2026 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

"2026 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 239 бұйрығы 

 

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының
8-тармағын, 55-1-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 43 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ережесінің 15-тармағының 6-тармақшасы және 19-тармағының
4-тармақшасының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2026 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын жоғары және (немесе)

жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. Мемлекеттік аттестаттауға жататын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарының бекітілген тізбесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ресми интернет ресурсына орналастырылсын.
  2. Мемлекеттік аттестаттау рәсімінің «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабына және «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығының талаптарына сәйкес өтуі қамтамасыз етілсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Ғ. Есенбаевке жүктелсін.

Негізі: «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығы.

 

 

         Төраға                                                                                      А. Тойбаев

Дата публикации
13 апреля 2026