С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 8D06102 – «Ақпараттық технологиялар және робототехника» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Рыспаева Марья Куанышевнаның «Терең үйірткілі нейрондық желілерді қолдана отырып, сүт безінің қатерлі ісігін анықтауға арналған жасанды интеллект» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өтеді.