«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ 8D07203 «Металлургия» оқу бағдарламасы бойынша Алина Арайлым Алтынбековна «Жіңішке қабырғалы болат құймаларды суыққа беріктендіретін қалыптарға құю арқылы дайындаудың ресурстық үнемдеу технологиясын жасау және зерттеу» тақырыбында (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын қорғайды.