Тереңкөл аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу барысы туралы хабарлама (2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)

Тереңкөл аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі  бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу барысы туралы хабарлама

(2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)

 

2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де Тереңкөл аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі  бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы  3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 – саяси партиясымен, 2 - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Орташа бәсекелестік  3 адамды құрайды.

 Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 – ер адам.

1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партиясының мүшесі болып табылады, 2 – партиялық емес.

Орташа жас – 36 жасты құрайды.

3 кандидаттың  жоғары білімі бар, барлығы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, ол 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

 

Тереңкөл аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
25 сентября 2025