Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Ашық диалог
Мұнда Сіз мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдап, ресми жауапты ала аласыз.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Қайда жүгінуге болады?
- Жылу, су, газ, қоқыс шығару, абаттандыру мәселелері бойынша – қалалық/аудандық әкімдікке немесе Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына.
- Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ) жұмысына қатысты шағымдар – жергілікті әкімдікке немесе тұрғын үй инспекциясына.
- Домофон және басқа байланыс қызметтері бойынша – Байланыс және телекоммуникациялар комитетіне немесе қызмет көрсетуші компанияға ресми шағыммен.
Егер мәселе шешілмесе, сотқа немесе прокуратураға шағымдануға болады.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы
Сатушыға (дайындаушы, орындаушы) қойылатын талап (наразылық хат/претензия) еркін нысанда жасалуы мүмкін. Бұл ретте тұтынушының шағымында келесі деректемелерді көрсету қажет:
- Жеке тұлғаның аты-жөні, ЖСН, пошталық мекенжайы;
- Тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, БСН (бар болса);
- тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары.
Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылығы қолма-қол табыс етіледі не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекенжайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, жіберіледі.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс.
Негіздеме: тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы«Қазақстан Республикасы Заңының 42-4-бабы».
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы
Сіз тауарды екі жағдайда қайтарып немесе ауыстырып ала аласыз:
1. Егер тауар ақаулы (сапасыз) болса:
Мұндай тауарды өндіруші немесе сатушы белгілеген кепілдік мерзімі ішінде қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Егер кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда сатып алынған күннен бастап 2 жыл ішінде қайтаруға рұқсат етіледі. Қайтарылатын тауарда өндірістік ақау, бүліну немесе сипаттамаларға сай келмеу сияқты кемшіліктер болуы керек. Қайтару кезінде түбіртек немесе сатып алғаныңызды растайтын басқа құжат қажет.
2. Егер тауар сапалы, бірақ сізге сай келмесе:
Мұндай тауарды 14 күн ішінде, сатып алған күн есепке алынбай, қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Бұл жағдайда тауар пайдаланылмаған болуы керек, сыртқы түрі, қаптамасы, жапсырмалары мен пломбалары толық сақталған болуы тиіс. Сондай-ақ сатып алынғанын растайтын құжат (түбіртек) қажет. Мысалы, тауар түсі, өлшемі немесе үлгісі бойынша сай келмесе, оны қайтаруға болады.
Маңызды: Қайтару немесе ауыстыру сатып алынған дүкенде жүзеге асырылады. Әр сатушының тауар қайтару шарттарымен алдын ала танысып алған жөн.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы, таураларды кері қайтару мерзімі, таураларды алмастыру мерзімі, сапасыз тауар
Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп ойласаңыз, бұл туралы тиісті органдарға мүмкіндігінше тезірек хабарлау қажет. Қазақстанда бірнеше ұйым осындай мәселелермен айналысады:
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.
Бұл — тұтынушылардың шағымдарын қарайтын, тексерулер жүргізетін және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға уәкілетті негізгі мемлекеттік орган. Шағымды eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жазбаша түрде жолдауға болады.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері (СЭС).
Егер өнім денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болса (мысалы, мерзімі өткен азық-түлік, зиянды заттар бар тауарлар, дәмханалар мен салондарда санитарлық нормалардың бұзылуы), СЭС-ке жүгіну қажет. Олар санитарлық-гигиеналық сараптама жүргізуге және заң бұзушылардың қызметін тоқтатуға құқылы.
3. Онлайн шағым жолдау платформалары.
• eGov.kz — ресми электрондық үкімет порталы.
• E-Otinish — азаматтардың өтініштерін электронды түрде қабылдайтын жүйе.
Маңызды: Шағым жасағанда барлық дәлелдерді жинап алыңыз — түбіртектер, фотосуреттер, бейнежазбалар, сарапшылардың қорытындылары (бар болса). Бұл сіздің өтінішіңіздің қаралуын жеделдетеді.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы
Егер сатып алынған өнім сапасыз болса, сіз келесі құқтарыңыз бар:
- Бағаны төмендетуді талап етуге.
- Тауарды қайтарып, ақшаны қайтарып алуға.
- Тауарды ұқсас өнімге ауыстыруға.
- Кемшіліктерді тегін жоюға.
- Кемшіліктерді түзетуге кеткен шығындарды өтеуді талап етуге.
(Негіз: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы« ҚР Заңының 7 және 15-баптары).
Азық-түлік сапасына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауапты. Ол санитарлық нормалардың сақталуын бақылап, сатушыларға әкімшілік шара қолдана алады.
Егер сіз сапасыз өнімге шағымданғыңыз келсе, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінуіңіз қажет. Бұл орган сатушыларға бұзушылықтар үшін айыппұл сала алады (негіз: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы« Кодексінің 203, 425 және 701-баптары).
(1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы« ҚР Заңы. 2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі)
Сапасыз азық-түлік тағамдары бойынша шара қолдану, сапасыз азық-түлік тағамдары, сапасыз тауар