Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама (2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)

2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де 8 сайлау округінде (1 округтен – Екібастұз, Ақсу қалаларында, Баянауыл, Успен Тереңкөл аудандарында, 3 округ -Ақтоғай ауданында)  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы 25 кандидат ұсынылды, оның 8 - і (32%) - саяси партиялармен ұсынылды, 17-сі (68%) - өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік 3,1 адамды құрайды.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде 19 (76%) ер адам және 6 (24%) әйел адам бар.

Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері - 8 (32%) кандидат, 5 (20%) – партиясыз, 12 (48%)– өздерінің партиялық тиесілігін көрсетпеді.

Орташа жасы – 41 жас.

17 үміткердің (68%) жоғары білімі, 6 (24%) – арнайы орта, 2 (8%) - орта білімі бар.

Қызмет саласы бойынша: 1 – мемлекеттік қызметші, 8 - бюджеттік саланың қызметкерлері, 15 – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 1 – уақытша жұмыс істемейтін.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша округтік комиссиялар 6 кандидатты тіркеді.

Тіркеу 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кіріседі, ол 2025 жылғы 25 қазанда сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

 

Павлодар облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына

кандидаттарды  ұсыну қорытындылары туралы жарияланымдарға сілтемелер

(2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)

 

р/с №

Қала/аудан атауы

Сілтеме

1

Екібастұз қаласы

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz/documents/details/901240?lang=kk

2

Ақсу қаласы

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-aksu/documents/details/901241

3

Ақтоғай ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-aktogay/documents/details/901216?lang=kk

4

Баянауыл ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/documents/details/901229

5

Тереңкөл ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-terenkol/documents/details/901217?lang=kk

6

Успен ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/documents/details/901220

 

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 сентября 2025
Дата обновления
26 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Электронды БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Бaспа БАҚ
Ақпарат
17 октября 2026
Интернет БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы