Құрылым
Төрағаның хатшылығы (Департамент)
Департамент Агенттік Төрағасының қызметін ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады
Директор:
Рақымжанов Бақытжан ҚадырұлыЭлектрондық пошта:
b.rakymzhanov@kyzmet.gov.kzБюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті
Департаменттің негізгі мақсаттары - мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделеу арқылы мониторинг пен талдау жүргізу, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша ұсынымдардың орындалуына бағытталған пост-бақылау шараларын жүзеге асыру.
Директор:
Мұраталиев Асхат АсқарұлыТелефон:
8 (7172) 75-31-05Электрондық пошта:
a.murataliev@kyzmet.gov.kzЦифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаменті
Департаменттің негізгі мақсаты-жобаларды әзірлеу және іске асыру кезінде Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерін әдіснамалық сүйемелдеу және үйлестіру, агенттіктің бизнес-процестерінің реинжинирингі, мемлекеттік қызмет саласында цифрлық технологияларды қолдану, сондай ақ мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорды (ақпараттық жүйені) сүйемелдеу және дамыту.
Директор:
Бабашев Жансерік ӨміржанұлыТелефон:
8 (7172) 75-34-36Электрондық пошта:
z.babashev@kyzmet.gov.kzМемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаменті
Департамент мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша шараларды әзірлеу және іске асыруды, мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай саясатты қалыптастыруды, сондай ақ мемлекеттік қызметтегі таланттарды басқаруды жүзеге.
Жұртшылықпен байланыс департаменті
Агенттік туралы және оның аумақтық құрылымдары туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам субъектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды жүргізеді
Директор:
Құламан Бибігүл БөкенбайқызыТелефон:
8 (7172) 75-30-99Электрондық пошта:
b.kylaman@kyzmet.gov.kzПерсоналды басқару департаменті
Департамент қызметінің негізгі мақсаттары - агенттіктің персоналды басқарудың біртұтас жүйесін қалыптастыру, персоналды басқарудың біртұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету,кадрларды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті қалыптастыру, сондай ақ агенттік ұжымында корпоративтік мәдениетті және қолайлы моральдық-психологиялық қолайлы ахуалды қалыптастыру.
Директор:
Бахриразиев Рамиль ХамитұлыТелефон:
8(7172) 75-30-11Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті
Департамент мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізуді, мемлекеттік органдарда мотивация, бағалау және персоналды дамытуды үйлестіру және мониторинг жүргізуді, мемлекеттік қызметтің кадр құрамы жай-күйіне мониторинг және талдау жүргізуді, сондай ақ мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай саясатты қалыптастыруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті
Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау мен мониторинг негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзірлейді.
Әкімшілік-құқықтық департаменті
Департаменттің негізгі міндеті Агенттіктің қызметін қаржылық қамтамасыз ету, тапсырмалардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылау, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, іс жүргізуді, мұрағат жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ Агенттікте мемлекеттік тілді дамыту болып табылады.
Директор:
Тлеужанова Гүлжанат КеңесбекқызыНормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті
Департамент Агенттіктің стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады және мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибе негізінде оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті
Департаменттің басты міндеті – мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін бақылау
Директор:
Арыстанбеков Ниет ҚайратұлыТелефон:
8 (7172) 75-30-36Электрондық пошта:
ni.arystanbekov@kyzmet.gov.kz