Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Исламтану/Дінтану бойынша диссертациялық кеңес келесі ақпараттарды хабарлайды: 6D021500 – «Исламтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының «Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржы институттарының қалыптасуы және қызметтерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Исламтану/Дінтану бойынша диссертациялық кеңес келесі ақпараттарды хабарлайды:

6D021500 – «Исламтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының «Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржы институттарының қалыптасуы және қызметтерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Исламтану кафедрасында орындалған.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

 

Ресми рецензенттер:

  1. Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент). ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің деканы;
  2. Бертаева Күләш Жазықбайқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті Қаржы кафедрасының меңгерушісі.

 

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Құрманбаев Қайрат – исламтану мамандығы бойынша PhD докторы. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры;
  2. Мунзир Қахф – экономика мамандығы бойынша PhD, профессор. Стамбул Сабахаттин Заим университеті Ислам экономикасы және қаржысы кафедрасының профессоры (Стамбул, Түркия).

 Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Исламтану/Дінтану бойынша диссертациялық кеңеске ҚР ҒЖБМ бекіткен Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің 5-ші тармағына сәйкес, Университет ректорының бұйрығымен, диссертациялық кеңестің негізгі құрамына қосымша, докторлық диссертация тақырыбына байланысты келесі уақытша мүшелер тағайындалды:

  1. Байтенова Нағима Жаулыбайқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры;
  2. Сагиева Римма Қалымбекқызы – экономика ғылымдарының докторы, доцент. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қаржы және есеп кафедрасының доценті;
  3. Оналтаев Дархан Оналтайұлы – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қаржы және есеп кафедрасының профессоры;
  4. Заманбеков Дархан Шуахбайұлы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент). SDU University Graduate Business school директоры;
  5. Қуанова Лаура Айболқызы – «Қаржы» мамандығы бойынша PhD докторы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің декан орынбасары;
  6. Нагимова Альмира Загировна – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Уфа ғылым және технология университетінің доценті (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей Федерациясы).

 

Қорғау 2023 жылы 23 желтоқсан, сағат 10.00-де Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Исламтану/Дінтану бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, әл-Фараби даңғ., 73, Конференция залы 104.

Дата публикации
04 декабря 2023