2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де Ақсу қалалық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 – саяси партиясымен, 2 - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 2 – ер адам және 1 – әйел адам.
1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 2 - партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.
Орташа жас – 49 жасты құрайды.
2 кандидаттың жоғары білімі, 1– орта арнайы білімі бар.
Кандидаттардың 2 - бюджеттік салада, 1 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Тіркеу 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.
Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясы