл сайын маусымнан қараша айларына дейінгі аралықта.
- маусымдық жәрмеңкелер – ауылдық округтерде, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі айының алдындағы айдың демалыс күндері (кемінде үш демалыс күні).
- мерекелік жәрмеңкелер – жәрмеңкелерді өткізудің басталуы мемлекеттік мереке басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
- тақырыптық жәрмеңкелер – ішкі сауда субъектілері өтінімдерінің түсуіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет.
Сауда қызметін реттеу туралы Заң ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032474
Қазақстанда сауда желілерде және базарларда қазақстандық өндірушілердің азық-түлік өнімдерін кемінде 30% мөлшерде сөрелерде орналастыру міндеті қойылған. Бұл жергілікті өндірушілерді қолдауға және олардың өнімдерін сатып алушыларға қолжетімді етуге көмектеседі.
Егер сауда желілер және базарлар мемлекеттен қолдау алса, онда отандық азық-түлік тауарларын сөрелерде 50% - ға дейін (бұл 30% — жалпы сауда ережелері бойынша, ал тағы 20% — мемлекеттік қолдау аясында) және азық-түлік емес тауарларын кемінде 20% орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен қатар, Қазақстанда жасалған өнімдер арнайы «Қазахстанда жасалған» деген жазу немесе тақтайшамен белгіленуі керек. Бұл сатып алушыларға жергілікті өнімдерді оңай ажыратуға көмектеседі. Мұндай өнімдер көбіне көрнекті жерлерде, мысалы, көз деңгейінде орналасады және көп сұранысқа ие өнімдермен бірге қойылады.
Бұл шаралар отандық өндірісті қолдауға және қазақстандық өнімдерді сатып алушылар үшін көрнекі етуге көмектеседі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034543
Қазақстанда сауда желілерде және базарларда қазақстандық өндірушілердің азық-түлік өнімдерін кемінде 30% мөлшерде сөрелерде орналастыру міндеті қойылған. Бұл жергілікті өндірушілерді қолдауға және олардың өнімдерін сатып алушыларға қолжетімді етуге көмектеседі.
Егер сауда желілер және базарлар мемлекеттен қолдау алса, онда отандық азық-түлік тауарларын сөрелерде 50% - ға дейін (бұл 30% — жалпы сауда ережелері бойынша, ал тағы 20% — мемлекеттік қолдау аясында) және азық-түлік емес тауарларын кемінде 20% орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен қатар, Қазақстанда жасалған өнімдер арнайы «Қазахстанда жасалған» деген жазу немесе тақтайшамен белгіленуі керек. Бұл сатып алушыларға жергілікті өнімдерді оңай ажыратуға көмектеседі. Мұндай өнімдер көбіне көрнекті жерлерде, мысалы, көз деңгейінде орналасады және көп сұранысқа ие өнімдермен бірге қойылады.
Бұл шаралар отандық өндірісті қолдауға және қазақстандық өнімдерді сатып алушылар үшін көрнекі етуге көмектеседі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034543
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Қайда жүгінуге болады?
- Жылу, су, газ, қоқыс шығару, абаттандыру мәселелері бойынша – қалалық/аудандық әкімдікке немесе Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына.
- Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ) жұмысына қатысты шағымдар – жергілікті әкімдікке немесе тұрғын үй инспекциясына.
- Домофон және басқа байланыс қызметтері бойынша – Байланыс және телекоммуникациялар комитетіне немесе қызмет көрсетуші компанияға ресми шағыммен.
Егер мәселе шешілмесе, сотқа немесе прокуратураға шағымдануға болады.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы
Сатушыға (дайындаушы, орындаушы) қойылатын талап (наразылық хат/претензия) еркін нысанда жасалуы мүмкін. Бұл ретте тұтынушының шағымында келесі деректемелерді көрсету қажет:
- Жеке тұлғаның аты-жөні, ЖСН, пошталық мекенжайы;
- Тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, БСН (бар болса);
- тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары.
Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылығы қолма-қол табыс етіледі не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекенжайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, жіберіледі.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс.
Негіздеме: тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы«Қазақстан Республикасы Заңының 42-4-бабы».
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы
Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп ойласаңыз, бұл туралы тиісті органдарға мүмкіндігінше тезірек хабарлау қажет. Қазақстанда бірнеше ұйым осындай мәселелермен айналысады:
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
Бұл — тұтынушылардың шағымдарын қарайтын, тексерулер жүргізетін және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға уәкілетті негізгі мемлекеттік орган. Шағымды eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жазбаша түрде жолдауға болады.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері (СЭС).
Егер өнім денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болса (мысалы, мерзімі өткен азық-түлік, зиянды заттар бар тауарлар, дәмханалар мен салондарда санитарлық нормалардың бұзылуы), СЭС-ке жүгіну қажет. Олар санитарлық-гигиеналық сараптама жүргізуге және заң бұзушылардың қызметін тоқтатуға құқылы.
3. Онлайн шағым жолдау платформалары.
• eGov.kz — ресми электрондық үкімет порталы.
• E-Otinish — азаматтардың өтініштерін электронды түрде қабылдайтын жүйе.
Маңызды: Шағым жасағанда барлық дәлелдерді жинап алыңыз — түбіртектер, фотосуреттер, бейнежазбалар, сарапшылардың қорытындылары (бар болса). Бұл сіздің өтінішіңіздің қаралуын жеделдетеді.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы
Сіз тауарды екі жағдайда қайтарып немесе ауыстырып ала аласыз:
1. Егер тауар ақаулы (сапасыз) болса:
Мұндай тауарды өндіруші немесе сатушы белгілеген кепілдік мерзімі ішінде қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Егер кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда сатып алынған күннен бастап 2 жыл ішінде қайтаруға рұқсат етіледі. Қайтарылатын тауарда өндірістік ақау, бүліну немесе сипаттамаларға сай келмеу сияқты кемшіліктер болуы керек. Қайтару кезінде түбіртек немесе сатып алғаныңызды растайтын басқа құжат қажет.
2. Егер тауар сапалы, бірақ сізге сай келмесе:
Мұндай тауарды 14 күн ішінде, сатып алған күн есепке алынбай, қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Бұл жағдайда тауар пайдаланылмаған болуы керек, сыртқы түрі, қаптамасы, жапсырмалары мен пломбалары толық сақталған болуы тиіс. Сондай-ақ сатып алынғанын растайтын құжат (түбіртек) қажет. Мысалы, тауар түсі, өлшемі немесе үлгісі бойынша сай келмесе, оны қайтаруға болады.
Маңызды: Қайтару немесе ауыстыру сатып алынған дүкенде жүзеге асырылады. Әр сатушының тауар қайтару шарттарымен алдын ала танысып алған жөн.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы, таураларды кері қайтару мерзімі, таураларды алмастыру мерзімі, сапасыз тауар
Егер сатып алынған өнім сапасыз болса, сіз келесі құқтарыңыз бар:
- Бағаны төмендетуді талап етуге.
- Тауарды қайтарып, ақшаны қайтарып алуға.
- Тауарды ұқсас өнімге ауыстыруға.
- Кемшіліктерді тегін жоюға.
- Кемшіліктерді түзетуге кеткен шығындарды өтеуді талап етуге.
(Негіз: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы« ҚР Заңының 7 және 15-баптары).
Азық-түлік сапасына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауапты. Ол санитарлық нормалардың сақталуын бақылап, сатушыларға әкімшілік шара қолдана алады.
Егер сіз сапасыз өнімге шағымданғыңыз келсе, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінуіңіз қажет. Бұл орган сатушыларға бұзушылықтар үшін айыппұл сала алады (негіз: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы« Кодексінің 203, 425 және 701-баптары).
(1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы« ҚР Заңы. 2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі)
Сапасыз азық-түлік тағамдары бойынша шара қолдану, сапасыз азық-түлік тағамдары, сапасыз тауар